Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Деп жатыр 2670 1 пікір 9 Тамыз, 2023 сағат 14:57

Татарлар мен шеркештер: Ресей империясын құлатамыз!

Киевте 27 мамырда тау халықтарының тәуелсіздігіне 105 жыл толуына орай конференция өткен болатын. Ол жерде талқыланған мәселелердің бірі – шеркеш халқының геноцид көргенін мойындау болды.

Енді ол Ыстамбулда Шеркешстан тәуелсіздігіне арналған алғашқы халықаралық конференцияға ұласты. Алғашқы халықаралық конференцияны ұйымдастырушылар әлем көшбасшыларын ХІХ ғасырда Ресей империясының шеркеш халқына жасаған геноцидін тануға шақырды. Осыған орай Татарстанның қуғындағы үкіметінің басшысы шеркестерді жақтады

Ресей империясы ұлтына жаны ашитын және ұлтынан безінген орыс тілді қауымды қалыптастырды. Алғашқылары – жаңа дәуірдегі империялық езгіге ашына қарсы шықса, екіншілері – жаңа имерияшылардың қолшоқпарына айналып үлгерді. Бұл үшін ешкімді кінәлай алмайсың. Қызыл Империя бір ұлтты «бай мен кедейге» бөлсе, Путиндік орыс фашизмі бір ұлтты түрлі тілде сөйлейтін «ұлтшылар мен боданшыларға» бөліп отыр.

Міне, Ресейдің татарды құлдануына көнбеген мемлекетшіл рухтағы шетел асқан зиялы қауымы атынан олардың көшбасшысы Рафис Кашапов Шеркестанның тәуелсіздігіне арналған онлайн-форматтағы бірінші халық аралық конференцияда: «Абзал бауырлар, біз сіздермен бірге қайғы мен қасіретті бірге бөлісіп, тірі қалу үшін күресу жолындағы біздің көзімізді құртуды мақсат тұтқан ортақ жауымыз ол – орыс фашизмі. Сіздердің дерттеріңіз біздің дертіміз, сіздердің жеңістеріңіз біздің – біздің де жеңісіміз. Әлем жұртшылығы ресми түрде шеркес пен татар халықтарына жасалған геноцидті, оларды туып-өскен жерінен айыруын мойындап, әділеттіліктің салтанат құруына қол ұшын созуы керек. Әділетсіз Ресей империясы өз өмір сүруін тоқтатуға тиіс…», - деп мәлімдеді.

Иә, Ресей езгісінде қалып отырған өз жерінде түрлі тілдік, діни және ділік қорлыққа ұшырап отырған аз ұлттардың үні айқын шыға бастады. Солардың ішінде ең белсендісі Татарстан мен Ішкерияның қуғындағы Үкіметтері олар маңайына өзгеде ұлттарды топтастырып, Ресейден азаттық алу жолына шындап кірісті. Біз бұны «тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айырылыптының» кебін киген орыс үкіметінің Путиннің айтағымен Украинаның жеріне көз алартуының арты езгідегі ұлттардың өз азаттығы үшін күресуіне ұласты. Шеркестердің тәуелсіздікке ұмытылуы тек өз тамыр тегіне тартқан езгідегі ұлттардың бас көтеруінің алғашқы нышаны.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

1 пікір