Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 2011 5 пікір 27 Шілде, 2023 сағат 14:21

Ымыра

Халық өңін айналдырған исламды енді түсіне бастады - өз балалары өзінен жеріп, өгейлене бастаған соң, санамызға сыймайтын діни ғұрыптармен жүріп-тұра бастаған соң, кәсіпті халал-харам деп бөліп, соңы сұйық, болашағы бұлыңғыр тірлікке ауа бастаған соң - «Оу, бұл не боп барады?» деп ойға кете бастады...

Кеше ғана "асыл дініміз" деп отырған елеусіз жанның өзі осыны байқап, дәстүрі мен салтын шайқап жатқан дініне күмәнмен қарай бастады....

Біреулер айтады: -Бұл тәңіршілердің пайда болуымен деп...

Әрине, бұл - "сыныққа - сылтау" ғана.
Мәселен, ешбір тәңіршіл мешітке барып, " олай да бұлай болсын" деп, "дінбұзарлық" уағыз айтып жатқан жоқ.
Мешітте айтса, сауаты күмәнді, ұлттық мәдениеті төмен молдалар, олармен жағаласа "әу деп қалайын" деген шолақ ойлы жандар жарыса уағыз айтып, араб деген халықтың "кереметтілігін" айтып тамсануда...

...Біздің билік осыған көзін жұма қарап отыр...

Халықтың сенімін сыйлағаннан ба?
Олай болса, Сириядағы соғысқа жеткізген, оларды құтқару үшін арнайы операция қабылдатқызған дінге тосқауыл қояр еді ғой?

Биліктің оппозициялық ойды жөргегінде тұншықтыру қабілеті мол.

Ендеше, "зиянды дінді" шектеу де оған түкке тұрмайтын нәрсе десе болады...
Алайда, осыған келгенде билік шарасыз кейіп таныта қалады?
Неге?

Менің ойым былай:
Қазіргі "дін" деп отырған дініміз Ұлттық мәдениетке қарсы келу арқылы, халықтың наразылығының көп бөлігін өзіне аударуды мойнына саналы түрде жүктеген бе дерсің...

Оның астарында халықты "күшті мемлекет құру" секілді стратегиялық талабынан басқаға қарай бұру жатыр ма деймін.

Өйткені, "мемлекетшілдік талап" әруақытта биліктегі қателіктерді ашық айтуға, әділеттілік пен ашықтықты қамтамасыз етуге, коррупцияны жоюға және т.б. демократиялық қадамдар жасауға шақырады. Ол билікті демократиялық бағыттағы оң өзгерістер жасауға мәжбүрлер еді.
Оған билік дайын емес.

Ендеше, бұдан оның қаншалықты компонентті екені белгілі боп қалады...

...Осы жағдайда деструктивті дін оған қатты көмектеседі - халық дінмен арпалысып жатады.

Ал билігі "Моя хата с краю. Дін мемлекеттен бөлек" деп отыра береді...
Өте ыңғайлы тактика!
Келісесіздер ме?

Фото: ашық дереккөзден

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz 

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1036
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 913
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 767