Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3473 0 пікір 18 Сәуір, 2013 сағат 06:40

Жалған ат жамылған М.Мыңжасарұлына хат

«Жас Алаш» газетінің 2013 жыл 29 наурыз (жұма) күнгі № 24 (15794) санында М. Мыңжасарұлы дегеннің «Колледж түлегі өзін «Академик» санайды  Жасан Зекейұлын Атамекенге мемлекет басшысының өзі шақыртқан ба?» деген айыптау мақаласы жарияланды. (http://old.abai.kz/content/kolledzh-t-legi-kalai-akademik-atandy-nemese-zhasan-zekeiylyn-atamekenge-elbasy-shakyrtkan-b) Мен осы мақала қозғаған мәселелер туралы ой өрбітемін. Әуелі мақала тақырыбына қараңыз.

Сонда қалай? Колледж оқығандар академик болмайды деген заң бар ма? Үнемі білімін жетілдіріп аспирантура оқыса.. Елге еңбегі сіңсе, мемлекеттің дамуына үлес қосса, неге бағаланбау керек?  Бұл дегеніңіз Жасан Зекейұлын ғана емес тұтас колледж түлектерін қорлау ғой. Жасан Зекейұлын мемлекет басшысының өзі шақыртқан ба? Дейді. Енді кім шақыртты? Сені, мені, бүкіл жер шарына тарыдай шашылған қазақты отанына шақырған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.  Біліп қойыңыз, сіз бен бізді, Жасанды.. тарихи отанына шақырған Виктор Храпунов, Мұхар Әбілиязов, Рахат Әлиевтер... емес.

М. Мыңжасарұлы «... Жасан Зекейұлы Іле медицина мектебінде 4 жылдық арнаулы курс оқыған» дейді. Мұнда тұрған не бар? Оқыпты ғой. Пекин, Тянжин қалаларында өз қаражатымен білімін жетілдіргені шындық. Бұл жиырма жылдың алдындағы әңгіме.

«Жас Алаш» газетінің 2013 жыл 29 наурыз (жұма) күнгі № 24 (15794) санында М. Мыңжасарұлы дегеннің «Колледж түлегі өзін «Академик» санайды  Жасан Зекейұлын Атамекенге мемлекет басшысының өзі шақыртқан ба?» деген айыптау мақаласы жарияланды. (http://old.abai.kz/content/kolledzh-t-legi-kalai-akademik-atandy-nemese-zhasan-zekeiylyn-atamekenge-elbasy-shakyrtkan-b) Мен осы мақала қозғаған мәселелер туралы ой өрбітемін. Әуелі мақала тақырыбына қараңыз.

Сонда қалай? Колледж оқығандар академик болмайды деген заң бар ма? Үнемі білімін жетілдіріп аспирантура оқыса.. Елге еңбегі сіңсе, мемлекеттің дамуына үлес қосса, неге бағаланбау керек?  Бұл дегеніңіз Жасан Зекейұлын ғана емес тұтас колледж түлектерін қорлау ғой. Жасан Зекейұлын мемлекет басшысының өзі шақыртқан ба? Дейді. Енді кім шақыртты? Сені, мені, бүкіл жер шарына тарыдай шашылған қазақты отанына шақырған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.  Біліп қойыңыз, сіз бен бізді, Жасанды.. тарихи отанына шақырған Виктор Храпунов, Мұхар Әбілиязов, Рахат Әлиевтер... емес.

М. Мыңжасарұлы «... Жасан Зекейұлы Іле медицина мектебінде 4 жылдық арнаулы курс оқыған» дейді. Мұнда тұрған не бар? Оқыпты ғой. Пекин, Тянжин қалаларында өз қаражатымен білімін жетілдіргені шындық. Бұл жиырма жылдың алдындағы әңгіме.

