Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 1362 0 пікір 1 Ақпан, 2023 сағат 14:56

Tattialma.kz – тіл үйрететін жаңа сайт

Мемлекеттік тілді дамыту қорының Баспасөз қызметі «Тәтті алма» атты балаларға қазақ тілін үйренуге арналған ойын түріндегі жаңа сайт ашылғанын хабарлайды.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының Soyle.kz командасы «Казцинк» ЖШС-ның қолдауымен балаларға арналған тапсырмалары, жаттығулары және ойын симуляторлары бар интерактивті ойын түріндегі алғашқы бірегей «Тәтті алма» онлайн-платформасын іске қосты.

Платформа кімге арналған?

- 4 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға

- ата-аналарға

- бастауыш сынып мұғалімдеріне

- балабақша тәрбиешілеріне

- балалар орталықтарының оқытушыларына

Платформаның бірегейлігі – алғашында балалар сайтты ересектердің көмегімен меңгерсе, кейін сабақты өз бетінше жалғастыра алады. Осылайша, ата-аналар үшін балаларының нәтижелеріне қуану ғана қалады. Сондай-ақ, сайтта мектепке дейінгі және бастауыш мектеп мекемелері үшін қазақ және орыс тілдерінде оқытудың өзекті дидактикалық материалдары бар. Балаларға арналған 6 томдық «Тәтті алма» жинағының көркем шығармаларын https://tattialma.kz/kz сайтында, «Кітапхана» бөлімінде оқуға болады.

Сайт екі негізгі функцияны біріктіреді:

- бастауыш сынып оқытушыларына бағытталған және оларды қазақ тілінде оқыту контентімен қамтамасыз етуді көздейді;

- балаларға арналған ойын түріндегі білім беру бағдарламасы.

Қазіргі уақытта №1 Soyle.kz онлайн-порталында әлемнің түкпір-түкпірінен 300 мыңға жуық пайдаланушы қазақ тілін үйренуде. Сондай-ақ, Soyle.kz командасының тіл үйрететін «Soyletube», «Soyletiktok» арналары, қазақ тілілінде сауатты іс қағаздарын жүргізуге көмектесетін «Resmihat.kz» платформасы, «Qazcomics.kz» веб-графикалық романдар сериясы, Қазақстандағы тұңғыш «Abaialemi.kz» онлайн-энциклопедиясы, «Qazaqstan 3D» Қазақстанның киелі жерлерінің картасы және «Кім білгіш?» тұңғыш отандық мобильді зияткерлік ойыны сияқты жобалары сәтті жұмыс істеуде.

 

Abai.kz

0 пікір