Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 2619 0 пікір 30 Желтоқсан, 2022 сағат 12:41

Арманы орындалмаған Король...

Бүгін 82 жастағы футбол аңызы Пеле өмірден өтті.

Дондиньо (Пеленің әкесі) — жас кезінде футболист болған. Бірде әкесі жас Пелеге газеттегі өз суретін көрсетіп, мен мына ойында 5 голды да баспен соққанмын деп, айтыпты. Пеленің футболдағы басты мақсаттарының бірі — әкесі секілді 1 ойында 5 гол соғуды армандаса да, сол күйі орындай алмапты.

Пеленің әлем чемпионаттарына жасаған болжамы үнемі тура келмеген.
1994 жыл. Колумбия әлем чемпионы атанады дейді (топтан шықпады)
1998 жыл. Испания әлем чемпионы атанады (топтан шықпады)
2002 жыл. Бразилия чемпион болмайды (Бразилия топ жарады)
2013 жылы Пеленің айтқаны болмайды деп, Бразилия жерінде өткен әлем чемпионатының жеребесін өзге біреуге тарттырды.

Пелені барлығы мықты шабуылшы ретінде біледі. Бірақ ол 4 мәрте "Сантос" және 1 рет Бразилия сапында қақпаға тұрған.
Пеле — 3 мәрте әлем чемпионы болған жалғыз футболшы!

1958 жыл.
Бразилия мен Швеция ойыны, 5:2

1962 жыл.
Бразилия мен Чехословакия ойыны, 3:1

1966 жыл.
Бразилия топтық кезеңнен өте алмады. Бірақ Португалиямен өткен шешуші ойында Пелені 2 рет шалған Жоао Мораишты төреші алаңнан қумады. Бұл сәт тарихта төреші Джордж Маккейбтің ең қате шешім қабылдаған оқиғасы ретінде тіркелді. Салдарынан Пеле ойын бойы ақсаңдап (ойыншы ауыстыруға рұқсат болмады) жүрді.
Португалия мен Бразилия ойыны, 3:1

1970 жыл.
Бразилия мен Италия ойыны, 4:1
Пеле 92 ойында хет-трик (1 ойында 3 гол) авторы атанған.
Криштиану Роналду — 60
Лионель Месси — 56

Пеле әлем чемпионатында хет-трик жасаған ең жас футболшы (17 жас 244 күн)
1958 жыл. Бразилия мен Франция ойыны, 5:2
Футбол мансабында 2 ғана клубта доп тепті.
"Сантос" — 1956-1974 жылдар аралығы.
"Нью-Йорк Космос" — 1975-1977 жылдар аралығы. Сол кезде әлемдегі ең көп жалақы иегері (7 млн доллар) атанды.
TIME журналы бойынша XX ғасырдағы ең атақты 100 адамның қатарына кірді.
1995-1998 жылдары Бразилияның спорт министрі болды.
11 мәрте киноға түскен.

Қанат Байұзақов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 442
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 235
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 262
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 257