Мақала авторы 1989 жылдың маусым айында қызыл коммунистердің бейкүна жастарды қызыл қанға бөктірген «Тяньньмзнь» алаңындағы  оқиға туралы айта келіп, Жасанның 6 беттік пікірін көлденең тартады. Менің таң қалатыным, қытайдан кеше ғана келген М. Мыңжасарұлының миынан бұрынғы өмірінің барлығы жуылып кеткенге ұқсайды. Былайғы жұртқа түсінікті болу үшін айтайын: қытайдағы барлық мекемелерде (мемлекеттік және мемлекеттік емес) жүргізіліп отырған саясат жайлы «Үйрену Тақтасы» деген болады. Оған барлық қызметкерлер коммунистік партияға үн қосқан адалдығын білдіріп мақала жазуға міндетті. Оған кезінде андағы Мыңжасарұлы да, мен де... қысқасы қытайдағы халықтың бәрі осындай науқанды көргенбіз. Қайтеміз? Біз жасаған елдің саясаты солай болса!

Оған мұндағы қазақтарда таң қалмайды. Өйткені кезінде осындай қызыл науқандар «кешегі советтік Қазақстанда да» болған.

Мақалада: «Іле Қазақ автономиялы облыстық Күйтұн орталық ауруханасыда қызмет еткен Жасан Зекейұлы.... бір жылдық сынақ мерзімі аяқталған соң 1990 жылы 25 желтоқсанда ең төменгі 8- дәрежелі қызметкер атағы беріліп, жалақысы 126 юаньға өсіріліпті.» дейді. Бұл да таңғажайып құбылыс емес. Қытайда жоғары оқу орынын бітірген барлық жастар бір жылдық сынақ мерзімі аяқталған соң барып ресми қызметкер болып саналады. Одан кейінгі өсу жолы, нәтижесі, қызметкер атаулының өзіне байланысты.

Мақалада сол кездегі емхананың бас дәрігері Шүй Шаңчуанның бағасын көлденең тартады. Мұнда «Өзінің(Жасанның) біліктілігін жетілдіру арқылы көкірек сыртқы аурулар бөліміндегі үнемі кездесетін науқастарға және салмақты науқастарға диагноз қойып, емдей алатын деңгейге жетті»,- депті.» тағы бірде «... Ал өзі( Жасан Зекейұлы) еңбек еткен бөлімнің 1992 жылы 7 шілдедегі қортынды пікірі былай жазылған: «Өз мамандығы бойынша негіздік теориямен таныс. Шамалы техникалық шеберлікті меңгерген. Ауру тарихын жазу мен күнделікті кездесетін науқастарға ем жасай алады. Қарапайым операцияларды жасауды негізгі жақтан меңгерген. Жұмыс қабілеті жақсы. Орыс тілінен әліппелік негіз қалаған. Арнаулы курс бітіргеннен кейінгі жұмыс тәжірибесі фельдшер атағын беруге лайық». Бұл 21 жылдың алдындағы не бәрі 25 жастағы Жасан жеткен биік қой. «...әрине, пысық әрі қоғамдық жұмыстарға белсенді болғанын осы мұрағат құжаттардағы колледждегі оқуын аяқтар кездегі толтырылған анкеталарда жазылған төрт жылда жеті рет сыйланғаны және өз сыныптастары мен Салауат деген ұлты  ұйғыр ұстазының мінездемелері айғақтайды.» ал керек болса, М.Мыңжасарұлы Жасанды мақтап отыр. Әу, баста даттауға бел буған «арызшымыз» өзі шатасып кетеді.

Қадірлі оқырман, сәл сабырмен қарайықшы,. Бірді айтып бірге кеткен «қожанасыр» бауырым, Жасанның біз білмейтін керемет дерегін дайындап береді.  Қараңыз Жасанды ілікке алғысыз еткісі келген данышпанымыз бас дәрігердің, тағы басқалардың осындай керемет бағасын да қосып жіберіпті. Өзің айтшы, бұл аз жетістік пе? Енді  не керек?

М. Мыңжасарұлы өзін құнды деректермен қамдаған азаматтың  мынадай бір жаңалығын алақайлап жазады. Ұзын ырғасы былай: Жасан Зекейұлы 1995 жылы 7- айдың 19-ы күні Ли фамилиялы науқастан 85 юань (қазақстан ақшасы бойынша 2040 теңге) бопсалап алған - дейді. Шынына келсек әлгі науқас тезірек  білікті дәрігерге қаралу үшін,  шетелден жаңа әкелінген медициналық озық техникамен тексерілу үшін  Жасанға 85 юань ұсынғаны шындық. Мұны бір дәрігер көріп қойған, аурухана басшылығына жеткізген. Қазақ болғаны үшін Жасан құрбандыққа шалынған. Қазіргі кезді көрсең ғой қытай ауруханаларында таныс дәрігерлерің болмаса, белгілі мөлшерде тарту- таралғы бермесең ауруханадан жазылып шығамын деп ойламаңыз. Бұл өзі жазылмаған заң. (әрине оның бетін аулақ қылсын).

