Сенбі, 27 Сәуір 2024
Аласапыран 2353 1 пікір 18 Шілде, 2023 сағат 12:41

ҚМА: Мәсімов терроризмді қаржыландырушы...

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов терроризм мен экстремизмді қаржыландырушы адамдардың қатарына кірді.

Қаржы мониторингі агенттігі жасайтын «терроризм мен экстремизмді қаржыландыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне» ол 1 шілдеде енгізілген.

Тізімде Мәсімовтен басқа, оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де бар.

Аталған үшеу биылғы сәуірде 2022 жылғы қаңтар оқиғаларына байланысты ұзақ мерзімге сотталған. Мәсімов «Мемлекетке опасыздық жасау», «билікті күшпен басып алу», «билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның орынбасарларына 3, 15 және 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. А. Садықұлов 16 жылға, Ерғожин Д. 15 жылға, тағы бір орынбасары Осипов М. 3 жылға сотталды.

16 маусымда қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сатыдағы сот қылмыстық істі «өте құпия» деген белгімен қайта қарады және Мәсімовті, Садырқұловты және Ерғожинды қауіпсіздігі жоғары мекемеден қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеуге ауыстырды.

2023 жылғы қаңтарда Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов «Мәсімов - қаңтар оқиғасының бас ұйымдастырушысы» деп мәлімдеді.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көп жылдар бойғы серігі, 56 жастағы Кәрім Мәсімов 2016 жылдың қыркүйегінде ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін Үкімет басшысы қызметін атқарған. Ол екі рет премьер-министр қызметін атқарған: біріншісі – 2007-2012 жылдар аралығында, екінші рет 2014 жылдан ҰҚК басшысы болып тағайындалғанға дейінгі уақытта.

2022 жылғы Қазақстандағы жаппай наразылықтардан кейін қызметінен босатылып, артынша ұсталды.

Abai.kz

1 пікір