Жексенбі, 12 Мамыр 2024
1855 1 пікір 28 Желтоқсан, 2022 сағат 14:14

Сербия мен Косово соғыс алдында тұр

Сербия қарулы күштері ішінара мойындалған Косово Республикасымен шекарадағы әскерін ұрысқа дайындап қойды. Бұл туралы Сербия қорғаныс министрінің орынбасары Милош Вучевич мәлімдеді.

Сербия ІІМ бөлімдерінің бәрі де ұрысқа дайын тұр: олар армия штабы қолбасшылығының басқаруына өтті. Ел президенті Александр Вучич осындай жарлық шығарған.

26 желтоқсанда Косово билігі де қарулы күштері ұрысқа толық дайын деп мәлімдеді. Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай шешім Косово мен Метохияның солтүстігінде сербар тұрғызған баррикадаларды жою мақсатында қабылданған.

Сербия мен Косово арасы биыл шілде айында тағы шиеленісті. Сол кезде Приштина елге келетін Сербия азаматтары үшін уақытқа құжат енгізіп, елдегі сербтерден автокөліктеріндегі ескі серб нөмірлерін жергілікті нөмірлерге ауыстыруды талап еткен. Соның салдарынан Косовоның солтүстігінде сербтер көп тұратын аудандарда жаппай тәртіпсіздіктер болды. Косово билігі шешімнің күшіне ену мерзімін бірнеше мәрте ауыстыруға мәжбүр болды.

Қарашаның аяғында Косово мен Сербия автокөлік нөмірлеріне қатысты дауды реттеді, алайда аймақтарда жанжал тиылған жоқ.

26 желтоқсанға қараған түні Сербия мен Косово шекарасындағы Зубин-Поток қаласы аумағында атыс болды, бірақ ешкім зардап шекпеді.

2008 жылы Косово Республикасы Сербиядан тәуелсіздік алғанын жариялады. Оны АҚШ пен Еуроодақ құрамындағы елдердің дені мойындады. 2013 жылдан бері Белград пен Приштина қарым-қатынасын реттеуге талпынып келеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1947
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2204
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1818
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1540