Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2337 3 пікір 25 Қаңтар, 2023 сағат 13:48

Әшімбаев Сенатты кім басқаратынын айтты

Сенатор Мәулен Әшімбаев Парламент жоғарғы палатасы спикерінің кандидатурасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынатынын айтты.

Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін журналистер Әшімбаевтан Сенат Төрағасы кім болатынын сұрады.

"Мұндай шешімді Президент қабылдайды. Біздің заңнамаға сәйкес Президент спикердің кандидатурасын ұсынады, содан кейін депутаттар дауыс береді. Қандай шешім қабылдайтынын Президенттің өзі шешеді", - деп жауап берді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев 2020 жылғы мамырдан 2023 жылғы қаңтарға дейін Парламент Сенатының төрағасы қызметін атқарды.

Бұдан бұрын Президенттің Жарлығымен 13 сенатордың өкілеттігі тоқтатылды. Олардың төртеуі  қайта тағайындалды, олар: Мәулен Әшімбаев, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Қалтаева, Асқар Шәкіров.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2062
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2490
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2092
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1605