Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 2001 1 пікір 15 Тамыз, 2023 сағат 17:26

Трансформация

Қазақ «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» деп бекер айтпаса керек. Осы посты жазайын ба, жазбайын ба деп біраз жүрдім. Бірақ өзіммен бірге бір редакцияда аз да болса еңбек еткен Думан Мұхамедкәрімге айып тағылуымен ол жайында желіде түрлі пікірлердің өрбуіне орай жазайын дедім. Және ол жалғыз Думанға ғана қатысты емес, адамдардың көзқарастарының трансформацияға ұшырауының заңдылығына байланысты.
**
Бәріңізге мәлім біздің елде жолға шыққанда көлігіңізге қарсы келе жатқан көлік шамын жағып-сөндіріп белгі берсе , онда алдыңда жол тәртібін қадағалаушы полиция тұр деген сөз. Мұны қоғам жүргізушілердің ынтымағы ретінде оң бағалайды. Риза болып-Алда жолпол тұр дейді деп жиылып, ескерткенге разы болысады. Мен де солай көретінмін. Ал Еуропа елдері мен АҚШ та қалай? Онда полиция мен халық бір -біріне қарсы антагонист емес. Қайта қоғам игілігінде екеуі бірлесе қимылдайды. Алғаш рет үкіметтік кортежді Еуропада қалай өткізгенін көргенде таңданып қалғанмын. Кортеждің жан жағынан мотоциклге мінген полиция жүріп, алдыдағысы мен екі қапталдағысы уақытша көліктерді жүрістерін тоқтатпай ақ жол жиектеріне ығыстырады да ығысқан көліктерге бастарын иіп, ілтипат жасап, әрі жылжиды. Көшедегі көлік қозғалысын еш тоқтатпастан үкіметтік кортежді қорғап алып жүрудің мұндай көрінісі әрине біздің елде мүлде жоқ қой. Оған көз де, бой да үйренген. Мұны бір деңіз. Екінші ,неше жолақты автобанда келе жатасың. Алдыңда біреше шақырымнан көрінетіндей биікте қай жолда қандай қозғалыс барлығы электронды жазылып тұр. Мәселен, Амстердамға Ротердамнан келе жатырсыз. А1 жолағында кептеліс, А2 жолында көлік аздау, В жолы ашық деген. Жолпол сізге қажетті ақпаратты сұрамастан беріп тұр. Қалау сізде, жол айрықтарда қай жолға тиімді түскенім деп шешесіз, еркіңіз. Үшіншіден, көлік жүргізушілердің жаяуларға жасайтын құрметіне таңдандым. Бізде егер бағдаршамсыз жолда жаяуға арналған жолақ сызылса неше жерден жүрек жұтқан болсаңыз да бірден кесіп өтпейсіз. Өйткені епкіндетіп, жолақты сызбай өте шығатын көлік көп. Ал Еуропада сіз жолаққа жетпей жатып неше машина қатар тоқтап, жалғызбын ғой деп тұрып қалсаңыз ишара беріп сізді өткізеді ғой.
Осы көріністер менің санамдағы бұрынғы дұрыс деген ойымды тұтастай теріске шығарған. Бізде жалпы қоғам тұтастай дімкәс. Бірі жол ережесін бұзады, екіншісі оны қорғайды, ал шын мәнінде соны бұзудан талай апаттар да болып жатқаны анық. Екіншіден, жолпол жүргізушінің жанашыры, қорғаушысы емес, қансонарға шыққандай қанжығам майланса екен деген «аңшы», жолға қалтасының қамымен пара жинауға шығады.
***
Біздің редакциядан біраз адам шетелге “Болашақ” бағдарламасымен оқуға кетті. Жалпы журналист деген қызық қауым. Олар бір-бірін ешқашан көрмесе де жазулары арқылы сырттай білісіп жатады. Бағалайды, қуанады, кейде күйінеді, кейде ренжиді. Өз басым шетелге кеткен әріптес іні-сіңлілерімнің тынысынан хабардар болып отырдым, әрине жазғандары арқылы. Солардың біразының бойындағы өзгерістерді де таныдым, яғни бұл трансормацияланудың жүріп жатуының белгісі еді. hәм оларда бұрын көрмей жүргендерін көретін көз, бұрын ойламайтындарын ойлайтын күй келді, өйткені демократиялық орта дімкәс ағзаны сауықтыратын орта. Думанның да шетелге магистратурада жүргенде осы сауығуға беттегенін байқайтынмын. Көзқарастарың, бұрынғы дұрыс дегендеріңнің бұрыс екенін сараптайтын ой берген, қолына қалам ұстатқан қуат елімде де оң өзгерістер болса екен дейді. Мен Думанның сол ойына сенемін. Сондықтан Думан бұрын солай жазатын, енді былай дейтін болыпты деу меніңше далбаса айыптау.
***
Ой да көп ойлай берсең. Кеше желіде әріптесім Сандуғаш Дүйсеноваға полицияның істегені жария болды. Нағыз заң таптау, адам құқығын өрескел бұзу. Соны жасаушылар кім? Құқық қорғаушылары демей құқық қорлаушылары десең саятын полиция қызметкерлері. Азғындыққа баратын осындай «қорғаушылардан» қоғам тазаруы керек пе, керек! Ендеше трансформация бүкіл құқық қорғау жүйесіне керек! Сонда ғана елінің болашағы үшін трансформацияланған азаматтарға қатер тумайды!

Анар Төлеухан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 292
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 145
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 140
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 139