Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Бұ не мазақ? 4205 12 пікір 10 Мамыр, 2023 сағат 15:37

Кеңестің қызыл жалауы: «Біздің ту мен сіздің ту...»

9 мамырда Жеңіс күніне орай Алматының кейбір тұрғындары тарих қойнауына кеткен, жоқ мемлекет КСРО-ның қызыл жалауын желбіретіп көшеге шығып, заңсыз акция өткізді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Видеода жиналғандардың жанына келген полиция қызметкері «акцияның заңсыз екенін» түсіндіруге тырысып жатқанын көруге болады.

Митингке шыққандардың бірі бейнежазба авторына агрессия танытып:
«Біз Жеңіс күнінің құметіне «Ураладық». Сіздің шамыңызға тиіп тұрған не нәрсе? Біздің көтеріп шыққан туымыз ба? Мына жерде орыстар жиналып тұрғасын келіп тұрсыз ба?» - дейді.

Содан кейін акцияға қатысушы әйел ұялы телефонынан Қазақстан туы бейнеленген көлігінің суретін көрсете бастады.

«Мынау Қазақстанның тәуелсіздігі күніндегі тудың суреті. Қандай туды көріп тұрсыз? Суреттегі менің жеке көлігім. Мемлекеттік мерекеде сіздердің туларыңызды көтеріп шықтық. Бүгін 9 мамыр, соған сәйкес туды алып шығып тұрмыз», - дейді акцияға қатысушы.

Оның ойынша, тәуелсіз Қазақстан азаматтары арасында «Біздің ту мен сіздің ту» деген түсінік бар.

Бейнежазбаның авторы: «Алматы қаласының Прокуратурасынан осы видеодағы адамдардың іс-әркетіне құқықтық түсінік беруді сұраймыз.

Құрметті оқырмандар, ұлт араздықты қоздыру бойынша қылмыстық жауапкершіліктің жүгі ауыр.

Полиция қызметкері не істерін білмей, басы қатып тұрғанын көруге болады», - деп жазба қалдырған.

Кейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қызыл туды жалаулатқандардың ешқандай жауапкершілікке тартылмайтынын айтты.

Министр «заң бойынша шектеу жоқ» екенін айтты.

«Оларға ескерту, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құқықтық мемлекетте тұрғандықтан, заңда шектеу болмаған соң оған (КСРО туын алып шығуға – ред.) рұқсат. Алайда біз ашық қоғамда тұрамыз. Егер олардың әрекеті қоғамның наразылығын тудырғандықтан, ішкі істер органдарының сақшылары насихаттау, үгіттеу, ескерту жұмыстарын жүргізді», – деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы мұндай әрекеттердің соңы алауыздыққа, қоғамның бөлініп-жіктелуіне апарып соқпас үшін үшін заңға өзгеріс енгізу керек екенін атап өткен.

9 мамыр күні Алматыда Жеңіс күнін тойлауға шыққан жұрт «Орта Азияны бодандыққа салған шенділерді марапаттау үшін Патша үкіметінің ойлап тапқан Георгий лентасын» кеуделеріне таға шыққанын байқауға болады. Бұл қарғыбауды КСРО-ның мұрагері Ресей 2005 жылы жаңғыртып, Жеңіс күнінің белгісіне айналдырған еді.

Георгий лентасы «фашизмнің белгісі» ретінде саналып, Украинада, Литва, Латвия, Молдова, Эстонияда тыйым салынған. Ал Орта Азия елдерінде тыйым салынбаса да, басқыншылардың қарғыбауын ауыстыратын өзге түсті ленталар пайда болған еді.

Қазтай Аяна Серікқызы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1562
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1446
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1192
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1183