Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 7298 0 пікір 8 Сәуір, 2013 сағат 05:27

Шығыс Түркістан Республикасының қилы тағдыры (Басы)

Суретте: 1. Әлихан төре, 2. Шығыс Түркістан Республикасының сарбаздары

Ұзақ жылдар еріксіз бодандық қамытын киген түркі халықтары бостандық, тәуелсіздік жолындағы күресті бір сәтке де тоқтатқан емес. Барлық кезеңдерде орайлы сәтті қолдан бермей, отаршылдық үстемдіктің әлсіз тұстарын дәп баса қимылдап, қабырғасын қақырата сөгіп отырды.

Бір дәуірде Шығыс Түркістан халқы да да Қытай басқыншыларының жүз мыңдаған қалың қолын қансырата жеңіп, тәуелсіздіктің туын тіккен жұлдызды сәттерді бастан кешіп еді.

Сол мекендегі қазақ, ұйғыр, өзбек, татар, тіпті киіз туырлықты моңғұл туысқандар мен шүршіт текті сібе-солаңдарға дейін бір тудың астына топтасып, қатыгез жаумен қанды шайқастарға шыққан болатын.

Арманда кеткен Алаш арыстарының аңсаған тәуелсіз елі, араға жылдар салып, қазақ даласының ана бұрышында шаңырақ көтергені тарихи шындық. Бірақ, іргесіне тағы бір Түркі мемлекетінің ту көтергені Сатлинге ұнамады. Ұнамады екен деп аянып қалған Әлихан Төре (суретте) жоқ, қолынан келгеннің, мүмкіндігі жеткеннің бәрін істеді.

Суретте: 1. Әлихан төре, 2. Шығыс Түркістан Республикасының сарбаздары

Ұзақ жылдар еріксіз бодандық қамытын киген түркі халықтары бостандық, тәуелсіздік жолындағы күресті бір сәтке де тоқтатқан емес. Барлық кезеңдерде орайлы сәтті қолдан бермей, отаршылдық үстемдіктің әлсіз тұстарын дәп баса қимылдап, қабырғасын қақырата сөгіп отырды.

Бір дәуірде Шығыс Түркістан халқы да да Қытай басқыншыларының жүз мыңдаған қалың қолын қансырата жеңіп, тәуелсіздіктің туын тіккен жұлдызды сәттерді бастан кешіп еді.

Сол мекендегі қазақ, ұйғыр, өзбек, татар, тіпті киіз туырлықты моңғұл туысқандар мен шүршіт текті сібе-солаңдарға дейін бір тудың астына топтасып, қатыгез жаумен қанды шайқастарға шыққан болатын.

Арманда кеткен Алаш арыстарының аңсаған тәуелсіз елі, араға жылдар салып, қазақ даласының ана бұрышында шаңырақ көтергені тарихи шындық. Бірақ, іргесіне тағы бір Түркі мемлекетінің ту көтергені Сатлинге ұнамады. Ұнамады екен деп аянып қалған Әлихан Төре (суретте) жоқ, қолынан келгеннің, мүмкіндігі жеткеннің бәрін істеді.

ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ хақында жүйелі монографиялық зерттеу еңбектердің тапшылығы және мұрағат деректерінің аздығына байланысты тәуелсіз Қазақстан мен жаз жайлауы, қыс қыстауы тоғысып жатқан кещегі қазақ жеріндегі осы бір айтулы уақиға жайлы бүгінгі ұрпақтың білері жоқтың қасы. Тіпті мүйізі қарағайдай тарихшы ғалымдарымыз да аталған Республиканы кешегі «Кеңес Одағының қуыршағы» болған дегенге саятын бір жақты ұшқары пікірден ары аспай келеді.

