Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2908 0 пікір 1 Қыркүйек, 2009 сағат 05:53

Өскеменде бір күнде екі ескерткіш – Абай мен Пукинге ашылды

Өскемен. 29  тамыз. ҚазТАГ – Сенбі күні Өскеменде бірден екі ескерткіш – Абай мен Пушкинге ашылды. Мерекеге Ресейден, Қырғызстан, Қазақстан және Ираннан қонақтар келді.

ҚР білім және ғылым министрі Жансейт Түймебаев атап өткендей, Шығыс Қазақстан мен барлық республика мәдени тіршілігінде елеулі оқиға болды – орыстың ұлы ақыны Александр Пушкин мен қазақстаң ақыны Абай Құнанбаевқа ескерткіш ашылды. «Абай мен Пушкин мәдениеттің ғасырлық дәстүрінің негізін қаласа, замандастарымыз оны жалғыстырды», - деп атап өтті министр.

Пушкиннің кеуде мүсінінң орнатылуын ол «ұлы талант иесіне біздің халықтың көрсеткен құрметі мен ізеті» дей отырып, Пушкин есімі Қазақстанмен, ал  Абайдың есімі Ресеймен тығыз байланыста екенін атап өтті. «Пушкин, Оралда болып қазақ эпосымен танысып, сондай-ақ өзінің «Капитанская дочка» («Капитанның қызы») романына материалдар жинаса, Абай оның «Евгений Онегин» туындысын бізге орыс тілінен аударды», - деп Ж. Түймебаев екі ақынның туындыларының мәдени ықпалдастығынан бірнеше мысалдар келтірді.

Ашылу салтанатына қатысқан ресейліктер мен қазақстандықтардың айтуынша, екі ақынның көршілестігі, осы көрші екі халықтың, екі елдің мәдениеттерінің ортақтығын білдіріп тұрғандықтан - символдық мәнге ие. 

Республика алаңындағы ескерткіштің авторы Ескен Сергебаев пен Бақытжан Әбішев,  ал А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана алдында пайда болған кеуде мүсіннің авторы – өскемендік Владимир Самойлов. Абайдың қоладан құйылған мүсін салмағы 5 тонна, ал құны 60 млн теңге тұратын ескерткішінің биіктігі 7 метр. Ал орыстың ақынының кеуде мүсінінің тұғырымен қоса есептегендегі жалпы биктігі – 4 метрдей болады.

Құрметті қонақтар арасында РФ-ның Қазақстандағы елшісің аға кеңесшісі Сергй Анненков, жазушы Мұрат Әуезов, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы, жазушы-драматург, ҚР мемлекеттік силығының лауреаты Қалихан Ысқақов, Ресейдің жазушылар одағының иесі Александр Родионов пен тағы басқалар болды.

0 пікір