Жұма, 26 Сәуір 2024
988 0 пікір 6 Желтоқсан, 2022 сағат 14:17

Министр: "Күріш тапшылығына қатысты қауіп жоқ"

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күріш бағасына пікір білдірді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеген күріш бағасы шындықтан шалғайда жатыр. 1 келі күрішті 250 теңгеге қайдан алуға болады?», - деп сұрады Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері Серік Жұманғариннен.

«Айталық, дүкендерде келісі 250 теңгеден күріш бар. Өздеріңіз үшін эксперимент жасап, ірі супермаркеттерден бірдей азық-түлік жиынтығын сатып алар болсаңыздар, онда құнына қатысты айырмашылық бірден байқайсыздар. Тіпті «А» санатындағы желілік дүкендердің өзінде білінеді. Ал егер үйдің жанындағы дүкеннен сауда жасасаңыз, онда әрине сізге тиімсіз болады. Адам орташа есеппен аптасына 4 рет сауда жасайды. Екі рет азық-түлікті молынан және 2 рет үйдің жанындағы дүкеннен алады», - деді Сауда министр.

Оның айтуынша, 2019-2020 жылдары елімізді 550 мың тонна, ал 2017 жылы 490 мың тонна күріш өндірілген.

«Биылға 507 мың тонна күріш жоспарланған. Өте аз көлемде импорттап отырмыз. Осы жылдың 10 айында 76 тонна күріш экспорттадық. Бүгінде шамамен 250 мың тонна қор бар. Күрішке қатысты ешқандай қатер жоқ. Дегенмен, қалай дегенде де желтоқсан айында мониторинг жасауға шешім қабылдадық», - деді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов кейбір ақпарат құралдарындағы күрішке қатысты мәліметтерге алаңдаушылық танытқан еді.

 

Abai.kz

0 пікір