Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2717 0 пікір 19 Мамыр, 2013 сағат 07:02

Мұхтар Шахановқа «Түркі әлеміне дара қызметі үшін» халықаралық сыйлығы берілді

Қазақстанның Халық жазушысы, Қырғызстанның Халық ақыны, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағының иегері, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановқа АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында  «Түркі әлеміне дара қызметі үшін» халықаралық сыйлығы тапсырылды.

Әлемдік деңгейдегі үлкен мәні бар бұл сыйлықты түркі әлемінде ғылым мен мәдениет саласында қызмет көрсететін ең беделді ұйымдардың бірі болып табылатын Түркі әлемі жазушылары мен өнер қайраткерлері қоры (TÜRKSAV) 16-19 мамыр күндері Нью-Йорк қаласында өткен «Түркі күні» атты халықаралық мәдени-ғылыми іс-шара аясында салтанатты түрде табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, атаулас халықаралық сыйлық Алаш жұртының заңғар ақыны һәм мақтанышы Мұхтар Шахановқа 2006 жылы Әзірбайжан Республикасындағы «Вектор» халықаралық академиясында Түркия, Әзірбайдан, Солтүстік Кипр мемлекеттері атынан «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атты алтын медаль мен аталған академияның құрметті докторы  атағы берілген болатын.

Ұлтына, түркі еліне сіңірген ұлы еңбегі үшін ұсынылған сыйлық қазақтың мәртебесін бір асқақтатты.

Заманымыздың заңғар ақынын әлемдік санаттағы «Түркі әлеміне дара қызметі үшін» халықаралық сыйлығына ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлттық мүдде төңірегінде атқарар істеріңіз көп болсын!

Ақмарал ӘСЕТ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2232
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2586
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2537
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1685