Жұма, 26 Сәуір 2024
1405 0 пікір 24 Қараша, 2022 сағат 15:00

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін төмендету қарастырылып жатқан жоқ

Зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегін төмендету мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Айта кетейік, жақында Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендетуді ұсынып, Үкімет басшысына сауал жолдаған болатын.

«Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Ал жеке өзімнің көзқарасыма тоқталсам, мұндай қадамға қарсымын. Өйткені зейнетақы аударымдарын алудың бірінші толқыны бойынша есептеулер жүргізілген кезде, адамдардың тиісті жас санатын қамтамасыз ету үшін белгілі бір есептеулер жүргізілді. Сондықтан зейнетақыға қатысты ең төменгі жеткілікті шекті төмендету зейнетақы жинағын шешіп алуды ынталандыратыны түсінікті. Осының салдарынан болашақта зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемдерінің жеткіліксіз болу болжамын айтарлықтай арттырады», - деді Ә. Қуантыров.

Оның айтуынша, зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендету салдарынан бюджетке қосымша жүк те болады. Бұл тұрғыда зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайына кері әсер ететін түрлі факторлар басталады.

 

Abai.kz

0 пікір