Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2869 0 пікір 1 Қыркүйек, 2009 сағат 04:31

Кластерлiк жүйе қайтсе қалыптасады?

Әдетте, Қазақстандағы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшiн кластерлердi пайдалану тетiгiн қалыптастыру керектiгiн ұрандағанда, ернiмiз «тиме десем, тиедi». Көпсөздiлiк басым. «Көш - жүре түзеледi» дегендей, сол ауызша бастаманы 2015 жылға дейiн бiржақты етпек ойымыз да жоқ емес. Ол үшiн не iстеу керек? Мiне, мәселе!..

Теориядан бастасақ...

Жалпы, кластер дегенiмiздiң өзi - белгiлi бiр өнiм шығаратын нысанның өзге де өндiрiс орындарымен ықпалдаса әрекет жасап, ел экономикасының жан-жақты сала бойынша дамуына себепкер болып табылады. Әсiресе, ол ауыл шаруашылығы мамандарының тәжiрибесiне тән құбылыс ретiнде қалыптасуда. Бұл ретте, кластердi тек өзара байланыста жүрiп, мол табысқа кенелген белгiлi бiр фирмалардың жиынтығы деп қана түсiнетiндер көп. Мүлде олай емес!

Кластердiң нақты теориясы, ол - қосымша құнды жасау барысында тығыз байланысқа түскен өнiм өндiрушiлер мен оны жеткiзушiлердiң,  тұтынушылардың және өнеркәсiптiк инфрақұрылымдар элементтерiнiң торабы, желiсi, жүйесi! Қысқасы, Қазақстан экономикасын өзiнше зерттеген Кристиан Кетелс оны аумақтық ықшамдалған және экономикада жетекшi орынға ие  жеке салалар шеңберiндегi бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындардың тобы деп бiр-ақ түсiндiредi. Бiрақ, Кетелс мырзаның өзi сол «топтың» үдесiнен шығамыз ба, жоқ па деген сұрақтың жауабын «жасырып» әлек.

Жә, елiмiзде жүргiзiлiп отырған экономикалық саясаттың негiзiнен бәсекеге қабiлеттi ұлттық экономиканы қалыптастыруға бағытталғанын зерделесек, мынадай жәйттi ұстанамыз...

...даму мүмкiндiгiмiз...

Қазақстанның солтүстiк-шығыс өңiрiнде сүт, астық және ет кластерлерi дамуы керек десек, оңтүстiк жағында қалайда мақта, жемiс-көкөнiс кластерлерi басымырақ болуы тиiс. Ал Астана, Алматы қалаларында ауыл шаруашылығы өнiмдерi қайта өңделiп қана қоймай, дайын тағамдық өнiмдер де өндiрiлсе керек. Онымен қоса, облыс орталықтары саналатын iрi қалалар да бiрдей мүмкiндiкке ие. Оған әр аймақтағы ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-өндiрiстiк орталықтар, жобалау-конструкторлық ұйымдар, ғылыми мамандар даярлайтын оқу орындары, iрi қаржылық мекемелер жұмыс жасайтыны айғақ.

Осынау жетiстiкпен есептегенде, облысты қоспағанның өзiнде, 290 аудандық, 56 ауданаралық кластерлердi ұйымдастыруға мүдделi екенбiз. Тiптi, қыза-қыза келе «iрi қалалар төңiрегiнде 28 агроөнеркәсiптiк кластерлер құруға болады» деп салды кейбiр қазақстандық зерттеушiлер. Ол ұстаныммен келiссек, әлгiлердiң мемлекеттiк қолдау құрылымдары да бар көрiнедi. Айтамыз, ә?..

...ғылыми тәжiрибеге тiреледi

Ендiгi сөздi өндiрiстiк кластерге тiресек, өндiрушiлердiң алдымен өз өнiмiне қойылатын талаптарды айқын бiлуi тиiс екендiгiне тоқталамыз. Бұл - Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру арқылы әлемдiк бәсекеге қабiлеттi болу тиiмдiлiгiн арттыратын алғышарт. Содан кейiн бiр мақсатты шаруашылықтар қажеттi реактивтермен қамтамасыз етiлiп, ғылыми мекемелер де арнаулы зертханалармен жабдықталса жақсы. Сөйткен жағдайда ғана ғылыми негiздi тапсырыстар қолданысқа енiп, елеулi нәтиже беретiн болады. Ол үшiн өндiрушiлер психологиясына ықпал ету жағын ойластырғанымыз ұтымдырақ. Әйтпесе, бiзде жергiлiктi ғалымдардың шешiмдерiн шетiнен керте пайдалану немесе оларды арнайы сарапқа салып отыру жағы кемшiн. Нақты механизмi жоқ!

