Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2522 0 пікір 14 Ақпан, 2013 сағат 11:19

Жаңа фильм: «Бір кем дүниені» көріңіз!

Ұлттық құндылықтарын Исламмен үйлестірген мұсылман қазақ халқы имандылыққа ұйысқан сайын жамағаттың рухани дүниелерге сұранысы артуда. Ислам құндылықтарына тереңнен бойлаған бауырларымызда ізгілік пен құлшылыққа деген құлшыныс байқалады. Ықылым заманнан мұсылманшылыққа ықыласы ауған, адамгершілікті ту еткен ел халқының діни сауаты бір сатыға көтерілді. Үнтаспадағы уағыздарға, ғибратты бейнекөріністерге, тағылымды телетуындыларға сұраныс күшейді. Ендеше, қайтпек керек? «Темірді қызған кезде соқ». Қазақ киносы тағы бір жаңа рухани туындымен толықты. Жаңа фильм - «Бір кем дүние» көрерменге жол тартты.

Фильмнің продюсері һәм сценариін жазған белгілі журналист Орынбасар Балтабайұлы, ал қоюшы режиссері Төлеген Бейсет. Басты рөлдерде - ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері - Оразхан Сәдуақасұлы, Шолпан Сіргебаева, белгілі актерлер - Азамат Сатыпалды, Жалғас Толғанбай, т.б.

Фильмде қарапайым ауыл ақсақалының өмірі баяндалады. Ешкіммен қақ-соғы жоқ Мұса ақсақалдың өмірлік ұстынымы - адал ақша табу, маңдай термен келген нан тәтті. Қартайдым-ау демей, таңнан қара кешке дейін тыным таппайды. Тапсырыспен ат әбзелдерін жасайды. Өзі қолөнер шебері. Құдай қосқан қосағы Нұржібек те үй шаруаларымен әуре. Бала мен келіні қалада жұмыс істейді. Сондықтан шал мен кемпірдің шараудан шаршауға уақыты жоқ.

Ақсақалдың арманы - қасиетті мекен - Мекке қаласына сапар шегіп, қажылығын өтеу. Тапқан-таянғанын «үй банкісі» - қара жәшікке салады. Кемпірі де қарап жүрмей, сүт сатудан түскен тиындарды жәшікке жинайды. Ақшаның басы құралғанда шал шетелге шығатын төлқұжат жасатпақ боп халыққа қызмет көрсету орталығына барады. Компьютер құрғыр қария тұрған үйдің салығы бірнеше жылдан бері төленбегенін анықтап берді. Шалдың салы суға кетіп, жәшікке салған ақшасын салыққа құяды. Бұл - ақсақалдың басына түскен бірінші өмір сынағы еді.

Тірі адам тіршілігін жасамақ. Отағасы мен отанасы жылдар бойы тиыннан теңге құрайды. Қажылыққа баруға бір қадам қалғанда, әуежайда кедендік тексеруден өткізерде Мұса атаның үміті тағы үзіледі. Тағы да - салық... Ақсақал 5-6 жыл бұрын ауылға кіреберіс жолда көлік апатына ұшырайды. Өзі аман қалады. Ал көлігінің күл-талқаны шығады. Көлігінің салығын төлемегені үшін оған шетелге шығуға рұқсат бермейді. Қарияның көз жасын қатал заң түсінсін бе?! Ақсақалдың аяғын теңге тағы «тұсаулайды». Жолдасын Мекке-Мәдинаға шығарып салған Нұржібектің де үміті күпті боп, көңілі босап қоя береді. Бір кем дүние деген осы болар.

Туынды көрерменін бірде жылатып, бірде жігерлендіреді. Тіпті, қажылық үшін сауын сиырын сатарда малын қимай, көз жасына ерік берген Нұржібекпен бірге жылайсың.

Фильм өмір қиыншылықтарына мойымай күресуге үндейді. Көңілге жігер сыйлайды. Қазақтың санасына сіңіп, бойынан көрініс тапқан асыл құндылықтардың бірі - ар мен ұят секілді ұлы ұғымды қастерлеуге, арзан абыройға, қу дүниеге алданбай, арды сақтауға шақырады.

