Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3014 11 пікір 8 Желтоқсан, 2022 сағат 14:38

"Ұйғыр ауданы" деген атау бізді өтірік айтуға үйретті

Рас! Аудан атауы бізді міз бақпай, шімірікпей өтірік айтуға үйретті. Мектеп қабырғасында жүргенде көп нәрсені жете түсініп, байқай қоймадық.

Студент атанып, ЖОО түскеннен кейін ғана өзімізді өзгелерден бір саты төмен санау басталды. Студенттер қай жерден келгенін, қай жақтың тумасы екенін мақтанышпен, көтеріңкі дауыспен айтып жатқанда, мен де қызды-қыздымен ауданның атын айтып салдым.

Потоктағы бүкіл студент бұрылып қарады. Сұрақтар: "Ол қай жақта?","Қытайда ма?"," Ұйғырсың ба?" Шаршап кеттім.

Содан кейін көп сауал туындатпау үшін "Нарынқолдың Шалкөдесіненмін" дейтін болдым. Ал бір адам нарынқолдық болып қалса тайсақтап, сол ортадан тезірек кетуге асығатынмын.

Неге жер атауы үшін жастар зардап шегуі керек? Неге бесіктен белі шықпастан өтірік айтуы керек?

Қашан біздер өз туған жерімізді мақтанышпен атай аламыз?

"Киелі қарадала тумасымын" дегенді мақтанышпен айтайын! Мені және менің жерлестерімді өтірік айтуға мәжбүрлемеңіздер, ел ағалары!

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Даурен Абаев, Берік Уәли , Жанарбек Әшімжан , Мақпал Мыса Қанат Бозымбаев, Алмас Карбозов, Ғалимұрат Жүкел.

 

Арайлым Ботанқызы

Abai.kz

11 пікір