Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3262 0 пікір 21 Мамыр, 2013 сағат 08:39

АЗА КҮНІНДЕ БІРГЕ БОЛАЙЫҚ, БАУЫРЛАР!

1921-22, 1931-33 жылдардағы аштық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін қазақ халқын қынадай қырып, баудай орып түсірді.  Совет өкіметінің ұлтымызға жасаған қасақана қастандығы - жаппай ашаршылықтан қаза болған қазақтың саны әлі күнге дейін нақтыланбай келеді.

1897 жылы Ресей империясында алғаш рет халық санағы жүргізілген. Санақ нәтижесінде қырғыз - 201 мың, тәжік  - 350 мың, түркімен - 281 мың, өзбек - 726 мың, қазақ - 4 миллион 84 мың адам деп көрсетілген. Күллі Орта Азия халқы қазақтың жартысына да жетпеген. 1911 жылғы санақта қазақтың саны 8 миллионның үстінде еді. Арада жиырма сегіз жыл өтіп, 1939 жылғы санақта түркімен - 760 мыңға, қырғыз-  750 мыңға, тәжік - 900 мыңға шығып, өзбектің саны 3 миллион 900 мыңға жеткен. Ал қазақ небары 2 миллион 300 мың ғана болыпты.

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы күні бір топ азамат қоғамдық бастама көтеріп, аштық пен саяси репресия құрбандарын еске алу іс-шараларын өткізбек.

Төменде сол іс-шара жайлы ақпарат пен Еркін Рақышевтің «Ашаршылық» деректі фильмінен үзінді және режиссер Қалила Омаровтың «Нәубет»,  «Хабар» арнасы түсірген аштық туралы деректі фильмдердің толық нұсқасын жариялап отырмыз.

Abai.kz

Қазақстан Республикасында мемлекеттік дәрежеде ресми бекітілген - «31-мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» байланысты қоғамдық негіздегі бастамаға үлес қосуға шақырамыз.

Әрқилы саяси зобалаңдар кезінде құрбан болған бауырларымыздың рухына тағзым ету - перзенттік парызымыз. Бұл Аза күнін жалпыұлттық деңгейге жеткізу, елге бірлік, ұрпаққа тәлім шарасына айналдыру өз қолымызда.

31 мамыр күні біз Сіздерді Қазақ халқының ескі және жаңа тарихында саяси репрессиялардың құрбаны болған барша азаматтарды бірлесе еске алу жиынында  күтеміз.

Шаралар барысы мынандай бөлімдерден тұрады:

12:30 - Тарихи фотосурет көрмесі, «Ашаршылық» деректі фильмінің көрсетілімі. Режиссері Еркін Рақышев. «ЦЕЗАРЬ» кинотеатры. Алматы, Фурманов-Жібек Жолы көшелерінің қиылысы

14:30 - Ашаршылық құрбандарына ескерткіш белгіленген орынға гүл қою, Құран бағыштау. Алматы қаласы, Наурызбай батыр мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысы.

Аза күніне арнайы дайындалған қаралы таспалар таратылады. Қыз-келіншектерден шелпек пісіріп әкелуді өтінеміз.

Саяси қуғын көргендер барша аймақтарда, әрбір ауыл-қалаларда болды. Еліміздің барлық өңірлеріндегі белсенді бауырларды бұл іске үлес қосуға шақырамыз.

Қоғамдық бастама мүшелері:

Мұхтар ТАЙЖАН

Қасым АМАНЖОЛҰЛЫ

Айдос САДЫҚОВ

Самат НҰРТАЗА

Айдос ЖҰҚАНҰЛЫ

Жанат ЕСЕНТАЙ

Абзал ҚҰСПАН

Берік ШАДҒАЛИ

Аман МӘМБЕТӘЛІ

Думан КӘКІМ

Мақсат ІЛИЯСҰЛЫ

Бақыт МҰХТАР

Ержан АЛАШ

Айгүл МАЗАҚБАЙ

Айгүл ӨТЕП

Едіге АХМЕТ

Әліби ӘРІП

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">
Режиссер-документалсит Қалила Омаровтың "Нәубет" деректі фильмі

;version=3&rel=0" />;version=3&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">
Режиссер Еркін Рақышевтің "Ашаршылық" деректі фильмінен үзінді

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">
"Хабар" арнасы түсірген "Зауал" деректі фильмі

0 пікір