Сенбі, 11 Мамыр 2024
1836 0 пікір 28 Желтоқсан, 2022 сағат 14:06

Өзбекстанда "Док-1 Макс" дәрісінен 18 бала көз жұмды

Өзбекстанда "Док-1 Макс" дәрісін ішкеннен кейін өлген бала саны 18-ге жетті. Бұның алдында осы дәріні қабылдаған соң 15 бала қайтыс болғаны хабарланған еді.

Самарқанд облысы балалар ауруханасының бас дәрігері М. Әзізов 15 желтоқсанда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысына хат жазып, "Док-1 Макс" дәрісін қабылдаған 21 баланың "бүйрегі істемей қалғанын" айтқан.

Омбудсмен баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқастар Жизақ, Қашқадария, Науаи және Самарқанд облыстарынан түскен. Үш науқас жазылып, үйіне қайтқан. 18 науқас қайтыс болған. Олардың бәрі алты жасқа дейінгі балалар, 15-і үш жасқа әлі толмаған.

Науқастардың ата-аналары тұмауратқан балаға осы дәріні берген соң жағдайы күрт нашарлағанын айтқан. Дәріні қабылдау нұсқаулығында оны екі жастан бастап беруге болатыны жазылған, ал басқа да фирмалардың осындай құрамдағы дәрілерінде 12 жастан бастап беруге болатыны айтылған.

Өзбекстан 2022 жылғы 22 желтоқсанда бұл дәріні сатуға уақытша тыйым салды. Денсаулық сақтау министрлігі Үндістанның Marion Biotech Pvt. Ltd компаниясының "Док-1 Макс" дәрісін Самарқанд дәріханаларының сатып алу тәртібін тексеріп жатыр.

Өзбекстанда балалалар өліміне байланысты Қырғызстан да "Док-1 Макс" дәрісін сатуды тоқтатты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1926
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2069
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1722
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1523