Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3489 0 пікір 29 Сәуір, 2013 сағат 07:32

Фазылбек Әбсаттарұлы: «Бұл біздің қоғамның, ұлттың мәселесі»

- Фазылбек, Абай.кз сайтында жарияланған хатыңды бей-жай қабылдау мүмкін болмады. Жақында ғана Елбасымыз Астана қалалық әкімдігінің жұмыстарына біраз сын айтты. Бұл жайттың сіздің мәселеңізге де қатысы бар болар?

- Алдымен Абай.кз сайтының беделіне тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын. Себебі, хатымды алдымен Абай.кз жариялап, біраз қоғамдық пікір тудырып, жоғары жаққа қозғау салғанына куә болдым. Президенттің айналасындағы қызметкерлер мен ықпалды топтар Абай.кз сайтын бақылап отыратынына көз жеткіздім. Мемлекеттік мекемелердің шектен шыққан әділетсіздігі мен сорақылықтарын дәлелдейтін құжаттарды Елбасының назарына жеткізуші құзіретті органдарға хат жазған соң, Елбасының астанадағы тұрғын үй мәселесіне араласуына тікелей түрткі болмаса да себепкер болды деп ойлаймын. Себебі менің басымдағы жағдай шағын топтың ғана емес, ұшын ұстап тартқылай берсеңіз, бірқанша мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйымдардың қаптаған былықтарын ашып, дүйім бір елдің мәселесіне айналатыны белгілі. Бұл жерде құқын қорғауды білмейтін, түрлі алдау мен арбаудың құрбаны болғаны қаншама адамдардың көз-жасы мен маңдай тері жатыр.

- Фазылбек, Абай.кз сайтында жарияланған хатыңды бей-жай қабылдау мүмкін болмады. Жақында ғана Елбасымыз Астана қалалық әкімдігінің жұмыстарына біраз сын айтты. Бұл жайттың сіздің мәселеңізге де қатысы бар болар?

- Алдымен Абай.кз сайтының беделіне тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын. Себебі, хатымды алдымен Абай.кз жариялап, біраз қоғамдық пікір тудырып, жоғары жаққа қозғау салғанына куә болдым. Президенттің айналасындағы қызметкерлер мен ықпалды топтар Абай.кз сайтын бақылап отыратынына көз жеткіздім. Мемлекеттік мекемелердің шектен шыққан әділетсіздігі мен сорақылықтарын дәлелдейтін құжаттарды Елбасының назарына жеткізуші құзіретті органдарға хат жазған соң, Елбасының астанадағы тұрғын үй мәселесіне араласуына тікелей түрткі болмаса да себепкер болды деп ойлаймын. Себебі менің басымдағы жағдай шағын топтың ғана емес, ұшын ұстап тартқылай берсеңіз, бірқанша мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйымдардың қаптаған былықтарын ашып, дүйім бір елдің мәселесіне айналатыны белгілі. Бұл жерде құқын қорғауды білмейтін, түрлі алдау мен арбаудың құрбаны болғаны қаншама адамдардың көз-жасы мен маңдай тері жатыр.

- Ақ адал ақшаға сатып алған баспана даулы болып жатқандығы және ол дауға астаналық мекемелердің белсене кіріскенін естіп, жағамызды ұстадық. Басыңдағы жайды бастан-аяқ баяндап берсеңіз.

- Бір сөзбен айтқанда, қолма-қол ақшаға сатып алған пәтерімді Астана әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер тартып алып жатыр. Ал тарқатып айтар болсам, 07.09.2009 күні «Астана Стройинвест» Корпорациясы» ЖШС (бұдан әрі АСИ Корпорациясы) мен «WS-T» ЖШС-нан № 8/07 шартына сәйкес бір бөлмелі пәтер сатып алған едім. Алайда АСИ Корпорациясы 17.11.2009 күні № 9/6-НС шартына сәйкес Астана құрылыс басқармасына астыртын сатып жіберіпті. Бұдан менің еш хабарым жоқ. Кейіннен АСИ Корпорациясы менімен жасасқан шартты бұзу үшін сотқа жүгінді. Нәтижесінде Астана қалалық сотының барлық инстанциялары келісім шартымды толық күшінде қалдырып, қарсы жақтың талап арызын толығымен қанағаттандырмай тастады. Соттың барлық шешімдері шығып болғаннан кейін, заңды пәтерімді берудің орнына әлгілер соттың шешімдеріне қарсы әрекеттерін бастады.

