Сейсенбі, 29 Қараша 2022
Жаңалықтар 2066 0 пікір 20 Маусым, 2013 сағат 06:50

Хан Кененің басын қашан қайтарып аламыз?

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

С.Н.Ахметовке   

 

 Депутаттық сауал

Құрметті Серік Нығметұлы!   

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» деп атап көрсетті. Содан бері елімізде ұлт рухын көтеретін іс-шаралар жасалып,  нақты нәтижеге қол жете бастады.

Соның басты дәлелі - 6 маусым күні Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Еуразия ұлттық университетіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында шетел қоймаларынан қазақ тарихындағы мұраларды қайтаруға шақыруы болды. Мұның қазақтың соңғы ханы – Кенесары тағдырына тікелей қатысы бар.  

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

С.Н.Ахметовке   

 

 Депутаттық сауал

Құрметті Серік Нығметұлы!   

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» деп атап көрсетті. Содан бері елімізде ұлт рухын көтеретін іс-шаралар жасалып,  нақты нәтижеге қол жете бастады.

Соның басты дәлелі - 6 маусым күні Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Еуразия ұлттық университетіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында шетел қоймаларынан қазақ тарихындағы мұраларды қайтаруға шақыруы болды. Мұның қазақтың соңғы ханы – Кенесары тағдырына тікелей қатысы бар.  

1836 жылы қазақ даласы екі генерал-губернаторлыққа бөлінді. Көшпелі қазақтардың өз атамекенінде «арақашықтық» сақтап, «жағалаулық сызықтан» 15 шақырым аулақ жүріп, өзендерге жақындауға құқы болмады. Орыс қорғаныстары әскери гарнизондарымен қазақ даласына арқандай керіліп жататын. Қазақ даласының  қақ жүрегінде  Ақмола бекінісі тұрды. Өз атамекенінде еркін жүріп үйреген қазақтар осы бөлінуге қарсы шықты. Ресей бодандығына қарсы Кенесары бастаған қазақтардың көтерілісі ондаған жылға ұласты.

Төре тұқымынан шыққан, 500 адал төлеңгіті жанында, патшадан полковник шенін алған Абылайханның немересі, Қасым сұлтанның ұлын күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған туған халқының тағдыры емес пе еді?!  

Кенесары ханның тарихтағы орны қазақ даласының нағыз патриот-батырларын – үш жүздің өкілдерін Қазақ мемлекетіне  тәуелсіздік алып беру үшін маңайына топтастыра білгендігі. Ол Азаттықтың ақ жолына өзінің екі ағасы – Саржан мен Есенгелдіні, әкесі –Қасым сұлтанды, інісі – Наурызбай батырды, ағайындарымен  қоса өзінің басын да тікті.

Сол заманда әлемді тітіреткен ұлы Наполеонды жеңген Ресей империясына қарсы көтеріліс ұйымдастырған Кенесары жайында орыс тарихшысы Николай Середаның өзі «Кенесарының қолбасшылық дарынына кез-келген еуропалық қолбасшы қызығатындай еді!» деп жазып қалдырған. Ресей мен Қоқан хандығына  бір кезеңде қарсы шапқан Хан Кенекем бүгінгі Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шымкент облыстарына қарасты жерлердегі қазақтарды Қоқан қорлығынан құтқармақ болған.

 Ұлы Даланың арда ұлы – Кенесары ханды өлтіріп, басын Батыс-Сібір генерал-губернаторы, граф Горчаковқа алып барған. Олар басты Бірінші Николай патшаға «дала бүлікшісі Кенесарының басы» деп жеткізген.

Содан бері біздің ұлы бабамыздың басы Петербор қаласындағы көрмеге әскери құндылық ретінде қойылғанына бір ғасырдан асты. Қазақстан азаматтары, еліміздің мемлекеттік емес ұйымдарының өкілдері Ресей басшыларына «басты» қайтару жөнінде талай рет ұсыныспен шықты. Қанша хат жазылып, сұрау салынды. «Ресейде Кенесарының басы жоқ» дегеннен басқа жауап жоқ. Біз осылай хат жазысып жүргенде тарих дөңгелегі тоқтаусыз айналып жатыр.  

 

Құрметті Серік Нығметұлы!   

Бүгінде еліміз Тәуелсіздік алғанда азаттық үшін жан қиған ұлы бабамыздың басын  Отанына қайтарып, жер қойнына тапсыра алмай жатқанымыз ұлттық қасірет туғызып отыр. Әлем танып,  ер Кенекем атпен жүрген жердің асты мен үсті байлыққа кенелгенде ұрпақтарының осылай қолы байланып, намысы қайралып отыра береме?! Кезінде ұлы ақын бабамыз – Махамбет Өтемісұлының басын оның туыстары, ұлтжанды азаматтар Ресейден әкеліп, туған жердің топырағына тапсыра алды емес пе?!  

Бабамыздың басын қайтаруға байланысты біздің ұсынысымыз бар: Үкімет қаражатын қарастырып  тарихшы-жазушылардан жұмыс тобы құрылса. Топқа  Кенесары идеясына берілген бір азаматты жетекшілікке бекітіп, Ресей Үкіметімен келіссөз жүргізуге құқық берілсе. Олар бұрынғы жолмен жүріп – қағазбасты болмай, істі бірден бастап, Кенесары ханның басын алып оралса.  

Ең соңғы ханымыз Тәуелсіздік жолында жан қиған Кенесары ханның басын қайтара алмасақ елдігімізге сын! Сондықтан ойланайық, ағайын!

Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әне, көрдің бе?

Орыс патриотизмі және яхта

Есбол Үсенұлы 1526
Қазақтың тілі

Қазақтың тілі өлмесін десек...

Камшат Тасболатова 1619
Соғыста жүрген сұлулар

Майдандағы Украина арулары: Маргарита Ривчаченко

Айжан Темірхан 1776