Жексенбі, 23 Маусым 2024
1402 0 пікір 3 Ақпан, 2023 сағат 11:38

Сайлауға түсетін партияларға бөлінген қаражат қалай бөлінеді?

Бүгін Сенатта өткен баспасөз мәслихатында тілшілер министрден 11,8 млрд теңге партияларға қалай бөлінетінін сұрады.

«Жақын арада 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау бойынша Парламентке барамыз. Бұл тұрғыда Орталық сайлау комиссиясының деректері аясында осы бюджетті қайта қарап, партиялар арасында бөлеміз. Заң бойынша бұл қаражатты Парламентке фракция болып енген партиялар алады», - деді Е. Жамаубаев.

Осы орайда министр жинаған дауыс санына қарай тиісті әдістеме бар екенін және осы дауыстар бойынша қаржыландыру жүргізілетінін айтты.

«Мәселен, 2022 жылы шамамен 8,5 млрд теңге қарастырылған еді. Оның басым бөлігі Amanat партиясына, 1 млрд теңгеге жуығы Ақ жолға, сондай-ақ 800 млн теңге Қазақстан халық партиясына бөлінді», - деді Е. Жамаубаев.

 

Abai.kz

0 пікір