Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2694 0 пікір 8 Шілде, 2013 сағат 21:00

Интернет-конференция: Нұржан Жалауқызы (3-жауап)

Конференция қонағы - «Қазақстан» РТРК  АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова ханым оқырман тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап беруін жалғастырып отыр.

Нұржан Жалауқызы спорт комментаторлары туралы сұраққа жауап бере келіп былай дейді: «Қазспорт» телеарнасының  ашылуы осы спорт комментаторларының шығармашылық тұрғыдан өсуіне үлкен ықпал етеді ғой деген ойдамын. Есей Жеңісұлының спорт комментаторы ретіндегі тәжірибесі өте қомақты екені рас. Есей бауырымыз алдағы уақытта  өз кәсіби шеберлігімен бөлісіп, жастарды үйретуге  үлесін қосады ғой деген ойдамын. Ұсыныс жасадым».

 

- «Евразия» Сіз басқарып отырған корпорацияға қарайтынын «Жұлдыздар отбасына» берген сұхбатыңызда айтыпсыз. «Евразия – 1» Ресейдің саясатын насихаттайтын Ресейдің бірінші арнасының Қазақстандағы құралы екені белгілі. Сонда өзге елдің арнасын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып отыруды қалай түсіндіресіз? Басшы ретінде «Евразия» арнасының ақпараттық саясатын толықтай неге өзгертуге күш салмайсыздар? Қазақстанға қатысты халықтар достығын жырлайтын бірнеше хабары мен қазақша жаңалығы бар арнаны Қазақстанның сөзін сөйлеп отыр деп алдарқатуға бола ма?

Конференция қонағы - «Қазақстан» РТРК  АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова ханым оқырман тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап беруін жалғастырып отыр.

Нұржан Жалауқызы спорт комментаторлары туралы сұраққа жауап бере келіп былай дейді: «Қазспорт» телеарнасының  ашылуы осы спорт комментаторларының шығармашылық тұрғыдан өсуіне үлкен ықпал етеді ғой деген ойдамын. Есей Жеңісұлының спорт комментаторы ретіндегі тәжірибесі өте қомақты екені рас. Есей бауырымыз алдағы уақытта  өз кәсіби шеберлігімен бөлісіп, жастарды үйретуге  үлесін қосады ғой деген ойдамын. Ұсыныс жасадым».

 

- «Евразия» Сіз басқарып отырған корпорацияға қарайтынын «Жұлдыздар отбасына» берген сұхбатыңызда айтыпсыз. «Евразия – 1» Ресейдің саясатын насихаттайтын Ресейдің бірінші арнасының Қазақстандағы құралы екені белгілі. Сонда өзге елдің арнасын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып отыруды қалай түсіндіресіз? Басшы ретінде «Евразия» арнасының ақпараттық саясатын толықтай неге өзгертуге күш салмайсыздар? Қазақстанға қатысты халықтар достығын жырлайтын бірнеше хабары мен қазақша жаңалығы бар арнаны Қазақстанның сөзін сөйлеп отыр деп алдарқатуға бола ма?

- Шыны керек, барлық бұқаралық ақпараттар арасында телевизиялық журналистиканы дамыту қаражатты да техникалық мүмкіндікті де өте қажет ететін күрделі сала. Осы тұрғыдан алғанда, біздің ақпараттық кеңістегімізде қызмет ететін телеарналардың  отандық өнімдерді өндіруге бет бұруы үстіміздегі жылы  біршама қарқын ала бастады. «Евразия. 1 телеарнаның»  қазақ тіліндегі хабарларының көлемі көбейе бастады. Деректі фильмдер желісі, тарихи-танымдық жоба, әлеуметтік ток- шоу секілді жанрларда қызық тіліндегі бағдарламалар көрермендерге ұсынылды. Әрине, алда атқарылатын шаруалар да өте көп.