Фильмде Қайрат әкесіне тапқан табысын толығымен беретін тұсы бар. Бірақ баласының суыт жүрісінен күдіктенеді. Таңға таяу бір сөмке ақшаға көзі түседі. Көлденең келген көк долларды адал жолмен таппағанын іші сезіп, ашуға булығады. Қарт арам жолмен тапқан ақшаны бетіне шашып, ақшаны арына  айырбастамайды. «Бүйтіп тапқан байлығың құрысын», - деп ауылға тартып кетеді. Ар-намыс, ұят, шыншыл секілді қасиеттерді бойына жинаған Мұса қария тек өзін емес, өзгелерді де осыған үйретеді. Осылайша бүтін ауылға үлгі болады һәм абыройы артады.

«Дүйім жұрт сөзін тыңдап, пікіріне құлақ асқанды абыз дейді. Ауыл-аймаққа әмірі жүретінді ақсақал атайды. Ал елдік сананы қалыптастыра алмай, ауыл-аймақ күйбеңінің шырғалаңында жүргенді шал дейді», - дейтін теңеуі бар жазушы Шерағаңның (Шерхан Мұртаза).

Кейіпкер нағыз ауыл қариясының рөлін сомдайды. «Ауылда шалдар көп, алайда ақсақалдар азайып бара жатыр», - деп күрсінген кейбіреулерді «е, бәсе қазақтың қариялары әлі де бар екен ғой» деген ойға жетелейді.

«Кемпірдің сиырмен қимай қоштасқан тұсы қатты әсер етті. Көзге жас алмау мүмкін болмады. Біздер, қазақтар қалаға келіп, малдың қадірін ұмытып бара жатырмыз ғой. Бәріміз де ауылдан шықтық қой. Сиырдың сүтін ішіп, етін жеп, күш-қуат алған адамның бірімін. Түсіруші топтың жігіттері ауыл тіршілігінен хабары бар екен. Әлсіз тұсымызды көзімізге көрсетіп берді. Бұл адамды тазалыққа, имандылыққа үйрететін фильм екен. Қадамдарың құтты болсын, жігіттер», - деді фильмнің тұсаукесер салтанатында М.Әуезов атындағы драма театрының директоры Есмұхан Обаев ағынан жарылып.

Филология ғылымдарының докторы Сәрсенбі Дәуітұлы да алған әсерімен бөлісті. «Біреу әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтан: «Осы сіз үлкен абыройға қалай қол жеткіздіңіз?» - деп сұраған екен. Сонда ол: «Мені әуелі әйелім сыйлады, сосын көршілерім құрмет көрсете бастады. Одан кейін қоғамның, сосын әлемнің ықыласына бөлендім», - деп жауап беріпті. Қараңыздаршы, қандай ғанибет?! Мінеки, көрдіңіздер ме, мұсылман әйелдер ерлеріне қандай құрмет көрсеткен?! Қазақ әйелдері мұндай игіліктен кенде емес. Исламда күйеуінің ризалығын алған мұсылман әйелдің сыйы - Жәннат деген. Фильмде көргеніміздей, Нұржібек қарындасымыз күйеуінің қас-қабағына қарап, разылығын алуға тырысады. Бұл фильмнің жастарға берер пайдасы мол. Шал мен кемпірдің өнегелі өмірі бізге де сабақ болды», - деді жазушы-ғалым С.Дәуітұлы.

Қысқасы, көп естігеннен бір көрген артық. Тіршілігі мен құлшылығын қатар алып жүретін Мұса ақсақал мен Нұржібек апаның қайғысы мен қуанышына ортақтасқыңыз келсе, «Бір кем дүниені» көріңіз.

Байқожа БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

P.S.

2013 жылдың 7 наурызынан бастап еліміздің кинотеатрларынан «Бір кем дүние» фильмі көрсетіле бастайды.

Көңілге көп ой салар кинодан құр қалмаңыз. Байланыс телефондар: + (727) 313 14 89, 8 777 677 25 78, 8 707 836 33 93

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1067
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 953
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 705
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 805