«Шыңжаңның Үш аймақ төңкерісіндегі ірі істер» (Шыңжаң халық баспасы. 1994-жыл, қыркүйек) деп аталатын тарихи шежірелік кітапта  1944-жылдың 9-сәуірінде құрылған «Құлжа азаттық ұйымының» іс-қимылдарынан бастап, 1949-жылдың 17-желтоқсанында ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ҰЛТТЫҚ АРМИЯСЫНЫҢ Шыңжаңға кірген қызыл Қытайдың Азаттық армиясының құрамына қосылғанға дейінгі бес жарым жылдан аса уақытқа созылған тарихынан сыр шертетін түп нұсқа мұрағаттардан алынған деректердің тізбесін ықшамдап беріп отырмыз.

Бұл шежіре екі алып империяның қыспағында қысқа ғана уақыт билік құрған ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ көшбасшыларының өз халқы үшін еткен еңбек, төккен терінің құнды ескерткіші.

Осынау мұрағаттар Тәуелсіз Қазақстан билігі үшін де ғибыратқа толы құнды жәдігер болатындығына бек сенімдіміз.

(1944-жыл)

09.04.1944

«Құлжа азаттық ұйымы» құрылды. Әлихан Төре* төраға болды.

Әлихан Төре (1885-1976) * Россияның Тоқмақ (Қырғызстанның Тоқмақ қаласын айтады. - Abai.kz) деген жерінде діндар отбасында дүниеге келген. Ұлты өзбек. Ілгерінді-кейінді Сауд Арабиясында, Бұхарада дін және дәрігерлік мамандығын оқыған. 1929- жылы Кеңес Одағынан Шығыс Түркістанға келіп қоныстанып, дін таратады, дәрігерлікті кәсіп етеді. 1937-жылы Шың Шысай жағынан тұтқынға алынып, түрмеге жабылады. 1941-жылы қамақтан босатылып, Құлжадағы ең үлкен Мешіт - Байтолла мешітіне имам болады. Шығыс Түркістан ұлт азаттық төңкерісі кезінде «Құлжа азаттық ұйымының, Шығыс Түркістан Республикасы үкіметінің төрағасы болады.

***

10.04.1944

АҚШ президенті Розвелт Жаң Жиешіге телеграмма жіберіп, оған фашистерге қарсы дүние жүзілік одақ жағдайын еске алып, Қытай-Совет Одағы елдерінің Шығыс Түркістандағы қатынасын бәсеңдету арқылы, халқаралық күштің қайта  ұйымдасуында Кеңес Одағының қолдауына қол жеткізуді нәсихаттады.

***

1944-жыл, сәуір айының бас шені.

Алтай партизандар қосыны Шіңгіл ауданының Бұлғын өзені алабында құрылды. Сұлубай бас қолбасшы болды.

***

1944-жыл, сәуір айының бас шені.

Моңғұл Халық Республикасының басшысы Шойбалсын шегараны көзден кешіру деген атпен Шығыс Түркістанның Шіңгіл ауданына келіп, Оспан Исламұлын қабылдады. Оспан Исламұлының талабына сай, МХР бір топ әскери ақылшы жіберді және қару-жарақ, оқ-дәрі жеткізіп берді.

***

12.04.1944

Кеңес Одағының Қытайда тұратын бас елшісі Пан Июшин Гомин үкіметі әкімшілік палатасының бастығы Сұнкіге таяудан бері Шығыс Түркістанда туылған үлкенді-кішілі бірқыдыру оқиғалар Қытайдың Кеңес Одағына қарсы тұру бейнесінің күн сайын асқынғандығын дәлелдеді деп көрсетті.

***

13.04.1944

Алтай партизандар қосынының қоршауында қалған Гоминдаңның Шіңгіл ауданының әкімі Тау Байшуан аудан қалашығын тастап, қалған адамдарын ертіп, Шонжыға қашып кетті.

***

1944-жыл, сәуір айының орта шені.

Қобық (Қазіргі Қобықсары моңғұл автономиялы ауданы) партизандар қосыны құрылды. Зұңғырып Шалқанұлы қолбасшы болып сайланды. Гоминдаң армиясының қоршап жоюына ұшырағандықтан, шегініп МХР-на барды.