- Кезінде зікіршілер осы ұлттық арнаны қалай басып алды?  Оны қалай қудыңыздар? Жалпы Қазақстан ҰЛТТЫҚ арнасының қазақы журналистері қазаққа жат сектаға тобымен қалай кіріп жүр? Сізден осы 3 сұраққа 3 жауап күтем.

- Мен бұл қызметке 2011 жылдың 4 шілдесінде тағайындалғандықтан сізді мазалаған сұраққа дәл жауап бере алмаймын. Ренжімеңіз.

- Телеарнадағы аусорсинг неліктен жекеменшік телестудиялар арасында ашық әрі бәсекелестік жағдайында өтпейді? Неге аусорингті арна басшылығы маңындағы күмәнді компаниялар мен тіреуі бар компаниялар ғана алады? Әлбетте, құжаттар бәрі керемет екені айтпаса да түсінікті.
Аусоринг алған студиялар неліктен ұлттық арнаның техникасын, шығармашылық ұжымын пайдаланады? Олар арнаға келісімде көрсетілгендей талапқа сай дайын өнім ғана әкеліп беруге тиісті емес пе? Ақша - аусоринг деп бөлінеді де, бағдарламаны ұлттық арна түсіріп, дайындап шығады. Мұны қалай түсінуге болады? Қалай түсіндіресіз?

- Аутсорсингтік компаниялармен жұмыс істеу тәжірибесі соңғы жылдарда қалыптаса бастады.  Негізінде, қандай жоба өндірілуі қажеттігін қоғамдық кеңес шешеді.  Әрі ашық шығармашылық талқылау жағдайында өтеді. Егер сізде осыған қатысты нақты деректер болса, хабарласып айтсаңыз шара қолданамыз. Корпорацияның техникасымен сырттан келетін өнімді өндіруге рұқсат жоқ екеніне баса көңіл аударамыз.  Тапсырыс тек кәсіби деңгейі жоғары және техникалық жағынан жақсы жабдықталған жекеменшік компанияларға  ғана беріледі.

Сіз басқаратын мекеменің кеңсесі телефонда қазақша сауалға орыс тілінде жауап береді. Неге? 2 күн бұрын қоңырау соққандағы жағдай.

Құрметпен қазақ баласы.

– Қабылдау бөлмесінде отыратын екі қыздың екеуі де қазақ тілінде өте тамаша сөйлейді. Міндетті түрде ескерту жасаймын.

-Корпорацияны дамытудың нақты концепциялары бар ма?

- Әрине, бар.

- Мәди Манатбектің, Есей Жеңiстiң, Сағатбек Қалиевтiң аяқ астынан қызметтен кетуi қалай?

- Кез келген азаматтың шығармашылық ізденісті аңсайтын сәттері болатыны секілді сіз айтып отырған әріптестеріміз де өз еріктерімен шығармашылық жұмысқа бет бұрды.

- Аутсорсингке бөлiнген ақша мен аутсорсинг дайындаған дүниенің сапасы сәйкеспейдi. Соны неге қадағаламайсыздар?

-  Қадағалаймыз. Жай ғана қадағалап қоймаймыз. Жобаны өндірушілерден өте қатал сұраймыз. Дайындалған өнімді білікті мамандар қабылдап алады әрі рейтинг нәтижесі ескеріледі.

Сіздер ақша бөлгізіп жүрген «Талап медиаға» қанша ақша төленеді?

- Корпорациямен келісім-шарт жасасқан компаниялар арасында «Талап медиа» деген заңдық тұлғаны кездестірмедік. Кез келген компаниямен шарт жасағанда қаржы өнімнің шығармашылық және техникалық орындалу сапасына, көлеміне, орындалу мерзіміне қарай есептеліп бөлінеді. 

- Отандық телеарналарда танымдық, саяси-экономикалық, мәдени-тарихи сараптамалық, сондай-ақ көпшілікке арналған көңілді-думанды бағдарламаларды көбейтіп Ресей арналарының елімізде таралуына неге тосқауыл қоймасқа?!. Сіз қалай ойлайсыз?

