Жұма, 26 Сәуір 2024
1280 2 пікір 7 Желтоқсан, 2022 сағат 12:27

Павлодар облысының әкімі тағайындалды

Павлодар облысының әкімі болып Асайын Байханов тағайындалды. Ол бұған дейін Павлодар қаласының әкімі болған.

Асайын Қуандықұлы Байханов 1977 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005-2006 жылдары European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) және «ProCredit Holding AG» неміс халықаралық банк холдингінің Корпоративтік квалификация арттыру Орталығында білімін жетілдірген. 2017 жылы М.В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік» бойынша МВА дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2000 жылы банк секторында Еуропа қайта құру және даму банкінің (EBRD) офисі Қазақстанда жүзеге асырған Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы бойынша бастаған.

2003 жылдан 2007 жылға дейін «ProCredit Holding AG» неміс халықаралық банк холдингінде бірқатар басшылық лауазымдарында қызмет атқарған. Киев қаласындағы «ПроКредит Украина» ЖАО-ның атқарушы директоры болған. 2007 жылы А. Байханов Қазақстанға «Нұрбанк» АҚ Басқарма басшысы орынбасары қызметіне оралып, банктің филиалдық желісін кеңейту, аграрлы сала мен шағын және орта бизнесті несиелеу бағыттары бойынша жұмыс істеген.

2009-2015 жылдар аралығында жеке секторға ауысып, ауылшаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысқан.

2015-2020 жылдар «КазАгро» Ұлттық басқарма холдингі» АҚ тобындағы «КазАгроӨнім» АҚ квазимемлекеттік компаниясының Басқарма басшысының орынбасары болды.

2020 жылғы наурыздан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2021 жылғы 19 шілдеде Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалған.

 

Abai.kz

2 пікір