Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
1512 0 пікір 30 Маусым, 2023 сағат 13:54

Парламент каникулға кетті

Сурет: parlam.kz

Бүгін сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды.

Депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс пикері Қазақстан суперпрезиденттік жүйеден президенттік республика үлгісіне көшкенін атап өтті.

«Мәжіліске алғаш рет 6 саяси партия сайланды. Осыған дейін ұзақ уақыт бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Бұл жолғы сайланым Қазақстан тарихындағы ең көп партиялы Парламент болып отыр. Мәжіліс түрлі көзқарастар мен саяси күштер тоғысқан алаңға айналды. Халық қалаулыларының жаңа толқыны келді. Мәжіліс құрамы ұзақ жылдан бері алғаш рет бірмандатты округтен сайланған, шынайы әрі тартысты бәсекеде озып шыққан депутаттармен толықты. Сонымен қатар әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар адамдардың және жастардың қатары көбейді. Сегізінші сайланымды басқа шақырылымдарға қарағанда «ең жас Парламент» деп атауға болады. Жасы әлі 35-ке толмаған 13 депутат Қазақстан жастары атынан өкілдік етуде», - деді Ерлан Қошанов.

Е.Қошановтың айтуынша, бірінші сессия небәрі 100 күнге созылғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы “өте маңызды әрі мазмұнды болды”.

«Бұл сессия барысында палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті. Онда 120-дан астам мәселе қаралды. Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болды, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойды. Қазіргі сайланымның басты ерекшелігі – көптеген маңызды заң жобаларының депутаттардың бастамасымен әзірленуі», - деді Мәжіліс төрағасы.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қошанов Парламентке дайындықсыз келетін шенеуніктерді сынға алған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2179
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2578
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2487
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1676