Сенбі, 27 Сәуір 2024
1105 0 пікір 6 Ақпан, 2023 сағат 12:42

СІМ: "Ресейдің соты бізге жүрмейді"

Украинадағы соғыс туралы мақала жариялағаны үшін Ресей сотынан шақырту алған қазақстандық басылым туралы Қазақстан СІМ түсінік берді.

СІМ Ресей соты бұл мәселеде Ресей Федерациясының Азаматтық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сүйенгенін айтады.

«Ресей Федерациясының аумағында белгілі бір жаңалықтар ресурсын бұғаттау үшін қабылдаған шаралар Ресейдің ішкі заңнамасына негізделген. Басқаша айтқанда, оның шешімдерінің заңды күші жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмайды», - деді СІМ.

Министрлік Қазақстан мен Ресей арасында БАҚ қызметіне сыртқы елдің араласуын көздейтін шарттар жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ, СІМ Arbat media-ның Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбағанын айтты.

 

Abai.kz

0 пікір