Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2255 0 пікір 18 Мамыр, 2013 сағат 06:49

Қалталыларға қосымша салық енгізу қажет пе?

18.05.13

Қазақстандағы ауқатты адамдардың табысына қосымша салық салу туралы депутаттардың пікірлері әзірге қарама-қайшы. Халық қалаулыларының бір тобы осы арқылы мемлекет қазынасын толтыруға болатындығын айтса, енді біреулері дәл қазіргі таңда осындай шаралармен байларды үркітудің қажеті жоқ деп есептейді.

Жылына 200 мың доллардан кем емес табыс табатындарға қосымша салық салу туралы бастама көтерді Мәжіліс де­путаты Жамбыл Ах­метбеков. Оның айтуынша, байлар жал­пы кірісінің үштен бір бө­лі­гін ортақ қазынаға құйғаны дұ­рыс. «Егер супербай болса, орта­ша күн көріс­те­гі қазақстандық төлейтін салық оған түк емес. Сондықтан байларға бө­лек салық енгізген жөн. Сол ар­қы­лы байлар Қазақстанның да­муына өз үлесін қоса ала­ды», - деп мәлімдеді депутат.
Жалпы, ауқатты азамат­тар­ға қо­сымша салық салу тура­лы бастама бұрын да көтерілге­нін еске салады сенатор, «Нұр Отан» партиясы жа­нындағы Сыбайлас жемқорлықпен кү­рес қоғамдық кеңесінің төр­ағасы Оралбай Әбдікәрі­мов. 2008 жылы Мемлекет басшы­сы Үкіметке сән-салтанат бұйым­дарына қосымша салық салу мәселесін зерделеуге тапсырма берген. Одан кейін Қаржы министрлігінде бұл бағыттағы ре­сейлік тәжірибе зерттелуде екендігі айтылған.

«Қазір бюджетке салық аз түсіп жатыр. Сондықтан салық түсетін бас­қа да көздерді із­дестіру қажет. Ал қалталы аза­маттар өздерінің салық­тары­нан қосымша қаржы бөліп жатса, оның ешқандай кем­шілігі жоқ», - деп есептейді депутат Әб­дікәрімов. Оның айтуынша, «қазіргі саясаттың арқасында олар байыды, салықтары көбейді», бірақ
елде «тұрмыстары нашар аза­мат­тар да көп». Сол себептен, байлар қосымша салық төлесе, бұл әлеуметтік мәсе­лелерді шешуге септігін тигізер еді. Депутат қосымша салық түрі тұрмысы орта деңгейден жо­ғары «миллионер­лер мен мил­лиардерлерге» салынуы керек екендігін атап көрсетеді. «Олар­дың табыстары өскен са­йын салығы да жоғарылауы керек», - деп есептейді де­путат.
Алайда Қазақстанда «ау­қат­ты­ларға артық салық салуға әлі ерте», - деген ойда Мәжі­ліс депутаты Серікбай Нұрғи­саев. Ол байларға қосымша салық салу мәселесін кө­термес бұрын анықтап алатын мә­селелер жеткілікті екендігін алға тар­тады. «Біріншіден, мұндай салық түрі олардың айлық табысына ма, әлде жалпы дү­ние-мүлкіне салына ма? Екін­ші­ден, Қазақстан нарық эко­номи­касына кіргеніне жиырма жылдай уақыт болғанын ес­керсек, осы уақыт аралы­ғында орташадан жоғары, өте ауқат­тылар бізде әлі көп қалыптаса қойған жоқ. Олардың саны орташа жалақыдан төмен ала­тын адамдар пайызына шақ­қанда аз», - дейді депутат. Сон­дықтан бай­ларға қосым­ша салық салу тұрмысы нашар­лардың мәселесін шеше қой­майды. Депутаттың мәлі­метіне қарағанда, статистика бойын­ша жасы 55-тен жоғары жұмыс істеп жүрген­дердің саны 10 пайыздан сәл асады. Сон­дық­тан «қазіргі мақсат - ақшаны өз еліне салып, экономикаға құйып, жаңа жұмыс орында­рын ашуға ауқаттыларды ын­таландыру болуы керек. Қа­зақстанда тапқан пайда қазақ жеріне, қазақ экономи­касына жұмыс жасауы керек».
Ал олардың артық пайдаларына са­лық салынса, бұл «оларды шошы­тып, еңбек орындарын ашып, биз­нес­­ті дамыту қауқарын бұзады, ақ­шаларын шетелдерге әкетуге түрт­кі болады деп есептейді депутат.
Дегенмен байлардың артық та­быс­тарына салық салу сыбайласқан жем­қорлықпен күрестің бір тетігі деп қа­растырады Мәжіліс депутаты Ай­қын Қоңыров. Өйткені олар салық тө­лейтін кезде қымбат дүние-мүлік­те­рінің қайдан келгенін көрсетуге мәжбүр. «Қымбат машиналар мен жыл­жымайтын мүліктер, яхталар мен ұшақтар, гауһар тастар мен ал­тын шоттардың иелері қосымша са­лық төлесе, бұл ақшалар бюджет ар­қылы тұрмысы нашар азаматтар-дың мұ­қтаждығын өтеуге мүмкіндік берер еді» деп есептейді депутат. Ол салық заңнамасына тиісті өз­ге­рістер енгізу арқылы қалталылардың салығын 30-40 пайызға дейін кө­теру­ге болатындығын айтады.
Сән-салтанатты дүние-мүлікке са­лық салу тәжірибесі әлемнің көп­те­ген елдерінде бар екендігін еске са­лады халық қалаулысы. Мәселен, Мек­сикада аса қымбат дүние-мү­ліктерге 5 пайыздық салық салынса, Үндістанда бұл - 5 пайыз. Ресейде биыл күзде сән-салтанат бұйымд­а­ры­на қосымша салық салуды енгізу көзделген. Франция үкіметі кірісі 1,3 млн евродан асатын қалталыларға
75 пайызға дейін салық салуды ұсын­ған. Бірақ осыдан кейін көптеген мил­лионерлер француз азаматты­ғынан бас тарта бастады. Актер Жерар Депардье ресейлік төлқұжатқа ие болса, өздерінің тұратын елін ауыс­тырғысы келетіндігін актриса Мо­ника Беллуччи мен экс-президент Ни­коля Саркози де айтып үлгерген. Фра­нцуздардың жартысынан артығы бай­ларға 75 пайыздық салық салуды қол­дағанымен, бұл бастама Консти­туциялық сот арқылы заңға қайшы деп табылған. Қазақстанда жақын ке­лешекте қалталыларға қосымша са­лық салуға қатысты заңнамаға өз­герістер енгізілмейтіндігі туралы қар­жы министрі мамыр айында мә­лімдеген.
Айжан КӨШКЕНОВА

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2199
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2584
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2524
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1684