Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2819 0 пікір 2 Қыркүйек, 2009 сағат 07:38

СҚО-ның ІІД-де биылғы жылы үшінші рет ерікті донорлық акциясы өтті

Петропавл. 2 қырқүйек. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысы ІІД қызметтері мен бөлімшелерінің арасында ерікті түрде қан тапсыру бойынша үшінші акция өтті, деп хабарлады агенттікке облыстық департамент.

Таратылған ақпаратта айтылғандай, қанның жетіспеу поблемасына қоғамның назарын аударуға тырысатын дәрігерлердің үндеуіне полицейлер жиі үн қатып жатады.

«Жол-көлік апаттары, кісі өлтіру және қайғылы оқиғалар болған жерлерге жиі баратын полиция қызметкерлері бұл проблемамен жақсы таныс. Сондықтан олардың арасында ерікті түрде қан тапсыруға ниет танытатындардың саны аз емес», – деп атап көрсетеді ІІД. Облыстық қан орталығы солтүстікқазақстандық полицейлермен осымен бірнеше жыл қатарынан жұмыс істеп келеді.

Донор күні өткізілкен ерікті түрде қан тапсыру шарасына 44 тәртіп сақшысы қатысты. Бұл - биылғы жылы СҚО полициясының қатысуымен өткізіліп отырған үшінші донорлық акция.

0 пікір