-  Ойыңыз өте орынды.  Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

-  «Алаң» бағдарламасы неге ыңғыйсыз уақытта көрсетіліп жүр?

-  Кешіріңіз, бұл пікіріңізбен келіспеймін. Бағдарламаның уақыты көрермендердің басым көпшілігінің көңілінен шыққандығына соңғы кездегі телекөрсетілім көрсеткіштерінің артуы мысал бола алады. 

- Құрметті Нұржан ханым! Арналарыңыздағы спорт комментаторларының деңгейі сын көтермейді. Мүмкін нағыз комментаторлар халықтың арасында жүрген шығар? Неге іздеп көрмеске? Есей Жеңісұлы кеткен соң мүлде ешкім қалмады. Іске сәт!

-  «Қазспорт» телеарнасының  ашылуы осы спорт комментаторларының шығармашылық тұрғыдан өсуіне үлкен ықпал етеді ғой деген ойдамын. Есей Жеңісұлының спорт комментаторы ретіндегі тәжірибесі өте қомақты екені рас. Есей бауырымыз алдағы уақытта  өз кәсіби шеберлігімен бөлісіп, жастарды үйретуге  үлесін қосады ғой деген ойдамын. Ұсыныс жасадым.

- «Қазақстан» арнасында көрсетіліп жатқан фильмдер, «Көк тарландарынан» өзгесі орыстілінде түсіріліп, содан соң қазақ тіліне аударылғаны көрініп тұр. Неге ол фильмдерді бірден мемлекеттік тілде түсірмеске? Дегенменде талпыныстарыңыз көңіл қуантады. Жақсы жұмыс бастап жатырсыздар. Талаптарыңызға нұр жаусын!

Қасымбек, Шымкент қаласынан.

-  Сұрағыңыздан біздің  «Қазақстан» ұлттық арнасының ішкі тірлігінен  хабарыңыз бар екенін аңғардым. Бірақ, жаңсақ естігенсіз. Өткен 2012 жылы түсірілген оннан астам  телехикаялардың тек біреуі ғана дубляж студиясы арқылы дыбысталды. Жобалардың қазақ тілінде шығуына біз де мүдделіміз.

- «Тамаша» қазіргідей емес, 80-жылдары Құдайберген, Тұңғышбай, Лидия, Мейірман және т.б. кезінде күшті болған. Бұл бір. Екіншіден, кешегісіз келешек жоқ. Тарихты ұмытуға болмайды. Және мен эфирді көне дүниелермен толтыруды ұсынып отырғам жоқ. Ара-тұра еске алып қоюды айтып отырмын. Жаңағы Ақселеу мен Жәнібек Кәрменовтың диалог-хабары жарты-ақ сағат болатын. Марқұм сол екі шал қандай керітартпа әңгіме айтыпты? Білсеңіз, дәлелдеңіз. Сосын ашық аты-жөніңізбен шығыңыз, тасада тұрып, тас атпай.
Сейіт.

- Ұлттық арнаға жанашырлық танытқаныңыз үшін алғыс айтамын. Шығармашылық жұмыста архивті де пайдаланамыз. Көрермендер мұны біледі. Қандай жоба дайындасақ та заманға сай қызықты, танымдық тұрғыда пайдалы етіп ұсынуға ұмтыламыз.

-  Айдос Сарым жүргізіп бастаған бағдарлама ай толмай жатып жабылып қалды ғой. Неге?

-  Бағдарламаның ұйымдастырушылық тұрғыдан алғанда біраз қиыншылықтары болды әрі телекөрсетілім көрсеткіштері де біз күткендей бола қоймады. Десек те, жаңа маусымға жаңа жоба жасау бағытындағы жұмыстар басталып кетті. Айдос Сарыммен шығармашылық байланысымыз үзілмейді. Қоғамдағы әр алуан оқиғаларға қатысты сарапшы ретіндегі пікірлері көрермендер үшін әрдайым қажет екеніне назар аударамын.

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір