Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2282 0 пікір 11 Маусым, 2013 сағат 03:57

Әбденов әлі оралады

Әйелдердің зейнет жасын көтеру мәселесін халыққа дұрыс түсіндіре алмаған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов өз орнымен қош айтысты. Алай­да экс-министр Прези­дент­­­тің соңғы тапсырмасы – жұ­мыспен қамтудың жаңа бағ­дар­ламасын даярлап кет­­кен көрінеді. Кеше аталған құ­­жатты еңбек және халықты әлеу­­меттік қорғау министрінің мін­­детін атқарушы Тамара Дүй­­сено­ва Министрлер Ка­би­­неті алдында «қорғады». Сұ­­рақ болған жоқ. Үкімет мү­ше­­лері «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жа­ңа нұс­қасын бірауыздан ма­құ­л­­дады. Демек, Т.Дүй­сено­ва алғашқы «сынақтан» өтті.

Әйелдердің зейнет жасын көтеру мәселесін халыққа дұрыс түсіндіре алмаған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов өз орнымен қош айтысты. Алай­да экс-министр Прези­дент­­­тің соңғы тапсырмасы – жұ­мыспен қамтудың жаңа бағ­дар­ламасын даярлап кет­­кен көрінеді. Кеше аталған құ­­жатты еңбек және халықты әлеу­­меттік қорғау министрінің мін­­детін атқарушы Тамара Дүй­­сено­ва Министрлер Ка­би­­неті алдында «қорғады». Сұ­­рақ болған жоқ. Үкімет мү­ше­­лері «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жа­ңа нұс­қасын бірауыздан ма­құ­л­­дады. Демек, Т.Дүй­сено­ва алғашқы «сынақтан» өтті.

Шыны керек, әйелдердің зейнет жасын көтеру мәселесі дәл осы құжаттан бастал­ған­да, бүгінде зейнетақы жүйесін жаң­ғырту шараларының «логикасы» көрінетін еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі Серік Әбденов те өз орнында қа­лып, Ұлттық банк төрағасы Григорий Мар­­ченко үшін мерзімсіз демалысқа шығу­дың қажеті болмас. Себебі «Жұ­мыспен қамту – 2020» бағдарламасының жаңа нұсқасына үңілсек, бұл құжат, ең алдымен, Қазақстандағы еңбек нарығын күшейтіп, ауыл халқын жұмыспен барынша қамтамасыз етуді көздейді. Біріншіден, уа­қытша жұмыс орындарын құру баста­масы жал­ғаса береді. Оның аясында денсаулық сақ­тау, білім беру тағы басқа әлеу­меттік маңызы бар нысандарды күрделі жөн­деп, елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына негізгі басымдық берілмек. Соның арқа­сында экономиканың нақты секторынан шығып қалған, яғни белгілі бір өндірістік нысанның құрылысын аяқтаған мамандар қайта жұмыспен қамтылады. Осылайша елдегі жұмыссыздық деңгейі рет­теліп отырады. Екіншіден, ауылдағы кә­сіп­керлікті жан-жақты дамыту жоспар­лан­ған. Осы бағытта ауыл азаматтарының жеке кәсібіне 3 млн теңгеге дейін шағын несие беріледі. Ал «тірек – ауылдар» бағ­дар­ламаның барлық жеңілдіктерін пай­да­лана алады. Ондай ауылдардың тұрғын­да­ры 5 млн теңгеге дейін несие алса да бо­лады. «Бұл бастаманы іске асыруға 25,7 млрд теңге қарастырылған. Соның арқа­сын­да 11,4 мың жұмыс орны ашылады. Қа­зіргі кезде Шығыс Қазақстан, Қызылор­да, Ақмола, Атырау, Алматы және Қа­ра­ғанды облыстарында 11 «тірек – ауыл» қа­нат­қақты жоба ретінде анықталып отыр», – дейді еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрінің міндетін атқару­шы Тамара Дүйсенова.

Бағдарламаның үшінші әрі маңызды бағыты – халыққа білім беріп, басқа жерге көшіру арқылы жұмыспен қамту. Әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтып, әлеуметтік жа­ғынан аз қорғалған және жұмыссыз жүр­ген азаматтар (ондай адамдар көбінесе ауылда тұрады. – Авт.) үшін аталған ша­ралардың пайдасы зор. «Осы орайда бір­ден жұмысқа тұрғызу, даярлау, қайта даяр­лау, кәсіби біліктілікті көтеру, басқа жерге кө­шіріп, жұмысқа орналастыру, жастар прак­тикасы және әлеуметтік жұмыс орын­дарын құруға айрықша назар аударылады. Жұ­мыссыз азаматтарды оқыту ісімен тек дуал­ды білім беру жүйесі бар мекемелер ғана айналысады. Ондайда жұмыс беруші­нің өзі жұмыскерді оқыту үдерісіне қаты­сып, оған іс-тәжірибеден өтуге жағдай жасайды. Олардың арасында әлеуметтік келісімшарт рәсімделуі міндет», – деп атап көрсетті Т.Дүйсенова. Ал әлеуметтік жұмыс орындары бойынша рәсімделетін еңбек келісімшарттары бір жылдан бір жарым жылға ұзартылса, жастар практикасы алты айдан бір жылға дейін кеңейіп отыр. Бұл жерде мемлекет алғашқы уақытта жала­қы­ны өзі төлейді. Жұмыс беруші болса, соң­ғы алты айдың жалақысын өз мойнына алуы тиіс. Жалпы, ағымдағы жылы «Жұ­мыс­пен қамту – 2020» бағдарламасының жаңа нұсқасына сәйкес, 110,6 млрд тең­гені жұмсау жоспарланған.

Ерболат ДОСАЕВ, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі:

– Біз бұл бағдарламаны тәптіштеп қа­рап шықтық. Оның негізінде дағдарысқа қар­сы шаралар да бар. Сондықтан бұған дейін атқарылған жұмысты, 2013 жылы қо­сымша бөлінген 30,1 млрд теңгені, сон­дай-ақ бар­лық ұсыныстар мен өзгерістерді ес­кере оты­рып, тұрақты жұмыс орындарын ашу­ды көз­дейтін бұл бағдарлама орын­дала­ды деуге болады. Біз аталған құжатты қол­даймыз.

Қайрат КЕЛІМБЕТОВ, ҚР Премьер-министрдің орынбасары:

– Біз де оны қолдаймыз. Дегенмен бір мәселені ескерген жөн. Бағдарламаның ба­сым бөлігі – шағын несие беру, кәсіпкер­лік­ті дамыту, құрылыс және инфрақұрылым сияқты шаралар Өңірлік даму министрлігі бойынша іске асса, қалғаны Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тие­сілі. Ал осының барлығын жергілікті би­лік органдары – әкімдіктер үйлестіруі шарт. Міне, олар осыны жете түсінуі керек.

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары – өңірлік даму министрі:

– Әлбетте, аталған құжаттың біраз мін­дет­тері бізге жүктеліп отыр. Біз оның бар­лығын әкімдермен бірлесе отырып ше­шуге тырысамыз. Алайда бір мәселе бар. Қазір біз Елбасының нақтыланған бюд­жет­ке қол қоюын күтіп отырмыз. Одан кейін жар­лық шығады. Демек, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясындағы ақша об­лыстарға аударылғанша, белгілі бір уа­қыт кетеді. Сонда тиісті қаражат, шамамен, шіл­де айында түседі. Ал көптеген мектеп­тер­ді қыркүйектің 1-іне дейін жөндеп шығу қажет. Сондықтан әкімдіктер оқу жы­лына дейін бітетін нысандарды (күрделі жөн­деу жұмыстарын оқу жылына дейін аяқ­тап үлгеретін нысандарды тізімде қал­дыру меңзелген сияқты. – Авт.)  қал­дырса екен дейміз.

Осыған орай, Үкімет басшысы БІлім және ғылым министрлігіне тиісті тапсырма беріп, облыс әкімдеріне мектептерді жөн­деу жұмысын жіті бақылауды ұстауды жүк­теді. Ал «Жұмыспен қамту – 2020» бағдар­ла­масының жаңа нұсқасы Министрлер Ка­бинеті тарапынан бірауыздан қабыл­дан­ды.

РS. Үкімет отырысынан кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі­нің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова журналистерге сұхбат берді. Оның хабарлауынша, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сынына ұшыраған зей­нетақы реформасы туралы заң жобасы бүгін, маусымның 12-сі күні, Парла­мент­те қайта қаралатын болады.

Abai.kz

0 пікір