Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2465 0 пікір 16 Мамыр, 2013 сағат 08:18

Ашық хат: Бізді әділетсіз әлеуметтік қуғындалудан құтқарыңыздар!

ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевқа

ҚР Парламенті депутаттарына

Құрметті президент мырза!

Құрметті депутат мырзалар мен ханымдар!

Біздер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңының  10-бабының 1-тарауы және  «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР заңының 80-бабы 1-тарауының 14-тараушасына сәйкес құқық қорғау қызметінен босатылған Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің» бұрынғы қызметшілеріміз.

Алайда, біз өзімізді Қазақстан Республикасының заңын бұзған жазаланушылар ретінде емес, әлеуметтік жағынан қорғалмағандықтан, ҚР Конституциясы негізінде отбасымыздың жағдайы үшін бар болғаны заңды түрде қосалқы жұмыс көзінен табыс табушылар ретінде сезінеміз. Ондаған мамандардың отбасын әлеуметтік қорғауға осылайша мәжбүр болуы - жаппай жемқорлық немесе қылмыс емес, және де әлеуметтік жағынан пісіп-жетілмеген заңның жазықсыз жандарды жазалауы болып табылады!

Біздің Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің қызметшілері ретіндегі жағдайымыз заң жүзінде де, әлеуметтік тараптан да нақтыланбаған: біздің сала қызметінен Мемлекеттік қызмет саласының жауапкершілігі талап етіліп, әлеуметтік жағынан Құқық қорғау саласына жатқызылған, ал қызметіміз әскериленген тәртіппен ғана атқарылатын салаға тиісті екені ескерілмеген. Осының барлығы қызметтен босатылған бізді ғана емес, осы қызмет саласының барлығына зардабын тигізіп, кесірін келтіруде. Нақтыланбаған бұл жағдай - ҚР Конституциясының әділетті де әлеуметтік мазмұнына қарама-қарсы, азаматтардың әлеуметтік мүмкіндігін шектейтін принцип болып табылады.

Астана қаласындағы аталмыш қызмет саласындағы 1100 маманның тоқсан пайызы дерлік осылайша  бала-шағасын әлеуметтік қорғауға мәжбүр. Демек, былтыр ғана аттестациядан өткен сайыпқыран барлық маманның тағдыры қыл үстінде тұр деген сөз. Оған қоса біз босаған жұмыс орындарымыз бүгінде білікті мамандармен толықты деуге болмайды және әлеуметтік әлжуаз жастар алынуда, сөйтіп, бас қаламыздағы Өрттен және авариялық құтқару қызметінің осалдана түскенін назарларыңызға жеткіземіз. Сондай-ақ, өзінің адал да білікті мамандарын тағдыр тәлкегіне итере салған Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің әділетсіз  қылығын айыптаймыз.

Біз өзіміздің сүйікті жұмысымыздан бұлайша әділетсіз түрде босатуға мәжбүр ететін әділетсіз заңға және оның Адам құқығын шектеп, әлеуметтік жағын қорғай алмайтын осалдығына наразымыз. Біз - өзімізді әлеуметтік жағынан қуғындалушылар сезінеміз.

Біз - қылмыскер емеспіз, біз - жемқор емеспіз, біз - бар болғаны Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметіндегі міндетімізді адал атқарушылармыз және Қазақстан мемлекетінің бөлшегі болып табылатын жанұяларымызды асыраушылармыз!

Сол себепті, бізді заңды түрде реабилитация жасауды өтінеміз. Біздің осы салаға арнаған бірнеше жылдық еңбек өтіліміз бен біліктерімізді одан әрі бас қаламыздың қызметіне арнағымыз келеді. Бізді әділетсіз әлеуметтік қуғындалудан құтқарып, Конституциялық құқығымызды қалпына келтіруді сұраймыз.

Құрметпен: Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің №53 бұйрығына (26.03.2013ж) сәйкес жұмыссыз қалған өрт сөндірушілер мүддесін қорғаушы Бастамашыл топ.

Ашық хат мәтіні 2013 ж 10 мамыр күнгі отырыста мақұлданды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2378
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1946
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1572