Аталмыш мақалада М. Мыңжасарұлы Жасан сабақ алған Құң Сұн, Ли Жи Сун деген білікті дәрігерлердің болғанына күман келтіреді. Саған тапсырыспен мақала жаздырған құрдас дәрігерің 2 миллиардқа жуық қытайдан қанша дәрігерді біледі екен!?

Мақаланың бір жерінде « Жасан Зекейұлы серт беріп компартияға мүше болған, қазір «Нұр Отанның» мүшесі дейсің.  Айналайын-ау,  Компартияға кім мүше болмады!? Бүгінгі мемлекеттік билік басындағылардың түгелге жуығы кешегі компартия мүшелері емес пе?

Қазіргі қытайда екінің бірі Коммунистік партияға мүше. Қайтесің? барлығын қырып салайын деп пе едің?!

Көріп отырғанымыздай 1995 жылға дейін Жасан Зекейұлын аяқтан шалушылар көп болған. М. Мыңжасарұлы өзі атап көрсеткендей Күйтұн орталық ауруханасы: «Жасан жолдас ми сыртқы аурулары, көкірек сыртқы аурулары бөлімдеріне жұмысқа қайтарылсын! 1995жыл 9- айдың 6- күні.» (Бөлім меңгерушісі болғанын әдейі жасырып қалады). Міне осындай қақпайларға шыдамаған азамат 1996 жылы қазақстанға туысшылай келіп қайтпай қалған. Міне нағыз патриот. Әуелі Жасан қызмет еткен аурухана 54 ай бойы оны партия қатарынан шығармаған. Себебі, керек адам. Қайта айналып келіп қала ма? Деген үмітте болған.

Мәртебелі М. Мыңжасарұлы бұған күман келтірмей- ақ қой. өзіңнен басқаларға күдікпен қарайтын әдетіңнің бұрыннан бар екенін жақсы білемін..

Неге бұлай болады? - деген сұрақтарың  көп  екен ғой. Енді соған жауап берейін:

1.     Жасан Зекейұлы Сызғанов және С. Аспендияров атындағы ұлттық медицина университетінің «Хирургиялық сырқат» кафедрасының аспиранты. Жетекшісі: Аман Нұрмақов, т.б білікті ұстаздар.

2.     Жасан Зекейұлы «Өмірді қорғау» қайырымдылық қорының құрылтайшысы. Қор құрылған кезде мүгедектерге арналған қайырымдылық концерті болған. Халықтан түскен барлық қаражатты мүгедек қызға тапсырған. Жасан бұл қорға кейінірек жерлесі Мұратқан Шоқан деген ақынды жауапты етіп тағайындаған болатын. Көп ұзамай екеуі бөлініп кетті.

3.     Жасан Зекейұлы Халықаралық инемен емдеу академиясының, Ресей халықаралық шығармашылық академиясының «академигі». Мынаны білгеніміз жөн. Жасан Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі емес. Салалар мен қоғамдық ұйымдарда мұндай атақтарды беру үрдісі бар. Бірақ мемлекет тарапынан мойындалмайды. М. Мыңжасарұлының жанына батқан осы «Академик» атауы болса керек. Мысал үшін айтайын:  Академик Мұрат Жұрынов Қазақстан ұлттық ғылым академиясының президенті.  Коорпарация басшылары да «президент» деп аталады. Алайда олардың мемлекет президенті емес екендігін жұрттың бәрі біледі.

4.     Жасан Зекейұлы Вена университетінің « Құрметті профессоры»

5.     Жасан Зекейұлы Халықаралық «Сократ» орденінің иегері.

Осындай мәртебелі атақтардың барлығын Жасанның алғаны  ақиқат.

Қазақстан, ҚХР, АҚШ, Жапония, Австрия, Ресей қатарлы мемлекеттер Жасанға атақ берерде Мыңжасарұлынан ақыл сұрау керек пе екен!?

