Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2964 0 пікір 14 Маусым, 2013 сағат 07:29

Әсет Бектұр. Адам дүниеге хикметке толы "костюммен" келеді

Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне,

Бойың балқып, ериді іште жігер.

Абай Құнанбайұлы

 

Ғалымдар су өткізбейтін, ыстық - суыққа төзімді түрлі материалдардан мата жасап шықты делік.  Ол  - мата өздігінен мұздап, бойға жылу беріп, бүлінген кезде өзін  қайта қалпына келтіріп отыратын қасиеті бар болса. Әрине, мұндай өнім жаңалыққа құштар әлем үшін ғажайып техналогия болар еді. Солай емеспе? Ал, осындай керемет қасиеттердің барлығы біздің 2 милиметрлік терімізде бар.

Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне,

Бойың балқып, ериді іште жігер.

Абай Құнанбайұлы

 

Ғалымдар су өткізбейтін, ыстық - суыққа төзімді түрлі материалдардан мата жасап шықты делік.  Ол  - мата өздігінен мұздап, бойға жылу беріп, бүлінген кезде өзін  қайта қалпына келтіріп отыратын қасиеті бар болса. Әрине, мұндай өнім жаңалыққа құштар әлем үшін ғажайып техналогия болар еді. Солай емеспе? Ал, осындай керемет қасиеттердің барлығы біздің 2 милиметрлік терімізде бар.

Хикмет иесі - шебер Алла тағаланың жаратқан шексіз кереметтерінен тек адамның жұп-жұқа терісіне үңілейікші. Көпшілігіміз теріні қарапайым дүние деп есептейміз. Шын мәнінде солай ма? Жоқ. Өйткені, ғасырлар  бойғы зерттеулердің жемісі  тері қайталанбайтын инженерлік шеберлікті керек ететінін көрсетті. Әсілі, дәлелденді. Алайда, айқындалған сол ақиқатты әліде болса тани алмай жатырмыз. Бұл мәселенің бер жағы. Арысы ақиқатқа көзіміз жетіп тұрса да, мойынсұнбай кететін тоң мойындығымызда. Егер, адамды теңдессіз байлық дейтін болсақ, сол байлық оның -  терісі. Әлгі  дүниенің байлығын ғұмыр бойы сарылып іздеп жүрген пенде сол байлық өз бойында тұнып тұрғанын  білгенде қандай әсерде қалар еді?! Иә... Әсерде қалу үшін әуелі сезіну ләзім.  Сезіну үшін иман парыз. Хакім Абайдың «Мүһмин болсаң әуелі иманды бол»,- дейтіні содан. Әйтпесе, кемеңгер қарт сана ағысын сарқып «Әуелі иман түзет»,- деп, иманды қорғаштап, жүрегіне жүк артып несі бар.

Тері үш қабаттан тұрады: ішкі қабат гиподерма, ортаңғысы дерма және сыртқы – эпидемис қабаты. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады. Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпалардан тұрады. Сондықтан, қан тамырларының капляларымен жүйке жүйесі ұштасып жатады. Сонымен қатар, дерманың бүршікті тері қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Сыртқы қабат эпидермис  12 – 15 қабаттан тұрады, оның қалыңдығы 0,07 - 0,12 миллиметр. Бұл - үнемі жаңарып отыратын қабат. Сол сияқты, жер жаһандағы барлық жаңарып отыратын жаратылыс үйлесімді реттілігімен  Ұлы Раббымыздың құдіретін бар әлемге әйгілеп  отырады. Біз шын мәнінде денеміздегі хикметке толы терімізбен Иләһи құдіретті жер жаһанға жар салып жүргенімізді білемізбе?!

