Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3141 0 пікір 10 Шілде, 2013 сағат 21:02

Камал Әбдірахман. Өзбек ғалымын не түлен түртті?

Өзбектің жерімізге таласа бастағанына таң қалдым. Керісінше, кеңес кезінде өзбекке өтіп кеткен жерді қайтаруды біз талап етсек керек еді ғой. Ендеше, мұны қалай түсінуге болады? Тарихқа жүгінсек мұндай оқиғалар болып тұрған екен. Бірі арғы бабаларымыздың басынан өтіпті.

Т. Жұртбайдың «Дулыға» атты қос томдық әпсанасында Мөде құттың басындағы мынадай жағдай баяндалады. Кеудесіне нан пісіп, Мөдені менсінбеген ойқырдың бегі елші жіберіп, Хұн көсемінің сәйгүлігін сұратады. Бұл таба еді. Билер өре тұрса да Мөде шыдайды - береді. Дәніккен бек қатынын сұрайды. Бұл масқара еді. Билер мен батырлар қылышқа жармасса да Мөде шыдайды - береді. Көп ұзамай әлгі елші тағы келеді.

- Сіздер биыл Саржайлауға қоныстанғалы жатыр екенсіздер. Біздің бегіміз: «Онда бармай-ақ қойсын. Мен жаз жайлап, хұн ханшасының тойын сонда жасаймын. Көшін кері әкетсін.» деді -, дейді.

Мөденің күткені осы еді. Бірақ билер оны түсінбей:

 - Е, бір жазға ештеңесі кетпес. Шөптің тамыры кесілмейді. Жесе, сабағын жейді. Берейік,- дейді жарыса.

Сонда Мөде түтігіп:

- Алдыңғы екі жолы қорлансам да көндім. Бұл мені басынғаны еді. Ал жерімді сұрағаны - халқымды қорлағаны. Жер менікі емес - елдікі. Елімді қорлатпаймын! Соғысамын! Тұрысатын жерін айтсын! - деп атқа қонып, ойқырларды тас- талқан етіпті.

Қайран бабалар-ай! Мөде жер тұтастай халқынікі екенін, сол кезде қытай қорғанынан Каспиге дейін созылып жатқан даладан өзіне - Хұн көсеміне тиесілісі ені екі, ұзыны үш құлаш көрі ғана екенін бізге тәлім етіп қалдырыпты. Жерге көз алартқанды аямапты. Біз не істеп отырмыз? Өзбек ғалымы (http://fundamental-economic.uz/) өздігінен мұндай мақала жаза алмайды. Демек, біреулердің емеуірінімен тамырымызды басып көрмек пе?

Жерге таласқан мемлекет өзінінің күшіне сенімді болуы керек. Немесе халықаралық қауымдастыққа сүйенуі қажет. Әдетте бұл қауымдастық құр сөзден артылмайды. Ендеше, өзбектікі не жорық? Осыны талдап көрейік.

Өзбек бізден екі есе көп. Адами ресурсы артық, аса шыдамды халық. Бұл бір. АҚШ Ауғанстаннан шығатын қару-жарағын өзбектерге тастап кететін көрінеді. Демек, көршіміз күрт күшейеді. Ол біздің Израйльден сатып алып, бір атқанда шашылып қалған от қаруымыз емес. Әбден сынақтан өткен, таңдаулы ұшақтар, танкілер, зеңбіректер, зымырандар. Бұл - екі. Үшінші - қаруды қолдануды үйретеді деген сылтаумен әскерилер қалады. Ал олар ауғанстанда неше жыл соғысқан, бүгінгі күнгі соғыс тактикасын аса жетік меңгерген жырындылар. Ешкімді аямайтын, азиялықтарға шекесінен қарайтын кәсібилер. Біздің әскерилер оқу-жаттығу ойындарынан арыға бармағандар. Кезінде Ауғанстандағы соғыста болған офицерлер түгелдей отставкаға кеткен. Оның үстіне одан бергі жиырма бес жылда соғыс тәсілдері жетіліп кетті. Демек, АҚШ әскерилері көмекке келсе өзбек әскерилерінің біліктілігі еселеп артады. Төртінші- осы техниканы жөндеу үшін өзбек АҚШпен үнемі әскери қарым қатынаста болуға мәжбүр. Қосалқы бөлшектерді солардан алады. Демек әскери ынтымақтастық жоғарылайды.

Қарапайым талдау өзбек ғалымының жерге таласының артында белгілі күштердің ықпалы барын көрсететіндей. Осындай жағдайда саяси сарапшылардың, билікке жақындардың, биліктің үндемей отырғаны таң қалдырады. Мұндай жағдай да тарихта болған. Кезінде Сталин немістердің әртүрлі арандатуларынан үндемей құтылғысы келген. Ақыры не болды? Әрине, қазір ондай заман емес. Өзбек бас сала қоймас. Бірақ қыр көрсетуін бастады. Анау жылдары қытайға жер бергеніміз иектерін қышытқандай.

Қалай десек те өзбек бір ойынға кіріскен секілді. Ендігі жүріс біздің ғалымдардан, биліктен болуы тиіс. Маңдайларын жарға соғу қажет. Асқынбай тұрғанда. Әлде мен қателесіп, түймедейді түйедей етіп отырмын ба?                                                    

Камал қажы Әбдірахман

Астана

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1095
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 991
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 726
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 843