***

25.04.1944

Кеңес Одағының Қытайда тұратын бас елшісі Паниюшин Кеңес Одағы өкіметінің бұйрығы бойынша Гомин үкіметінің сыртқы істер министрі Уаңшыжиемен кездесіп, Қытайда таяудан бері туылған Кеңес Одағына қарсы тұру нысайына назар аударатындығын білдірді. Шың Шысайдың Шығыс Түркістандағы Кеңес Одағына қарсы әрекеттерін айырықша ауызға алды. Уаң Шыжие мынаны білдірді: Шығыс Түркістанның жағдайы ерекше, Шың Шысайда 20 000 адамдық армия болғандықтан, көз алда оны шешу қиынға түседі.

***

1944-жыл, мамыр айының басы.

«Алтай қазақ ұлтының көркею комитеті» Оспан Исламұлының басқаруында Күртіде жиналыс ашып, Ләтіп Мүстафаұлы* қатарлыларды толықтырып сайлауды және өз басқаруындағы өңірден салық жинауды ұйғарды.

***

1944-жыл, мамыр айы.

Дубек Шалғынбаев**, Балқаш Әлғазыұлы қатарлы қазақ жас зиялылары Кеңес Одағының Шәуешекте тұратын Консульханасының көмегінде Шәуешек ауданының қаласында қазақ жастарын негіз еткен күрескер ұйым құрып, Шың Шысайға, Гоминдаң үстемдігіне қарсы әрекет жасады.

***

1944-жыл, маусым айының басы.

Дәлелхан Сүгірбаев, Темірхан Әріпбайұлы***, Хасен қатарлы Кеңес Одағының он үш ақылшысы («Ақ үй» ақылшылары) МХР арқылы Шіңгіл ауданының Бұлғын өзені өңіріндегі Алтай партизандары атретінің казармасына келіп, Алтай партизандар қосынының басшылық жұмысына араласа бастады.

Ләтіп Мұстафаұлы* (1899-1986) ШТ-ның Көктоғай ауданының адамы. Ұлты қазақ. Оспан Исламұлының сенімді серігі әрі қолғанаты. Шыңдаң өлкелік бірлескен үкіметі құрылғаннан кейін Алтай аймағы уәлиінің орынбасары, жаңа Қытай үкіметі құрылғаннан кейін ШҰАР Саяси-мәсілихат кеңесінің жорасы болған.

Дубек Шалғынбаев (1920-1947)** ШТ-ның Шағантоғай ауданының адамы. Ұлты қазақ. Жоғары жіктен шыққан. Шыңжаң университетин тауысқан. ШТ ұлт-азаттық төңкерісі басталғаннан кеін Тарбағатай уәли мекемесінің органы - «Халық ауазы» газетінің бас редакторы болған.

Темірхан Әріпбайұлы*** Кеңес Одағының әскери ақылшысы.т ұлты қазақ. 1945-жыл Алтай аймағы уәлиінің орынбасары болған.1945-жылы желтоқсан айында еліне қайтып кеткен.

***

1944-жыл, маусым айының 8-16 күндері.

Қасымхан Сымайылов қатарлылар Шәуешек арқылы шегарадан өтіп, Кеңес Одағының Бақты қыстағына барып, Абыла Рамазановтың орналастыруы бойынша, «Шегара саудасын жасау» деген атпен Кеңес Одағында «Еміл штабын» құрды. 15-күні «Еміл штабы» Тарбағатай аймағындағы әйгілі қайраткерлерге және «Күрескер үш группаның» басшыларына хат жазып, оларды Тарбағатайдағы Гоминдаң үстемдігіне қарсы тұруға жұмылдырды әрі «Күрескер үш группаның» бірлесуін талап етті.

***

10.06.1944

Сталин АҚШ-тың Кеңес Одағында тұратын бас елшісі Гариманды қабылдаған кезінде, Қытай үкіметінің Шың Шысайды Шыңжаңдағы мәнсабынан қалдыруы - Кеңес-Қытай қатынасын жақсартуда келелі маңыз алатынын аңғартты.