Алматыдағы жалғыз-ақ Қазақ ұлттық аграрлық университетiнiң ғалымдары бiр ғана облыста кластерлiк бағытты дамытуды қолға алып едi, соны малданғандай кейiпте шiренiп отырған сиқымыз мынау!

Елiмiз әлемдегi дамыған елу елдiң қатарына кiретiндiктен, ауылшаруашылығы өнiмдерiнiң бағасын реттеу қажет емес пе?! Ол неге қалыпты жолға қойылмаған? Мемлекет тарапынан қабылданған ауыл шаруашылығын реттеу туралы заңда бұл мәселе көзге шұқып көрсетiлсе де, қимылымыз әлi бәсең. Шетелдiк тәжiрибелер де осы сала өнiмiнiң бағасын құлдыратпау механизмiнен озық үлгi ұсынып отырғанын ескермей жүрмiз. Анау алпауыт Қытай өздерiнiң басы жақсы жұмыс iстейтiн рефарматорлары Дэн Сяюпиннiң арқасында экономикалық бағытта ерекше қарқын алып кеттi. Ол: «Бiз өзiмiзге шет елдiң тек озық тәжiрибесiн бейiмдей алуымыз керек», - дептi. Әне, бұл ендi... Мықшегенiң мақамы!

Ал бiзде өнiмi түгiл сол ауылдардың өзi жойылудың алдында тұрғанын менiң қалада туып-өскен досым да бiледi.

Ауыл шаруашылығы алаңсыз болса...

Қазақстанда «Азық-түлiк корпорациясы» және сол сияқты басқа да мемлекеттiк ұйымдар құрылғаны мәлiм. Неге екенiн қайдам, олар да әлi күнге дейiн нарықтық бағаны қалыптастыруға асығар емес.

Бұрынырақта елiмiздiң Ауыл шаруашылығы министрлiгi осы кластер мәселесiне байланысты жиын өткiзiп, өнiмдi сатқанда түскен пайданың тек 25 пайызы ғана ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң үлесiне тиетiндiгiн дәлелдеген болатын. Қалған 75 пайызды арада жүрген делдалдар мен сатып алушылар иемденген. Мұндай жағдай ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң экономикалық негiзiн қалыптастырмайды да! Ал шетелдiк тәжiрибеде әр бiр өнiм құнының 60-65 пайызы бастапқы өндiрушiнiң үлесiне тиетiндiгi кәдiмгiдей заң жүзiнде реттелген. Керек десеңiз, бiздiң мемлекетте ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өткiзуден түскен қаржыға жаңа техника сатып алатын шама тағы жоқ. Әбден тозығы жеткен техникалар арқылы өнiм сапасын арттыра аламыз деп көр...

Қазақ ауыл шаруашылығын «көтерем» күйге түсiрген және бiр кедергi - несие! Қарапайым ғана мысал: ауыл шаруашылының өөнiмдерiн өөткiзу бағасы төмен, ал банктердiңң пайыздыққ құны одан жоғары болса, шынымен де осы саланы қолдап, қорғап отырмыз деу - ертегi. Салыққiсi де солай. Өнiмге салық салғанда, оны өндiрушi кәсiпорынның өңдеушi кәсiпорыннан қаншалықты қашықтықта орналасқаны, олардың осыған байланысты қанша шығын шығаратыны ескерiлуi мiндет қой!? Неге өйтпеймiз?

Шын мәнiнде, Халықаралық валюта қоры мен Батыстың сол сияқты қаржы ұйымдары түгелдей шаруашылық жүйелерiн реформалау тәжiрибесiне негiзделген шаралардың қоржынын жасап, оларды бiз сияқты дамушы елдерге ұсынған. Бiрақ, олардың қатаң талаптарына мойынсұнар ТМД-ны байқамадық. Кейiн қалыпты дағдарысқа қарсы шараларды қарадүрсiн қолдана салып, қолайсыздыққа душар болудың қисынын келтiрiп жiбердiк. Әсiресе, Қазақстанда экономикалық жүйенiң кеңестiк қалпын нарықтық бағытқа алмастыру - қоғамдық даму әрекетiн эволюциялық жолмен ауыстыру екендiгi ескерiлмедi. Бiзде өтпелi кезеңнiң экономикалық теориясы жасалмаған едi. Сондықтан, нарықтық қатынастарға әлеуметтiк тұрғыда икемделу қажеттiгiне мән берiлген жоқ. Осындай обьективтi заңдылықтарды елемеу - әлi күнге дейiн ұтымды экономикалық саясатты iске асыруға бөгет жасап-ақ келедi.

P.S.: Мемлекетiмiзде озық кластерлер жүйесiн қалыптастыру қажеттiгiне қайшы келетiн басты мәселелер осы. Оң жамбасқа келiп тұрған кемiстiк. Тек «әуп!» десе болды...

Еркеғали БЕЙСЕНОВ, Астана

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1179
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1078
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 813
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 943