Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Қоғам 2383 0 пікір 19 Маусым, 2023 сағат 14:37

Абай облысында гуманитарлық көмек қалай жүргізіліп жатыр?

Абай облысында болған өртке байланысты оның зардабын жоюға бүкіл ел тұрғындары атсалысып, қолы ұзындар өз тарапынан гуманитарлық көмек бере бастады. Семей өңіріне келіп жатқан гуманитарлық көмекті жинау мен бөлуді үй лестірумен «Amanat» партиясы, еріктілердің Ұлттық желісі, сондай-ақ «Ақ Ертіс» қоғамдық қоры айналысуда.

Абай облысы әкімінің баспасөз орталығының хабарлауынша: «Еліміздің және облыстың барлық өңірлерінен азық-түлік пен қажетті заттар әкелінуде. Орман өрті оқшауланғандықтан, қазіргі кезде азық-түлік толық жеткілікті.

Мысалы, тек ауыз су 30 мың литрден асып түсті. Сондай-ақ, 2 тоннадан астам ет және 44 тонна ұн, макарон, күнбағыс майы, консервілер мен шұжықтар, сүт, шай, кондитерлік өнімдер сияқты азық-түліктер жеткізіліп отыр».

Облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов осыған қатысты: «ТЖ кезінде Абай облысына көмек қолын созғандардың барлығына рақмет. Біздің облысымыздың әрбір ауданы, еліміздің әрбір облысы қол ұшын созып, бізге көмек көрсетті. Бүгін өрттің беті қайтқан кезде баршаңызға үлкен алғысымызды білдіреміз және азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды қабылдау тоқтатылатынын жариялаймыз», - деді.

Одан әрі мәслихат төрағасы: «Бұл мәселемен «Ақ Ертіс» қоры айналысады. Барлық өнімдер тізімдемемен қабылданып, беріледі. Жақын күндері бұл азық-түліктер өрт сөндірушілер мен әскерилерге жеткізілетін болады. Егер қандай да бір өнімдер қалса, арнайы комиссия бұл өнімдерді Бородулиха ауданына, мүмкін балалар үйіне таратады», - деп атап өтті.

Қордың қамқоршылық кеңесінің құрамы аймаққа танымал  беделді қоғам қайраткерлерінен тұрады. Дәл қазір көмек көрсету үшін арнайы шотқа жеке және заңды тұлғалардан 500 млн. теңгеден астам қаражат келіп түсіп отыр.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1431
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1272
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1031
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1086