Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
2391 0 пікір 30 Қараша, 2022 сағат 15:30

Цзян Цзэминь өмірден өтті

Қытайдың бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминь қайтыс болды.

Цзян Цзэминь 1993 -2003 жылдары Қытай Халық Республикасының төрағасы қызметін атқарды. 1989 – 2002 жылдары Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы болып қызмет етті. Одан басқа 1990 – 2005 жылдары ҚХР-дың орталық әскери кеңесінің төрағасы қызметін қоса атқарды. Коммунистік партияға 1946 жылдан бері мүше болған. 1982 жылы партияның орталық комитетіне мүше болып сайланған. 1987 жылдан 2002 жылға дейін партияның саяси бюроның мүшесі болды.

Ол 1926 жылы 17 тамызда Янчжоу қаласында Цзянсу провинциясында туған.

Цзян Цзэминь Дэн Сяопиннің реформаларын жалғастырып қана қоймай, жаңа реформалар жүргізді. Ол төраға болған соң Қытайдың әлемдік нарықтағы орын үшін күрес жүргізе бастады. Оның реформаларының арқасында Қытай экономика саласында әлемде жетінші орынға ие болып, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Елдің әскери және экономикалық әлеуеті артты. ҚХР Азия-Тынық мұхит аймағында көшбасшы болуға деген ұмтылысын жариялады. Шанхайда АСЕАН саммиті өтті. 2008 жылғы Олимпия ойындарына өтініш берілді.

Цзян Цзэминь орыс тілін жақсы білді. Ол орысша көптеген мақал-мәтелдерді айтатын. Орыс тілінде жазылған ескі танымал әндер жазды. Цзян Цзэминь 1948 жылы Ван Елинге үйленді. Одан Цзян Мяньхэн мен Цзян Мянкан деген балалары бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар