Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Құйылсын көшің 3296 1 пікір 30 Тамыз, 2023 сағат 14:04

Тағы да виза туралы: ҚР СІМ-інің «құлағына алтын сырға!»

Пандемия аяқталып, Қытаймен шекара ашылғалы виза мәселесі қайтадан жұрт назарын аудара бастады. Әсіресе, жаз маусымы басталып, келіп-кететін кісілер көбейген тұста бұл мәселе ушыығып кетті. 

ҚР СІМ Үрімжідегі паспорттық-визалық қызмет көрсету мекемесінен виза кезегін ала алмай қиналған қандастардың үні елімізге жетіп, қоғамдық ұйымдар мен журнаистердің, блогерлердің назарын аудара бастады. Бұл мәселе биліктің әр буынын шырмап алған коррупция мен бюрократияға және алып-беруге дәндеп алған менталитетімізге байланысты жуыр маңда шешілмейтін күрделі түйінге айналып тұр. Дегенмен, шешудің нақты және түбегейлі жолын таппасақ та, өз ұсынымызды ортаға салып көрейік.

Бірінші, Қытайдың Пекин қаласында ҚР-ның елшілігі, Шаңхай, Сиань қалаларында консулдық және Үрімжі қаласында паспорттық-визалық қызмет мекемесі жұмыс істейді. Осы мекемелердің барлығы аумақ бөлінісіне қарамастан алдына барған қандастарға қызмет көрсетсе, өздеріне түскен салмақ жеңілдеп, қандастарымыз да мүмкіндік алар еді.

Екінші, қазір Қытайдағы көптеген қандастарымыз әсіресе ауылдық жердегілер мал-мүлкін сатып, тұрақты тіркеуін өшіріп, Қазақстанға біржолата көшіп келуге дайындалып отыр. Осы кісілер мен отбасыларға кезекке тұрмай, төте барып виза рәсімдейтін механизм қарастырылса құп болар еді.

Үшінші, еліміз қазір электронды үкіметке өтті. Сондықтан виза беру және кезек алу қызметінде ашықтық пен мөлдірлікті талап етіп күн сайын, апта сайын, ай сайын қанша адамның, кімдердің кезек және виза алғанын ҚР СІМ-нің сайтында жариялап тұрса және ол сайт барлық қарапайым халыққа қол жетімді болса жөн болар еді.

Төртінші, қандастар тығыз орналасқан барлық алыс-жақын шетелдердегі еліміздің елшіліктері мен консулдықтарында арнаулы бір қызметкер қандастар жұмысымен айналысады. Олар қазірге дейін қандас куәлігін беріп келген. Енді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған «Құтты мекен» жобасын іске асырылады. Қазір келіп жатқан қандастардан сұрап-білгенімізде, көбі осы ақпараттардан хабарсыз. Осы ақпараттарды насихаттаудың оңай әрі тиімді жолдарын қарастырсақ, билік те, халық та ұтылмас еді.

Омарәлі Әділбекұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 521
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 275
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 298
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 299