***

18-24.06.1944

АҚШ президентінің орынбасары Хенри Уаллес Кеңес Одағынан Шыңжаң арқылы Шұңшиңге барып, Жияңжиешіге Сталиннің Шыңжаңдағы «Алтай дүрбелеңі» Кеңес Одағымен қатысты дегенді теріске шығарғанын, Шың Шысай Шыңжаңнан ауыстырып әкетілсе, «Алтай дүрбелеңі» өздігінен тынышталады деп қарайтынын айтты. Әрі Кеңес Одағы мен Қытайдың көршілік қатынасын жақсартуды үміт етті.

***

1944-жыл, маусым айының орта шені.

МХР-ның әскери ақылшысы Қаби МХР-ның әскери қызметкерлерінен 50 неше адамнан және Алтай қазақ малшыларының осы елдің шегарасынан қашып өткен 100 неше адамынан ұйымдасқан партизандар қосынын бастап, МХР-нан Буыршын ауданына қайтып келді.

***

1944-жыл, маусым айының орта шені.

«Алтай қазақ ұлтын көркейту комитеті» жиналыс ашып, Шыңшысайдың, Гоминдаңның үстемдігіне қарсы күресті тұтас Алтай аймағында етек алдыруды ұйғарды. Қуанышбайды құралды 400 адаммен «Бауырластарға хатты» және Дәлелхан Сүгірбаевтың туыстарына, ру басыларына жазған хатын беріп, МХР арқылы Сарсүмбеге (қазіргі Алтай қаласы) және Буырылтоғай ауданының солтүстік таулы өңіріндегі жайлауларға; Қабиды құралды 80 адаммен Қаба ауданының тауларындағы жайлауларға; Жылқайдарды Құралды 250 адаммен Жеменей ауданына үгіт айту, аттанысқа келтіру қызметін істеуге жіберді.

***

20.06.1944.

Қуанышбайдың құралды атреті негізінде ұйымдастырылған Буырылтоғай партизандар қосыны құрылды.

***

1944-жыл, маусым айының орта шені.

Қабидың құралды атреті негізінде ұйымдастырылған Қаба партизандар қосыны құрылды.

***

04.07.1944.

МХР-ның көмегінде Зұңғырып Шалқан 150 адамдық Қобық партизандар қосынын бастап, Қобық ауданына қайтып келді. Партизандық қимылдарын жалғастырды.

***

06.07.1944.

Шың Шысай уақыттық 3-дивизияның бастығы Таңжышуанға Үліңгір әкімшілік мекемесінен екі полк әскери күшті Сарсүмбеге қорғаныс құруға жіберу жөнінде бұйрық түсірді.

***

08.07.1944.

Жылқайдар құралды атреті негізінде ұйымдастырылған Жеменей партизандар қосыны құрылды. Рамазан Бөлімұлы*, Молла Ислам Сымайылов басшы болып сайланды.

***

1944-жыл, шілде айының бас шені.

Жеменей, Қобықсары аудандарындағы қазақ, моңғұл рубасылары; Жеменей партизан қосындарының басшылары Жеменей ауданы мен Қобықсары ауданының шегарасындағы Сауыр тауының Қарағайты жайлауында жиналыс өткізіп, Кеңес Одағының ақылшылары Әріпбай, Құрмаштардың көмегінде, Қобықсары қалашығына шабуыл жасау қимылын ақылдасып, орналастырды.

***

1944-жыл, шілде айының соңғы шені.

Мылтық тапсырудан бас тартқандығы себепті Гоминдаңның Нылқы аудандық сақшы мекемесі жағынан қолға алынған қазақ малшылары Әкпар* мен Сейіт** түрмеден шыққаннан кейін, Гоминдаңның аудандық үкіметінің зорагерлігіне құралды күшпен қарсы тұруға бекиді. Тамыз айының басында Кеңес одағынан қару-жарақ әкелуге барғанда Патих Мүсілимов*** қатарлылармен кездесіп, құралды күрес жасауды бірге ақылдасып, белгілейді. Олар атқа мылтық, оқ-дәрі айырбастап алып, арт-артынан қайтып келеді.

