Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Бұ не мазақ? 2302 4 пікір 14 Тамыз, 2023 сағат 16:12

Қазақ тілін мазақтаушы Мухоряповтарға сот жоқ па?

Сурет: vlast.kz

Қазақстан өз тәуелсіздігін алған кезде 10 жаста болған болған өзге ұлт өкілдерінің бизнесте бағы жанғандары қазір 40-тан асты.

Солардың арасында Рамиль Мухоряповтың орны бөлек. Ол әлемге танымал Forbes тізіміндегі 50 қазақ байларының арасында 48-ші орынға табан тіреген жан. Рамильдің ең әуелі қазақ тілін жерден алып, жерге салғаны 1 жыл бұрын қазақи ортада үлкен шу тудырды.

Chocofamily Holding негізін қалап, түрлі бизнес бағытта бағы жанған Рамильге қазақ тілі ешқашан ұнаған емес. Жақында ол тек қазақ тілін білетін жан өмірден артқа қалған ұлтшылдықтың тар аясындағы тірлік иесі дегенді айтуға дейін барды.

Билік қашанда өзектен тепкен қазақтар оны сотқа сүйрегенімен, ақыры бұл тірліктерінің соңы тұмысықтарын тасқа тіретті. «Әні, қазақтан кешірім сұрайды, міне, сұрайды», - деп жүргенде  Зарина Ахматова Путинді фюрер, ал оның біздегі тілектесі, Мухоряповты орыстың малайы деген посты жариялауы тегін емес.

Оның ресейліктерімен болған кездесудегі: «...сұрағыңа қазақша жауа берсе, ол сенің бетіңнен алғандық емес», - деген кезде оның сөзін бөлген Рамиль орыс әлемінің жыртысын жыртқаны жұртты таң қалдырды.

Суымызды ішіп құдығымызға түкірген Рамильдерге бір шара бар ма?

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1401
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1233
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 988
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1065