Сенбі, 11 Мамыр 2024
1460 3 пікір 27 Желтоқсан, 2022 сағат 13:41

Үкімет басшысы: "Келесі жыл да оңай болмайды"

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында өткен жылды қорытындылады.

«Бүгін – Үкіметтің осы жылдағы соңғы отырысы. Жалпы еліміз үшін бұл жыл оңай болған жоқ – қайғылы «қаңтар оқиғасынан» бастап әлемдік маңызы бар бірқатар қиын жағдайлар орын алды. Алайда, қиындықтарға қарамастан, халқымыздың ынтымағы мен ауызбіршілігінің арқасында біз Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштықты сақтап қалдық», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдына 2023 жылы және одан кейінгі 7 жыл бойы тиімді іске асырылуы тиіс бірқатар міндет қойған.

«Үкімет Президентіміздің саяси және әлеуметтік реформаларын іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Келесі жыл да оңай болмайды. Бірақ біз қойылған мақсаттарға жетуіміз керек. Ол үшін нақты жоспарларымыз бар. Жаңа жылда еңбектеріңіз жемісті болсын. Баршаңызға зор денсаулық, табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Келе жатқан жаңа 2023 жылмен құттықтаймын!», - деді Әлихан Смайылов.

Еске салсақ, бұған жейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жыл қазіргіден де күрделі болуы мүмкін деген еді.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1927
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2075
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1725
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1523