Әкпар Есбосынұлы (1911-1944)* ШТ-ның Нылқы ауданының адамы. Ұлты қазақ. Малшы. Нылқы көтерілісінің негізгі басшыларының бірі. Нылқы қалашығын алу шайқасында маңызды рол атқарған. Осы соғыста оқ тиіп жараланып, артынан қайтыс болған.

Сейіт Көрпебайұлы (1911 ?-1944)** ШТ-ның Нылқы ауданының адамы. Ұлты қазақ. Малшы. Әкпардың немере інісі. Нылқы көтерілісінің басшыларының бірі. Нылқы қалашығын және Құлжа қаласын алу шайқасында маңызды рол атқарған. Құлжа қаласына шабуыл кезінде оқ тиіп, ауыр жараланған., артынан қайтыс болған.

Патих Мүсілимов (1900-1980)*** Кеңес Одағының азаматы. Ұлты татар. Нылқы құралды көтерілісіне басшылық еткен. 1944 жылдан 1951-жылға дейін Нылқы ауданының әкімі болған. 1955-жылы еліне қайтқан.

***

1944-жыл, шілде айының соңғы шені.

Тарбағатайдағы Рыпов партизандар қосыны Сауыр тауында Жеменей партизандар қосынымен қосылып, Жеменей партизандар қосынынан мылтық, оқ-дәрі және тұрмысқа қажет бұйымдар жағынан көмек алды.

***

1944-жыл, шілде айы.

Ысқақбек Мононов Кеңес Одағы әскери ақылшыларының көмегінде Кеңес одағына еріксіз қашып өткен бір топ ұсақ ұлт бұқарасын жиып, әскери жаттығу жасады. Осы тұста Нұражы құралды қосын бастап, Кеңес одағынан Тасқорған ауданына келіп, шағын көлемді құралды күрес жүргізіп, Гоминдаң армиясы мен сақшыларына үзбей соқтығып отырды.

***

5-8 .07,1944

Қаба партизандар қосыны Қаба ауданының қалашығына шабуыл жасады. Шабуыл төрт тәулікке жалғасты. 8-күні Гоминдаңның көмекке жіберген әскерлері жетіп келеді де, паризандар амалсыздан қоршауды бұзып шығып, Кеңес Одағы мен МХР шегарасынан жол алып, Шіңгіл өңіріндегі Алтай партизанар қосынына барып қосылды.

***

14.08.1944

Фатих Мүсілимов, Әкпар, Сейіт, Абдолла, Қайнам қатарлылар Нылқы ауданының Ластай таулы өңірінде паризандар қосынын құрды және Жалынқолға, Жартоғанға, Көкебайға адам жіберіп, сол жердегі жұртшылықты партизандар қосынына қатынасуға үндеді.

***

17.08.1944

Патих Мүсілимов қатарлылар ораза айт намазынан пайдалана отырып, құралды көтеріліс жасау жұмысын мешітте отырып ақылдасты. Біреулер Гоминдаңның Нылқы аудандық сақшы мекемесіне барып құпиялықты әшкрелеп қойды да, аудандық сақшы мекемесі дереу қарулы сақшы жіберіп, тосын тінту жүргізді. Паризан қосыны басшылары хабар алысымен Ластай партизандарын бастап торуылдап соққы берді. Сол маңдағы жұртшылық та шайқасқа өздігінен қатынасты. Сақшылардан бірталайын атып өлтіріп, біраз мылтық олжа түсірді. Міне, бұл әйгілі «Нылқы бүлігінің» басталуы еді.

***

20.08.1944

Ластай партизандар қосыны тұңғыш шайқасының жеңісіне қол жеткізген соң, атағы шықты да, сол маңдағы жұртшылық оған топ-тобымен келіп қатынасты. Паризандар қосына алғашқы реттеуін жүргізіп,  үш үлкен атретке бөлінді. Адам саны 200, мылтық саны 60-тан асты. Патих Мүсілимов қолбасшы болды.

***

1944-жыл, тамыз айының орта шені.

Өлкелік үкімет «Нылқы көтерілісінің» хабарын естіген соң, Өлкелік сақшы істер басқармасы бастығының орынбасары Лию Биңдыны Құлжаға барып, Іленің уақыттық уәлиі міндетін өтеп, Іле аймағының амандығын күшейтуге жіберді.