Атап айтқанда, 01.11.2011 күнгі соттың соңғы шешімі - Кассациялық сот алқасының қаулысына қарамастан және хабары бола отырып,аталған пәтерді «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК-нің балансына беру үшін14.02.2012 күні «Астана қаласының Қаржы басқармасы» ММ-нің № 83 бұйрығы шыққан. 16.03.2012 күні алыс-беріс актісі арқылы аталған пәтер «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК-не беріліп, 18.09.2012 күні бұл мекемеменіңпәтерімді Астана қаласының Әділет департаментіне тіркеген. 19.03.2013 күні маған«Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК-нен пәтерді босату туралы хабарлама келді. Соттың қаулыларын, заңды пәтерімнің тиісті барлық құжаттарын тіркеп, хабарламаға наразылық жолдадым.

Артынша бірден Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына жүгіндім. Талап арызым: жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелердің алдыңғы соттың шешімінен кейінгі жасаған акт, бұйрық, шарттарының бәрінің заңсыз екендігін және заңсыз деп тану туралы еді. Талап-арыздың көшірмесін жолдап, мәселені сот арқылы шешеміз деп хат жолдағаныма қарамастан, тағы да 05.04.2013 күні «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК хабарлама жолдап, бұл пәтердің Ж.И.Құсайнова деген азаматшаға пәтерді беріп жібергендерін хабарлады. Ақылға еш симайтыны, аталған мемлекеттік мекемелердің барлығының соттың шешімінен хабары бола отырып, орындағысы, мойынсұнғысы келмейтіні.

Пәтерді заңды түрде сатып алсақ, оны әкімшілік тартып ала беретін болса, соттың шешіміне ешқайсысы пысқырмайтын болса, онда біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?!. Елбасымыз Н.Назарбаев «Өз күніңді өзің көр» дейді, ал өз күнімізді өзіміз көрейін десек, әкімшілік күн көрсетпейді. Сонда қалай? Енді қайда барып, қалай өмір сүруіміз керек? Жас отбасы екенімізді, жұбайымыз екеуіміз мемлекеттің мүддесі үшін  шетелде дайындалған жас маман секілді мүмкіндіктерімізді, отбасымыздың ешқайсысында жылжымайтын мүлкіміздің жоқтығын ескермей-ақ, мүсіркемей-ақ заңды сатып алған пәтерімізге тимей, мазамызды алмаса екен!. Ақшамның жоқ кезінде-ақ айтып жүретінмін, мемлекетімізге масыл болмай, салмақ салмай өзім-ақ баспана сатып аламын деп, ендігі көргеніміз осы болып отыр.

- Сатқан пәтерді қайтып алуға қарсы жақ қандай дәйек келтіріп отыр? Ол екі жақтың келісімімен болмаса сот шешімімен ғана жүзеге аспай ма?

- Егер дәйектері болса, айтса дұрыс болар еді. Өзім де ештеңені түсінбей отырмын, олар да бір дәйек айта алмай отыр. Алғашында екі дәйек айтқан: менен кейін сатып алғандықтарын, мәселені сотпен шешіп алыңыз деп хат жолдады. Кейіннен соттың шешімін апарып бердім. Одан кейін келісім шартымда көрсетілген мекенжай мен қазіргі мекенжайдың екі басқа екенін, «Шартыңызда көрсетілген мекенжай әлі салынбаған» деді. Артынша ізін суытпай бірден, Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасына сұрау салып, шартымда көрсетілген мекенжай мен қазіргі мекенжайдың бір екенін дәлелдеп жазған анықтамасын апарып бердім. Одан кейін олардан мүлде үн шықпады.Қысқасы барлық қулық-сұмдықтарының быт-шыты шықты.

- «АСИ» Корпорациясытуралы не айтаредің? Бұл компанияны әлгіндей заңсыздықтарға араласуға қандай нәрсе түрткі болып отыр сонда? Бұдан сонда ұйымдасқан шаруаның иісі шығып тұр ғой...

