Сенбі, 25 Мамыр 2024
1229 2 пікір 17 Наурыз, 2023 сағат 12:55

Сайлау науқаны: Кандидаттар сотқа 166 арыз түсірді

Сайлау науқаны барысында кандидаттар сотқа 166 арыз түсірді.

«Сотқа Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардан 166 арыз түскен. Оның ішінде Жоғарғы сотқа 55, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға 104 және аудандық соттарға 7 арыз берілді. Бүгінде сотта 164 арыз-шағым қаралды. Оның ішінде 49 іс қанағаттандырылды, 84 іс бойынша қанағаттандырудан бас тартылды, 15 талап қоюшы арызын кері қайтарып алды және сот 16 арызды қараусыз қалдырды», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.

Аудандық комиссиялардың шешімдерімен Парламент Мәжілісінің депутаттығына 6 кандидаттың құқығы қалпына келтірілген.

«Оның ішінде Астана қаласы бойынша бесеу және Шымкент қаласы бойынша біреу. Сотқа түскен 166 арыздың 135-і депутаттыққа кандидаттар ұсынған активтер мен міндеттемелер туралы декларациялардағы мәліметтердің дұрыс еместігі туралы, сол сияқты мемлекеттік кіріс органдарынан ақпарат ұсынылғаннан кейін сайлау комиссиялары қабылдаған кандидаттарды тіркеудің күшін жоюға қатысты», - дейді ол.

Оның айтуынша, Сайлау туралы Конституциялық заңның 89-бабы 4-3-тармағының 4-тармақшасына, 104-бабы 6-1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес округтік сайлау комиссиясы декларацияда активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықтаған жағдайда кандидатты тіркеу туралы шешім күшін жояды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2314
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2667
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2825
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1757