Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Айқай 2228 5 пікір 10 Мамыр, 2023 сағат 14:17

Мәскеудегі парад: Украина ТМД басшыларына өкпелі

Кеше Мәскеуде «Жеңіс парады» өтіп, оған Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан.

Бұған қатысты пікір білдірген  Украина сыртқы істер министрлігі ТМД лидерлерінің Мәскеудегі парадқа баруын «өмірі мен тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан украин халқына қарсы дұшпандық қадам» деп айыптады.

Украина СІМ-інің айтуынша, парад кезінде Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатқан ресейлік әскери техника көрсетілген.

Сондай-ақ, мәлімдемеде  Ресей президентінің «Украин азаматтарын өлтіруді, Украинаның қалалары мен ауылдарын талқандауды, бала ұрлау мен оккупацияланған украин аймақтарының тұрғындарына қарсы репрессияны ақтағаны» жазылған.

Мәлімдемеде: «Іс-шараның алдында Ресей Украинаны одан сайын қирату үшін 25 қанатты зымыранын ұшырды», - делінген.

«Орталық Азия және Кавказ халқы 78 жыл бұрын нацизмді жеңуге өлшеусіз үлес қосты. Ал осы елдердің басшыларының парадқа қатысуы азаттығы үшін күресі жатқан украин халқына қарсы дұшпандық қадам», - дейді мәлімдеме авторлары.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1766
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1744
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1466
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1376