***

29.08.1944

Гомин үкіметі мынадай бұйрық жариялады:

Шыңжаң өлкелік үкіметтің жорасы әрі төрағасы өтініш етіп, адал ниетін білдірді. Шың Шысай міндетінен қалдырылсын!

Шыңжаң Шегара қорғаныс бақауыл мекемесі таратылсын!

Шыңжаңда тұратын әскери бөлім түгел Әскери істер комитетіне төте қарайды. Бақауыл мекемесінің қызметтерін Шыңжаң Амандықты қорғау штабы өткізіп алсын!

Егін-мал шаруашылығы министрлігінің министрі Шынхұңле өзге міндетке қойылатындықтан, қазіргі міндетінен қалдырылуы тиіс. Шыңшсай Егін-орман шаруашылығы министрлігінің министрлігіне ерекше тағайындалсын!

Ужұңшин Шыңжаң өлкелік үкіметтің төрағалығына тағайындалсын!  Ужұңшин міндетін тапсырып алудан бұрын Жушаулияң әзірше уақыттық төрағалық міндетті өтей тұрсын!

***

02.09.1944

Шың Шысай 8-соғыс районы қолбасшысының орынбасары атымен мынадай бұйрық жариялады:

Іле аймағының жағдайы орнықсыз болғандықтан Атты әскерлер 1- дивизиясының командирі Сұйиңшүн үкімет қызметімен өлкеде болған кезде, запс 7-дивизия командирінің орынбасары Дудыфуды Іле аймағында тұратын барлық армия мен амандық қорғау бөлімдеріне біртұтас қолбасшылық етуге жіберу ұйғарылды. Сол кезде Гоминдаңның Іледегі жалпы әскери күші мөлшермен 2500 адам еді.

***

02.09.1944

Жу Шаулияң айропланмен Үрімжіге ұшып келіп, Шыңжаңның әскери әкімшілік істерін басқаруға кірісіп кетті.

***

03.09.1944

Дудыфуды Үрімжіден айрпланмен Құлжаға барды.

***

05.09.1944

Жушаулияң Кеңес Одағының Үрімжіде тұратын бас Консуль Пушкинмен кездесіп, билік жүргізуде көршілер мейірімді, дос болу бағытын ұстанатындығын білдірді.

***

07.09.1944

Ластай партизандар қосыны көп адам шығарып, Нылқы ауданының жер-жерінде үгіт қимылдарын жүргізіп, үгіт қағазын көп мөлшерде таратты. Іле аймақтық Сақшы мекемесінің бастығы Гаууи бұдан хабар тапқан соң, аймақтық сақшы мекемесі бастығының орынбасары Жаужұңмиң мен кеңесші Лиубиңиді бір рота әскери күшпен оларды жаныштауға жіберді.

***

10.09.1944

Алтай партизандар қосыны Нұрғожайды* құралды 500 адаммен Сарсүмбе, Буыршын аудандарында қимыл жасауға жіберді.

Нұрғожай (1912-1987)*- ШТ-ның Көктоғай ауданының адамы. Ұлты қазақ. Малшы. Алтай паризандар қосынының жауаптыларының бірі болған. Кейін Түркияға қоныс аударған.

***

11.09.1944

Шыңшысай айропланмен Шыңжаңнан аттанып, Шұңшинге барды.

***

20-23.09.1944

Ластай паризандар қосыны Жаужұңмиң бастаған 300-дей әскер мен сақшылардың Ластайды үш жағынан қоршап жоюын сәтсіздікке ұшыратты.

***

22.09.1944

Алтай партизандар қосыны Торғайтыда (Қазақ бейіті) гоминдаң армиясының Шонжыдан Алтайға жіберген әскеи бұйымдар тиелген 45 автомобиль мен 100 түйе тасымсал қосынына тұтқиыл шабуыл жасап, 80-дей адамын жойды. Оқ-дәрі тиелген екі автомобильін күйретті.

