Сенбі, 23 Қыркүйек 2023
930 0 пікір 19 Мамыр, 2023 сағат 17:59

НАТО Ресей агрессиясына қарсы жоспар әзірлемек

НАТО-ның шілде айында Вильнюсте өтетін саммитінде Солтүстік атлантикалық одаққа мүше елдер Ресейдің ықтимал агрессиясына қарсы жауап беретін құпия әскери жоспарын қабылдайды. Бұл қырғи-қабақ соғыс жылдарынан бері бірінші рет өткелі отыр. 

Бұл жайында Reuters агенттігі хабарлады.

"НАТО-ның бұл шешімі оның стратегиясындағы "фундаментальдық қозғалыс" болады. Солтүстік атлантика альянсы мұндай ірі масштабтағы жоспарларды Совет одағы тарағаннан бері жасамаған. Себебі постсоветтік Ресейді қауіп ретінде көрген емес. Бірақ Украинаға шабуыл жасағаннан кейін НАТО-ның лидерлері Ресейден төнетін қауіп бар екенін түсінді", - деп жазды агенттік.

Бұдан бөлек саммитте аймақтық жоспарлар қабылданып, НАТО-ның бірқатар мүшелері қарулы күштердің жаңа логистикасын бекіту үшін қажетті шаралар қабылдайды.

"Қырғи-қабақ соғыс" кезіндегідей шағын жоспарлар құрылады деп жазады Reuters.

Агенттік мәлімдемесінде НАТО-ның қорғаныс жоспарларында Украинаның қарулы күштері есепке алынар-алынбасы жөнінде ештеңе жазылған емес.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Тіл жанашыры – Нәзір Төреқұлов

Бағлан Ташимов 1986
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм. Ұлы қолбасшылар...

Бейсенғазы Ұлықбек 2033
Ақмылтық

Билік мыңқ етпеді

Ғаббас Қабышұлы 2380