- Әрине6 бұл корпорация туралы қаулаған қауесеттің бары рас. Алматы қаласында да біраз халықтың көз-жасын ағысып, маңдай тер еңбектерін қағып кеткендіктері туралы ақпарат жеткілікті. Кім екенін айтпасам да білетін боларсыздар, бұл компанияның «біреуге» еріп жүргенін. Арғы жағы түсінікті шығар. Қазір барлық қылмыстарын тізбектеп айтпай отырған себебім, әлі де болса соттан үмітімді үзбей отырмын. Осындай сәтте, яғни менен ілік іздеп отырған кезде қазірше осыарасын ашық қалдыра тұрғанды жөн көріп отырмын. Негізгі мақсатым, барлығын заң алдында жауапқа тартып, жазаларын беру. Қоғамдағы мұндай шектен шыққан әділетсіздіктерді жою. Бұл мәселе менің қарақан басыммен шектелмейді, бұл - біздің қоғамның, ұлттың мәселесі. Осыған бел шешіп кірісіп отырмын.

- Бізге жеткен алып-қашпа ақпараттар бойынша, Астана қаласында субмердігер болған шағын серіктестіктердің талайы құрылысқа тиесілі ақшаларын ала алмай жүрген көрінеді. Астанада құрылыспен айналысқан бірнеше бизнесмен түрмеден бір-ақ шығыпты.

- Мұндай құрылыс компанияларынан көз сүрінеді. Басқасын қайдам, өзім көрген таныс бірнеше субмердігер компаниялардың тапсырысты толық орындап, қызмет ақысын ала алмай қалғандарын көріп жағамды ұстадым. Бұның қызық жері, субмердігерлер тапсырысты орындап шықса да, сотта соны дәлелдей алмай қаржыларынан қағылуы. Оларға көмек көрсеткім келген, бірақ үлкен бір алдаудың құрығына түсіп, құжаттарында бір-екі кемшіліктері болыпты. Сондықтан олар сотта жеңілді. Менде осындай үлкен бір алдаудың құрбаны бола жаздап, бірақ Алла жазып, жоспарларының тас-талқанын шығарған едім. Яғни алдыңғы сот кезінде маған да оңайға түскен жоқ. Алғашқы инстанция - аудандық соттың өзі ісімді 1 жыл қараған болатын. Қанша жылғы күрестен кейін барып, әділеттікке зорға қол жеткіздім. Бұл жолы да сотта жеңіп, тиісті жазаларын беретініме сенімдімін.

- Қалыптасқан жағдайдың ушыққаны сондай, қарсы жақ мемлекеттің заңнамасын қалай болса, солай бұзып отырғанына қарағанда, олар не мемлекетті менсінбейтіндер, немесе нағыз жауапсыздардың біріккен тобы секілді. Қазіргі жағдайда жоғарғы инстанцияға шықтыңыз ба? Олардың әрекеті қандай?

- Мемлекеттің қаржысын талан-тараж еткені үшін алдымен Қаржы полициясына хат жаздым. 1 айдан асты әлі жауапжоқ. Тиісті заңнамаларға сәйкес 1 айға дейін жауап беруі керек еді. Орындаушысына алғашқы хабарласқанымда «Өзім хабарласамын» деп жолатпаған-тын. Енді біраздан бері жап-жас жігіт ауруханада жатыр екен. Басқа да біраз мемлекеттік органдарға хат жаздым. Барлығы әрекетімнің заңды екенін, бірақ сот арқылы шешіп алуым туралы жауап жолдады. Содан соң, соттың шешімінен кейінгі мемлекеттік мекемелердің әрекеттерінің заңсыз екеніндігін дәлелдеп сотқа қайта шағымдандым, қараусыз қалдырды. Қалай болғанда да соттың сылтауларын жойып, істі қаратқызып, әділ шешім шығарту үшін күресудемін. 3 жылдан бері әділетсіздікпен күресіп келе жатырмын. Енді шыдамның да шегі таяп келеді...

- Бәлкім, мемлекеттің қауіпсіздік кеңесінің назарын аудару керек болар, себебі, бұл жағдай бір адамның басындағы ауқымнан шығып, мемлекеттің саясатын оңды-солды аяққа басып, қаржысын қымқыру секілді қылықтар байқалады ғой. Және де бір емес бірнеше ұйымдар - ішінде мемлекеттік департаменттер мен коммерциялық құрылымдардың біріге қимылдауына қарағанда, қылмыстық топтар қала ісіне қол сұғып отырғандай әсер бар. Жалпы бастан өткен жағдайға байланысты біздің елдегі әлеуметтік-саяси жағдай туралы пайымыңыз да қалыптасқан шығар, бұны қалай бағалайсыз? Сатып алған пәтерге ие болуға сенім бар ма? Қоғамнан қандай реакция мен қолдау күтер едіңіз?