Барлық атақ атаулыдан құр алақан жүрген саған осы мәртебелер нәсіп болса «жыртылып» қалар едің, қарғам.

Құрметті М. Мыңжасарұлы бауырым, сен айтқандай Жасан дәрігерге жылы лебіздер білдірген мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, сырқатынан сауыққан науқастар, (газет- журнал, радио- телеарналар) бұқаралық ақпарат құралдарының барлығы ақымақ па? Сенімен әлгі Күй Тұн қаласынан деректі құжаттар әкелген дәрігерің ғана кемеңгер ме? Енді сеннен жауап күтеміз.

Білікті дәрігер Жасан Зекейұлы неше мыңдаған науқастарға тегін көмек көрсеткен мейірімді, қайырымды азамат. Дейтұрғанмен  Жасан Зекейұлы сүттен ақ, судан таза десек әбестік болады. Рас, кейде Жәкеңнің «академикпін» деп дүрілдеп кететіні шын. Былайғы жұртқа ыңғайсыз сезілетіні жасырын емес. Хакім Абайдың: «Өнерпаз болсаң арқалан...» деген мәңгі өлмес сөзін ескерсек, оған да кешіріммен қарауға болады.

Бүкіл елге 5000 - 7000 данамен таралатын «Жас- Ай» медициналық журналын неге ұмыт қалдырдың? керемет емес пе?! Қазір бүкіл халық оқулық ретінде пайдаланып отыр. Оған келіп түскен мыңдаған алғысқа толы хаттар куә.

М. Мыңжасарұлы мақаласының соңында: «Әртүрлі орталарда жүретін, қоғам және мемлекет қайраткерлерімен, елге танымал тұлғалармен жанасып суретке түсу арқылы «имиджін» жасауға шебер Жасан мырза осы аталған сұрақтарға жауап берсе, осыдан туындайтын көкейдегі өзге сауалдырды тағы қоятын боламыз...»- деп, айбар көрсетіп, қорқытады өзінше.

Сүйікті бауырым-ау, кейінгі кезде сүйкімсіз болып барасың. Саған ақыл айтып, айтақтап қоятын «Ғұламаларыңды да» жақсы білемін. Айтаққа жүгіргенді біздің қазақ басқаша атайды. Оны айтуға аузым бармай отыр. Анаған сыбырлап, мынаған жыбырлап жүретін әумесер әдетіңді қойсаңшы, бауырым! Әйтпесе дәрігерлік саласы сен екеуіміздің мұрынымызға иісі бармайтын күрделі мамандық емес пе!? Бір азаматты айыптаймын деп жалған ат жамылатындай не күн туды басыңа? Кешегі қуғын- сүргін заманы емес қой.

Есіңе сала кетейін, қазір біз нарықтық түзім жолға қойылған қоғамда жасап отырмыз.. Сондықтан сауда дүкендері, стоматология, жекеше ауруханалар мен емханалар, нотариустер, кітап дүкендері, дәріханалар, тамақханалар, қонақ үйлер, т.б- лар көптеп саналады. Әркім өзі қалаған орнынан қажетін қанағаттандырады. Халықты, нарықты сен екеуіміз жөнге салмай- ақ қояйық. Өз жанымызды бағып алсақ үлкен олжа. Ананы жақтап, мынаны даттап қандай мұратқа жетеміз?! Аспанның асты, жердің үсті бәрімізге тарлық етпейді. Білемін сен көп шаршадың. Енді бір уақ деміңді алып, ентігіңді бас. Өмір алда. Қолымыздан келері шамалы, тауықсыз да таң атады...

Мен сені біліп отырмын. Өзің атыңды жасырған соң, менің де атымды ашық айтқым келмеді. Нағыз ары таза азамат болсаң ашық әңгімеге шақырамын! Егер олай істеуге батылдық етпейтін болсаң, енді сенің құпияңды мен ашатын боламын. Осыған шыдасаң әкел, оң қолыңды!!

Атын өзгерткіш бауырым, әкеңнің атын Мыңжасар депсің. Жалған лақап болса да сәл ойланып алғаның жөн. Адам мың жасамайды, құзғын мың жасайды .

К. КӨПЖАСАРҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2050
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2484
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2071
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1599