***

23.09.1944

Жушаулияңның Құлжаға көмекке жіберген 7-дивизия, 19-полкінің 1-баталионы Құлжаға жетіп барды.

***

23.09.1944

Ысқақбек Мононов Тасқорған партизандар қосынын бастап, Кеңес Одағы шегарасынан өтіп келіп, Ұлықшат ауданын алып, ілгерлей отырып Қашқарды алмақшы еді.

Бұл хабарды біліп қалған гоминдаң билеушілері Ұлықшат ауданындағы қорғанысты күшейткендіктен, Ысқақбек қосынын шегіндіріп әкетті. Алдымен Тасқорған ауданына шабуыл жасап, одан соң Қашқарға жорық жасау жаңа жобасын жасады.

Дәл осы кезде Нылқы ауданының Ластайында қарулы көтеріліс бұрқ ете түскенін естіген Ысқақбек, Нұражыларға Тасқорған партизандар қосынына басшылық етіп, Тасқорған ауданына шабуыл жасауға бұйрық берді. Өзі бірқыдыру құралды күшпен Кеңес Одағы шегарасы арқылы Ілеге аттанды.

***

1944-жыл, қыркүйек айы.

Рыпов партизандар қосыны Сауыр тауынан қайтып, Тарбағатай өңіріне келді. Паризандық қимылдарын одан ары жалғастырды.

***

04.10.1944

Ужұңшин айропланмен Үрімжіге келіп, Шыңжаң өлкелік үкіметтің төрағасы болды.

***

05-07.10.1944

5-қазан күні Ластай партизандар қосыны Әкбар; Патих, Хамит, Мүсілімовтарды құралды 500-ден астам адаммен Нылқы ауданы қалашығына шабуыл жасауға жіберді. Жол бойы оларға жұртшылықтан мыңдай адам қосылды. 6-күні таңсәріде Сейіт 1-үлкен атретті, Қайнам 2-үлкен атретті, Иван Шатов 3-үлкен атретті бастап, шығыс, оңтүстік, батыс - үш бағыттан аудан қалашығына сұрапыл шабуыл жасады. Қалашықттағы ұсақ ұлт бұқарасы оларға жабал сәйкесті. Паризандар қосыны бір күн, бір түн қиян-кескі шайқас жасап, 7-күні түстің алдында аудан қалашығын түгел басып алды. Қалашықты қорғап тұрған әскерлер мен сақшылардан 30-дай адамды жойды. Жерлік мәнсаптылардан, әскелер мен сақшылардан 140-тан астам адамды тұтқындады. 3 пулимот, 66 мылтық олжа түсірді. Түрмедегі Әбілқайыр Төре*, Нүсіпхан Көнбаев**, қатарлы жүзден астам адамды босатты.

Партизандар қосыны қалашықты алғаннан кейін, сыбан руынан шыққан Оспанды Нылқы ауданының уақыттық жауаптысы етіп тағайындады. Гоминдаң билеушілерінің партизандар қосынын қоршап жоюына көмектескен Қанатбек, аудан әкімі Ло Шишың, аудандық сақшы мекемесінің бастығы Фың Уйжүн және аймақтық сақшы мекемесінің орынбасары Жау Жұңмиң қатарлыларды атты. Сонымен бір уақытта, Жың ауданының Ашалы асуы мен Құлжа ауданынан Нылқы ауданына баратын әскери бекініс Мазарға жеке-жеке қорғаныс әскери бөлімдері жіберілді.

 

Әбілқайыр Төре (1890-1970)*- ШТ-ның Нылқы ауданының адамы. Ұлты қазақ. Төре тұқымы. ШТР Үкіметінің жорасы, Мал шаруашылық мекемесінің бастығы, ШТР-ның келіссөз уәкілі, Іле аймағы уәли мекемесінің орынбасары болған.

Нүсіпхан Көнбаев (1898-1986)**- ШТ-ның Нылқы ауданының адамы. Ұлты қазақ. ШТР Ұлттық армия атты әскерлер полькінің командирі болған.

Дайындаған - Ауыт Мұқибек баласы

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2107
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2520
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2214
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625