- Әрине менде ұйымдасқан қылмыстық топтардың ізін байқап отырмын. Қазірше тек заңды жолдармен күресіп, жазалауды көздеп отырмын...

- Жалпы біздің қоғамымыз қатты рухани құлдырауға ұшырады. Қарапайым халық туралы айтпағанда, еліміздің ең беделді, мақтанышы деген санаулы азаматтармен қоғамдағы мәселелер бойынша жиі жолығамын. Алған әсерлерім теріс қана емес, құсқың келеді, жүрегің айнып кетеді. Бұл бір кездесуден ғана емес, бірнеше, көптеген кездесулерден кейінгі әсер. Әр кездесулер сайын елдегі шектен шыққан әділетсіздіктер туралы айтсам, мыйларына кірмейді. Ал сынақ ретінде, әдейі жеке мәселесін қозғасам көзі жайнап, мүлде басқа күйге енеді, ал «жеріңізді не пәтеріңізді біреу тартып алайын деп жатыр екен» десем тіпті жарылып кете ме деп қорқам, көздері қанталап, алақ-жұлақ етіп «неге, не үшін» деп жандары шығып кете жаздайды. Бұл жерде елдің элитасы, беткетұтары, ары-абыройы деген азаматтар туралы айтып тұрмын.

Бәрінің түбінде рухани байлықтың материалдық байлықтың жанында көк тиындық құны қалмаған қоғам құруымызда жатыр. Енді сол өзіміз қазған орға өзіміз түсе бастадық. Ең өкініштісі, осының бәрі ата-бабамыз аңсаған, армандаған тәуелсіздік кезінде болғаны. Ұрпағымыз «ата-бабамыз осындай тәуелсіздік үшін күресіп, осы ма армандағаны» деп айтады ма деп қорқамын...

Адами құндылықтар мен болмыстың орнын хайуани болмыстар мен инстинктер басты. Яғни, бір-бірін талапжеп қоюға дайын тұру, жыртқыштық пиғыл, тобыр болып өмір сүру инстинкті. Айналасына 7-8 адам жинап алып жүру, проблема  болып қалса, сол айналасындағы 7-8 адам ғана арпалысатындай тобырлық жүйе бар. Ал, мәселе қоғамдық ортақ проблема болса, халық болып, ел болып араласу ұғымы атымен жоқ...

Адамдар тек қана керек кезінде ғана бір-бірін іздеп, керек болған кезінде ғана араласатын жағдайға жетті. Біздің елде адамдар өз қажетін өтейтін материалдық қажеттілік - тамақ, киім сияқты, адамдарға да қажеті үшін, қажетін өтеу үшін қарайтын көзқарас қалыптасты. Шын мәнінде қазір адамдар өз қажетіне орай ғана адамдарды керек етеді, әйтпесе, ол адамның көз алдында адамдық бір құны жоқ. Себебі, қазір адамның адамдық қасиеттері, рухани байлықтарының құны қалмады. Адамның құны ақшасымен өлшенетін болды. Сондықтан да ел арасында «ақшаң барда адамсың, ақшаң жоқта адам емессің» деген тәмсіл тарап, өмір заңына айналған.

Сондықтан ешкімге өкпелеудің реті жоқ. Менің берер бағам - осы.

Әрине, сатып алған пәтеріме ие болуға сенімім нық.

Осы проблеманың түбінде қарақан басымның емес, қоғамдағы әділетсіздікті жоюға бағытталған ниетімде, әрекетімде жатыр. Егер де мен қара басымның күйін күйттеген болсам, олардың қылмыстарына көз жұмып келісімге келіп пәтерімнің мәселесін шешер едім.

Орыстілді БАҚ арқылы қоғамдық резонанс тудыруға мүмкіндігім болып тұрғанда да оларға негізгі ұстанымымды, яғни қоғамдағы әділетсіздіктің шектен шыққандығын және өзге диаспора өкілдерінің қазақтарға көрсетіп отырған әділетсіздігін, езгісін айтқан соң жұлқынып кірісе бастаған орыстілді журналистер сап тыйылды. Олардың пиғылы да белгілі болды, саны мен сапасы зор болса да, олар демократияны желеу етіп, өз күнкөрістерін ғана қылып жүрген тобыр екен.

Мен тек Алладан ғана жәрдем сұраймын...

- Әңгімеңізге рахмет. Алла қолдасын!

Сұхбаттасқан - Мақан БЕТ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1171
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1069
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 806
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 934