Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3638 0 пікір 14 Мамыр, 2013 сағат 08:16

Елбасының жиені – Айсұлтан Назарбаев үлкен үйге келін түсіргелі жатыр

Қазақстан Президентінің жиені үлкен үйге келін әкелгелі жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ Назарбаевтар отбасы достарының сөзіне сүйене отырып хабарлайды.  
«Айсұлтан үйленемін деп шешті. Құдалық та өтті. Енді тойға дайындықты бастамақпыз. Келіннің атын әзірше айтпай-ақ қояйық. Бастысы өте тәрбиелі, ибалы қыз»,-деп мәлімдепті ҚазТАГ-ке  Назарбаевтар әуілетіне жақын достардың бірі. Сондай-ақ, олар келіннің әкесі - құда "ҚазРосГаз" кәсіпорнының бас директоры Қайрат Боранбаев (2-нші суретте) деп мәлімдейді Форбес.кз сайты.
23 жастағы Айсұлтан Назарбаев (1-нші суретте) Ұлыбританияның Сандхерст құрлықтағы әскерлер королдік әскери академиясының түлегі болып табылады. Қазақстанға оралысымен ҚР сыртқы істер министрлігінің әскери барлау жүйесінде қызмет атқарған.
Англияда болғанында Айсұлтан англиялық «Портсмут», «Челси» футбол клубтарының жастар құрамасында ойнаса, елге келген соң «Астана» клубының запасында болған екен.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үш қызы бар. Олар Дариға, Динара және Әлия. Бүгінде Елбасы сегіз немере (Нұрәлі, Алтай, Айсұлтан, Венера, Дениз, Алиша, Тиара, Алсара) мен екі шөбере (Лаура мен Алан) сүйіп отыр. Айсұлтан  - Дариғадан туған жиен.

0 пікір

Үздік материалдар