Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3669 0 пікір 12 Наурыз, 2013 сағат 10:02

Мұхтар Шаханов: Атом электр станциясын салуға қарсымын!

Қоғамда үлкен талқының біріне айналған тақырып - Қазақстанда Атом электр станциясын салу.

Өткен айдағы Үкімет отырысында Президент Назарбаев: «Қазақстанда атом электр станциясы болуы керек. Оның әртүрлі себептері бар. Дәл қазір себептерін талқылап жатпайық. Біз мұны (АЭС) қазірдің өзінде жасай аламыз. Ендеше, кірісейік. Салынатын жерді анықтаңдар. Және бірлесіп жұмыс істейтін тараптармен сөйлесуді бастайық», деген еді.

Ал, науыз айының басында «Қазатомпром» ұлттық компаниясының инновациялық жобалар жөніндегі басқарушы директоры Валерий Шевелов: «АЭС салуға байланысты саяси шешім қабылданды. Бірінші станция Маңғыстау облысында болуы мүмкін", деп мәлімдеген болатын.

Сөйтіп, жуықта Қазақстанда АЭС салуға халықаралық тендер жарияланбақшы.

Бұл мәселеге орай екі адамның пікірін алдық. Бірі - ақын Мұхтар Шаханов, екіншісі - экономист Қанат Берентаев.

Мұхтар Шаханов:

-         Қазақстанда АЭС салуға түбегейлі қарсымын. Оның зардаптары орасан болады. Кезіндегі Чернобыль апатының салдарын талай азамат әлі күнге тартып келеді. Бұл аз десеңіз, қай жағынан алсаңызда дамыған, әлемдік технологияның тізгінін ұстап отырған жапондардың өзі табиғат апатының кесірінен болған АЭС-тің жарылысына араша бола алмады.

«Семей полигонын жаптық» деп әлемге жар салып жүрген биліктің АЭС саламыз, ядролық отын банкін құрамыз дегені қай сасқаны. АЭС салудың түбі жақсылыққа апармайды.

Қанат Берентаев:

-         АЭС салу мәселесіне қатысты көзқарасым оң. Себебі, АЭС - энергетикалық тапшылықты азайтады әрі энергия өндіруге кететін шығынды үнемдеуге жол ашады. Жалпы, бастапқыда АЭС салуға көп қаражат жұмсалғанымен, уақыт өте келе оған тіпті аса көп шығындалмайтын боламыз. Бұл жағында ескеру керек. Әрі еліміздің батыс өңірінде мұнай-газ өндіруі нысандарды көп болғандықтан сәйкесінше, оған жұмсалатын энергия да көлеміде үлкен болады. АЭС бұл өңірді арзан энергиямен қамтамасыз ету мәселесін шешкен болар еді.

Ал, халықаралық дәрежедегі АЭС салуға қарсы жасалып жатқан шаралар, пікірлер - мұның бәрі популистік дүние.

Жаңа технологияны игеру, үйрену, өндіріске қосу, пайдалану қажеттілігі қазіргі заман талабы. Сондықтанда АЭС салынуы дұрыс деп ойлаймын.

Дайындаған - Өміржан Әбдіхалықұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1000
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 736
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 849