Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4352 0 пікір 31 Мамыр, 2013 сағат 14:15

Мүгедектер мәселесі

Әрбір  әкімнің мүгедектігі бар адам­дар қатарынан кеңесшісі болады.

Әрбір  әкімнің мүгедектігі бар адам­дар қатарынан кеңесшісі болады.

 Министрлер кабинеті 29 мамыр күні 2012-2018 жылдарға арналған «Мүгедектердің құқықтарын қамтама­сыз ету және өмір сүру сапасын жақ­сарту жөніндегі іс-шаралар жоспары­ның» бірінші кезеңінің орындалу ба­рысын қараған болатын. «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрайымы Ляззат Қалтаеваның айтуынша, «мүгедектер мәселесі жоғарғы үкіметтік деңгейде тұңғыш рет көтеріліп отыр». Төрайым мүгедектерге қатысты мемлекеттік қамқордың әлемдік тәжірибесіне ерекше тоқталып өтті. «Жапонияда бірінші топтағы мүгедек мемлекеттің қандай жәрдемақысын алуы мүмкін, әрине жұмыс!» Себебі Жа­понияда мүгедектігі бар адамның қо­ғамның мойнындағы жүкке айнал­мауы, масыл болмауы үшін, керісінше, өз күшін ел экономикасын дамытуға жұмсауы үшін барлық жағдай жасалған екен. Қазақ қоғамы дені сау адам ғана ел дамуына үлес қоса алады. Алайда, қазір мұндай, мемлекеттік көзқарас біртіндеп сейіліп келеді. Бұл ретте, қауымдастық басшысы Ләззат Қалтаева  Үкіметке тың ұсыныспен шықты: «Егер әрбір әкімнің мүгедектігі бар адам­дар қатарынан кеңесшісі болса, ол адам әр өңір бойынша мүгедектер жағдайын жақсы біліп, олардың жұмысқа орналасуына жағдай жасар еді» , - деді. Премьер Серік Ахметов бұл мәселені қа­рау туралы сол сәтінде тапсырма берді: « Тек облыстардың ғана емес, бар­лық деңгейдегі әкімдер осы тәжіри­бені ендіруі қажет, – деді ол. «Бұл бағыттағы жұмыс барынша ашық болуға тиіс. Егер әкімнің қасын­­да осындай белсенді кеңесшісі болса, он­да облыс әкімі жанындағы үйлесті­ру­­­ші кеңес те дұрыс жұмыс жасайтын бола­ды, әзірге олардың жұмыстары фор­­­мал­ды сипатта, – дей келе, Премьер об­лыс басшыларына барлық деңгейдегі әкім­­дердің кеңесшілері институтын құру мәсе­ле­сін қарастыруды жүктеді.

0 пікір