Жұма, 10 Мамыр 2024
1595 4 пікір 27 Желтоқсан, 2022 сағат 15:05

Елбасы туралы заң әлі күшін жоймады. Министр не дейді?

Тұңғыш президент туралы заң неге әлі күшін жоймады? Бұл сұраққа жауап берген министр Қанат Мусин «Тұңғыш президент туралы заңмен Әділет министрлігі айналысып жатқан жоқ»,-деді.

«Тұңғыш президент туралы заң жобасымен қазір Әділет министрлігі айналысып жатқан жоқ. Біз заңнаманың ревизиясын жүргізіп жатырмыз. Өйткені, Тұңғыш президент туралы норма кемінде 20 заңда бар. Сол себепті заң жобасын даярлау үшін базаны әзірлеп, бір заңмен ғана емес, кешенді жұмыс жүргізу керек. Жұмыс жалғасып жатыр», - деді Қанат Мусин үкімет кулуарында.

Бұған дейін Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров «қазір енгізілген өзгертулер аясында заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр, осыған байланысты «Елбасы туралы" заң жыл соңына дейін күшін жояды» деген болатын. Бірақ жыл соңы болғанына қарамастан, заң әлі өз күшін сақтап тұр.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1911
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2008
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1682
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1514