Теріміздің  7 см2 - де 19 млн жасуша,  90 май бездері, 65 түк ұясы, 6 метр қан тамырлары, 19 мың сенсорлы жасуша бар. Ол - дене салмағының 16 пайызын құрайды.  Демек, тері дененің ең көп бөлігін алып жатқандықтан ағза болғандықтан адам тіршілігі үшін өте маңызды рөл атқарады. Есіңізде болса, балалар паркінде сырты резинамен қоршалған көліктер бір бірімен соғылысқан кезде еш зиян келместен жүйтки жөнелетін еді. Терімізде осындай сырты резинамен қоршалған көліктер сияқты қатты соққы тигенде тепе - теңдікті сақтап қалатын даналықпен жаратылған. Егер терімізде мұндай «амортизатор» болмаған жағыдайда, қандай да бір дене шынықтыру жаттығуын жарақатсыз жасай алмас едік. Осындай қорғаныс қызметін атқара отырып, әрбір  23 апта сайын сыртқы қабаты өздігінен жаңарып тұратын матаны қандай өнеркәсіп жасай алады?!.  Адам жуынғанда, киінген кезде 10 миллиардқа тарта қажетсіз жасушаларды жоғалтады екен.  Адамның денесін  үлкейткіш апаратпен қараса, бұлт сияқты қоршап тұрған жасушаларды көрер едіңіз. Бір қызығы, терінің сыртқы қабаты жаңарғанымен оның түсі, формасы еш өзгермейді. Тіпті, саусақ ұшындағы нәзік таңбаларда сол қалпы сақталады. Әлемдегі барлық инженерлер бірігіп әрекет етседе мұндай таңбаларды жасай алмайды.  Саусақ ұшындағы  таңбалар - әрбір адамның терідегі жеке кодтық белгісі. Бұл ғылыми дәлел. Ал, қасиетті құранда: "Кәпір бізді олардың (адамдардың) қаусаған сүйектерін қайта жинай алмайды деп ойлай ма? Әрине, оны саусақтарының ұшына дейін қалпына келтіреміз", - дейді Алла. («Қиямет» сүресі, 3-4 аят).

Тері температураны бір қалыпта сақтап тұратын термостат қызметін де атқарады. Егер біздің температурамыз 2-3 С° дейін көтеріліп бір қалыпта тұратын болса, адам өліп кетуі мүмкін.  Жылу ішкі ағзалардан бөлініп, қан арқылы бүкіл денеге таралады. Қанмен бірге лезде таралып отыратын жылу денеде суып үлгермейді. Сондықтан, дене артық жылудан қалай арылады?  Ғалымдар  терінің мұндай қызметін  «терлеу әдісі» деп айтады. Осыдан – ақ, тері әдейілеп шексіз даналықпен аса мән беріліп, белгілі бір мақсатпен жасалғанын көреміз. Бұл жайында құранда: «Көктерді де, жерді де әрі екі арасындағы нәрселерді де ойыншық қып жаратпадық»,- деген. («Дұхан» сүресі, 38 - аят).

Тері  - Адамның қабілетіне сай өлшемді тәртіппен пішіліп,  көркем бейнеде жаратылған. Дана шебер Алла тағала  теріні қимыл қозғалысымызға, дене бітімімізге  өте ынғайлы етіп берген.  Онсыз  әрбір қозғалысымыз қиындық тудырар еді. Әлбетте, осындай таңғажайып, нәзік шебер безендірілген жаратылыстан не қаласа соны жасаушы құдіреттің ісі  байқалады.

Адам денесінде 2 миллионға тарта тер бөліп шығаратын бездер бар.  Ол  бездер бойымызды салқындатып, терінің беткі жағына сумен бірге қажетсіз зиянды заттарды сыртқа шығарып отырады. Боймыздағы ыстық  температура  тер бездерінің терең қабатынан беткі жағына дейін созылып жатқан кішкентай трубалар арқылы сыртқа шығып тепе – теңдікті сақтап тұрады. Күнделікті көріп жүрген денеміздегі жіңішке саңылаулар  сол бездердің беткі жағы. Адам қозғалған сайын ішкі ағзалар денені ысытып, тер бездері сұйықтықты көбірек бөледі. Қысымның күші жоғарылаған сайын қантамырлар кеңіп, қан айналымы күшейе түседі. Мұндай жағыдайда, тер көп бөлінеді де дене өздігінен мұздап, ағзаға қажетті температураны бір қалыпты сақтайды. Бойымызда жүріп  жатқан осындай күрделі істер теңдесі жоқ бір күштің «Мен бармын» деген айқын ишарсы, белгісі емес пе?!. Құран кәрімде мұны: «Сендердің жаратылуларыңда сондай – ақ жәндіктердің өрбіп таралуында нақ сенген ел үшін белгілер бар», - делінеді. («Жасия» сүресі, 4 -аят)

Орта есеппен алғанда терінің 1 смте 5000 сезім талшығы бар. Ол – ол ма, бұған қоса 200 ауырғанды сезетін, 12 суықты, 2 ыстықты, 25 қысымды сезетін рецепторлар орналастырылған. Адам саусақтарының ұшындағы, мұрынның ұшындағы, алақанның ортасындағы  терілері ең сезімтал келеді. Терінің осындай бір ғана қызметін Құран аяттарымен байланыстыра зерттеген  профессор, доктор Тажакет Тажасон исламның хақ екенін мойындаған. Тозақтағы азаптың ұзақ уақыт жалғасуы үшін тері отта жанып, сезім рецепторлары жоғалғанда, қайтадан сол сезімді жандандыру керек. Олай болса, тері қайта жасалып, денеге қапталғанда ғана азапты сезінетін жүйе қайтадан пайда болады. Құранда: «Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты татулары үшін, оны басқа терілерге ауыстырамыз. Шәксіз Алла тым үстем, хикмет иесі».  («Ниса» сүресі, 56 аят)

Ал, тері астындағы май қабаты не үшін керек? Ол да ет пен сүйекті түрлі соққылардан сақтап тұратын қорғаныс қызметін атқарады. Майланған теріден су, микробтар өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазалап отырады. Тері  астында артық майы бар адамдар суықты сирек өткізеді, әрі жылуды да аз жоғалтады. Адам құрғақта өмір сүретін жан -жануарлардан гөрі майды көбірек жинайды екен.  Әрі, тері адам бойындағы су баланысын бақылаушы. Біздің денеміздің  65 пайызы судан тұрады. Егер тері болмаған жағыдайда бойымыздағы суды өздігінен ұстап тұруды елестету тіпті мүмкін емес. Теріде оттегі мен нәруыздар, витаминдер мен тұздардың алмасу процесі әр сәт  сайын болып жатады. Бұл ағзаға қажетті заттарды тасымалдайтын  ең күрделі процесс болып есептеледі. Тері бүйректен кейінгі ең қарқынды зат алмасу процесін жүргізетін ағза.  Сондықтан, тері адамға қажетті заттарды молынан сақтайтын қойма десе де болады. Терімен қоршаған орта арасында газ алмасу жүйесі өкпенің тыныс алу жүйесіндей өте маңызды. Ол - өзіне күннің сәулесінен Д витаминін сіңіріп, оны сүйекке дарытады. Ал,  Д витамині болмағанда сүйегіміз бала кезден ақ өспей қалатын еді. Осыдан – ақ, адам бойындағы ғажайып үйлесімге көз жеткіземіз. Мұндай жүйелі түрде байланысып жатқан процестер әр нәрсені хикметпен жасаушы құдіреті күшті Жаратушының барлығын, бірлігін талап етеді. Әйтпесе, ол өздігінен болып жатыр деу ақылға симайтын пенделік (надандық) болар еді.  Тері қажетті витаминдерді немесе химиялық заттарды өзіне оңай сіңіріп, ағзаға зиянды  болса оларды қайтадан шығарып тастай алады. Өзі бірнеше миллимерт бола тұра осындай ең ауыр қызметтерді мүлтіксіз өлшеммен атқаруы таң қалдырады. Барлық мәселе Алланың оған берген ерекеше жаратылысында. Адам сол ерекше жаратылыс пен шексіз байлықтан Алланың құдіретін көріп, имани кең көз қарасымен ғибрәт алып, толғануы ләзім. Алла тағала құран кәрімде: «Жер жүзінде нақ сенушілерге  дәлелдер бар; Сондай – ақ өздеріңде де бар. Көрмейсіңдер ме?», - деген. («Зәрят» сүресі, 20, 21 – аят)

Өте нәзік, әсем сұлулықпен безендірілген тері Ұлы Раббымыздың құдіретімен қайталанбайтын нақышы. Терінің  дизайынына қарап Алла тағаланың адам баласына деген махаббатын, рақымшылығын  көреміз. Тіпті, бізге күнделікті тіршілікте миллиондаған бактериялармен күресуді ойламай - ақ қойсақта болады. Өйткені, тері зиянды заттарды сыртқа шығарып, тазаланып отырады. Осындай жұқа тері денеге не пайдалы, не зиян соны Біреудің басқаруымен көріп, бір қараған адамға өз еркімізден тыс саналы түрде  хикметке толы жұмыс атқаруда.

Біз қазір бір ғана тері туралы сөз қозғап отырмыз, ал, адамның бойында бір мезгілде  бір бірімен тығыз байыныста жұмыс жасап жатқан  қаншама жүйелер бар. Олардың арасында өз еркімізден тыс болып жатқан  миллиондаған  процестерді көз алдымызға елестету әсте мүмкін емес.

Abai.kz

0 пікір