Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2478 0 пікір 11 Наурыз, 2013 сағат 06:51

Қазақтар адам емес пе?

Қазір ауа-райының құбылуына байланысты Төтенше жағдайлар құрылымы тарапынан мобилдік байланыспен СМС-хабарлама латын қарпымен таратылады. Бірақ ол тек қана Ресей мемлекеттік тілінде. Осыған орай, бір азамат министр блогына наразылығын жолдапты. Мәселенің одан арғы өрбуін бақылауда ұстамақпыз.

Abai.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

В.К. Божко мырзаға

Құрметті  Владимир Карпович!

Ауа-райына қатысты смс-хабарламалардың таратылуына Сіздің министрлік бөлімшелерінің тікелей қатысы бар деп ойлаймын. Әрине, азаматтарды қауіп-қатерден сақтандыру мен ақпараттандыру - Сіздің органның басты міндеттерінің бірі.

Алайда, аталмыш смс-хабарлама біржақты және бір тілде - орыс тілінде болуы елдің заңнамасын бұзумен бірге, азаматтардың ақпарат алу құқығын да таптап отыр. Рас, смс-хабарламалар латын қарпімен таралуда, бұл - уақытша техникалық кемшілік екені рас. Алайда осы қаріппен қазақ тілінде де хабарлама тарату мүмкіндігі барын Сіздің министрлікке қарасты ұйымдар мен бөлімшелер білуі тиіс. Білмесе, Тіл комитетімен келісіп, мәселенің шешілуін қарастыруы керек еді. Аталмыш жайт ел азаматтарын алалау, барып тұрған заңсыздық!

Бұл жайтты Сізге баяндай отырып, мәселені бірігіп шешуге шақырамын. Қажеттілік болса, азаматтарға түсінікті латын қаріпті  нұсқасын беруге болады. Және бұл мәселені заңдастыруды уақытша болса да, Мәдениет  және ақпарат министрлігімен бірігіп қолға алуды ұсынамын. Әлі күнге бұл жайтқа назар аудармай, мәселені шешпей отырған Мәдениет және ақпарат министрлігінің де кінәсі бар екендігін білеміз. Сізден аталмыш мәселеге қатысты түсіністік күтемін.

Құрметпен,

Серік Әбдірешұлы,

ҚР азаматы

Министрге жөнелген хаттың тіркелгендігі жөніндегі хабарлама нөмірі: № 192448

Abai.kz

0 пікір