Жұма, 26 Сәуір 2024
1618 0 пікір 20 Қаңтар, 2023 сағат 13:23

Әкімдік: Боранбаевқа тиесілі автотұрақтар қайтарылды

«АParking» компаниясы базар маңындағы көлік тұрақтарын қала меншігіне берді.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, қалада алдағы уақытта көпқабатты тұрақтар салынады.

– Паркингтен түскен кіріс жергілікті бюджетке өтеді. Биыл бағдарлама басталып, орындар ізделеді. Базар маңындағы орындар «AParking»-тен қалаға берілді, – деді Досаев Алатау ауданының жұртшылығымен кездесуде.

Әкім қала билігі тұрақтарды сату мүмкіндігін қарастыратынын атап өтті.

Айта кетсек, бұған дейін Ақылы тұрақтарды қадағалайтын «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынған еді. Кейін Алматы басшылығы ақылы автотұрақтардың әкімдік меншігіне қайтарылатынын мәлімдеді.

«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС бірыңғай оператор ретінде қаланың бес ауданында (Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб) орналасқан тротуар тұрақтарына қызмет көрсетуге маманданған. Әкімдікке осы ЖШС-нің 30 пайызы тиесілі.

Abai.kz

0 пікір