Жұма, 26 Сәуір 2024
1107 1 пікір 24 Қаңтар, 2023 сағат 11:46

Қазақстан мен АҚШ энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады

Қазақстан мен АҚШ энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады, деп жазды Ақ үй Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливанның Қазақстанның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханмен кездесуі туралы хабарламада.

Кездесу барысында Америка мен Қазақстан барлық мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қоса алғанда, БҰҰ Жарғысының қағидаттарын қолдауға бейілділігін растады.

Тараптар сондай-ақ елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті және энергетикалық қауіпсіздік сияқты негізгі өңірлік мәселелер бойынша екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Америкалық тарап Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін жақсарту жөніндегі іс-әрекетін қолдайтынын атап өтті.

 

Abai.kz

1 пікір