Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2791 0 пікір 11 Тамыз, 2009 сағат 11:05

Орыс-гүржі текетіресі ушығып барады

Қыркүйек айында Еуро Одақтың арнайы комиссиясы былтырғы тамыздағы Ресей мен Грузияның арасында бес күнге созылған соғыс туралы есебін жария етеді. Осы күнге дейін соғысты кімнің бастағаны дауға айналып келеді. Кейбір мамандар комиссия өз есебінде барлық кінәні Михайл Саакашвилиге артады деседі. Дегенмен, Мәскеудің оның шамына тигені де леп қойыла айтылатын әңгіме болатын секілді. Еуро Одақ комиссиясының есебінен бұрын Тбилиси 190 беттік өз есебін жариялады. Онда «өткен жылы Ресей кең көлемді соғыс қимылдарын бірінші болып бастағаны» айтылады. Ал Ресей болса 150 танк пен брондалған машиналарға мінген орыс әскерлері Оңтүстік Осетияға грузиндердің Цхинвалға шабуылынан бұрын кіргенін ешкім дәлелдеген жоқ. НАТО мен ЕО сарапшылары ондай айғақ таба алмады деп соғысты Грузия бастағанын айтуда. Әрине, бес күндік соғыс төңірегінде ақпарат айдынында мылтықсыз майдан жүріп жатыр. Әркім өзін ақпын дейді. Бірақ, бейбіт тұрғындардың тынышын кетіріп, жазықсыз қан төгілуге кім кінәлі екенін тарих өзі-ақ таразылайды. Ал біз бүгінгі күннің биігінен ғана көз салып, талайдың тынышын кетірген дау-жанжалдың жаңғырығы жеткен жерін аздап шолып өтсек.

Қақтығысқа дейін Грузия экономикасы жылына орташа 10,5 пайыз өсіммен жедел дамыды. Ішкі жалпы өнім 12,6 млрд. долларға жетті. Соғыстан кейін өсім 2,1 пайызға дейін құлдырады. Орыстар бұл елдің экономиасының қарқынды өсімін соғыспен тоқтатты десе де болғандай. Елді экономикалық тұрғыда тұралату үшін біраз уақыт жолдарды жауып, инфрақұрылымға зиян келтірсе жетіп жатыр. Грузияның ауыл шаруашылығы мен туризмі көп зардап шекті. Ең қиыны тұтынушылар мен шетел инвесторларының сенім индексіне селкеу түсті. Соғыстан үркіп көшкен 160 мың адам, соның ішінде мүлдем өзге елде қалып қойған 30 мың адам демографияға айтарлықтай нұқсан келтірді. Соғыстан соңғы жарты жылда сауда айналымы 30 пайыз азайды. Әйтеуір, Ресейді іштей ұната бермейтін инвесторлардың арқасында гүржілердің экономикасы құламай қалды. 2007 жылы шетел инвестициясы 1,65 млрд. доллар болса, 2008 жылы 1,2 млрд. доллар болды. Бұл да жаман көрсеткіш емес. Дүниежүзілік банктің есебі бойынша 2009 жылы Грузия экономикасы 1,5 пайызға азайған. Бұл Ресеймен салыстырғанда түк емес. Онда экономикалық өсім 10 пайыз құлдыраған.

Ресей бұл соғыста жеңгенімен көп нәрседен ұтылды. Билікке жақын саясаткерлер Абхазия мен Оңтүстік Осетияда бейбітшілік орнатуға қол жеткіздік деп мақтанады. Бірақ Ресей енді экономикасы артта қалған Оңтүстік Осетияны өзіне масыл қылатынын айтуға дәттері бармайды. Грузиямен 20 жылға тарта қақтығысып жүріп тәуелсіздік алған Оңтүстік Осетияда айналдырған 60 000 халқы бар. Олар Ресейден алмаса, берері жоқ. Оның үстіне Ресей әркімнің ісіне араласамын деп жүріп от басқандай: әлем Ресейдің «айбарлы» әскери техникасының әбден ескіріп кеткенін көрді. Оның үстіне Ресей мен Никарагуадан басқа ешкім де тәуелсіздігін мойындамаған Абхазия мен Оңтүстік Осетияны қаласа да, қаламаса да енді Ресей «бағып-қағады». Шынын айтқанда, қазір осы екі елдің шекарасын да Ресей қорғайды. Демек, олардың тәуелсіздік туралы тәтті қиялдары желге ұшты деген сөз.

Ал бұл қақтығыс осымен тәмам бола ма? Жоқ, деп кесіп айта аламыз. Өткенде ғана Оңтүстік Осетияның президенті Эдуард Кокойты Ресейді өздеріндегі әскерилер санын 1500 адамға көбейтіп, гүржілердің қысымына төтеп беретін «қаһарлылау қарулар» жіберуге шақырды. Әрі оған қолдау тапты. Ол бұл айматақғы тыныштықты сақтау үшін керек дейді. Десе де орыстардың өзі оған толық сенбейді. «Әлемдік саясаттағы Ресей» атты мәскеулік сыртқы саясатқа арналған журналдың редакторы Федор Лукьянов Кокойты өзін Ресейдің ең жақын одақтасы ретінде көрсеткісі келгенімен оған толық сенуге болмайды деп санайды. Оның ойынша, жергілікті билік жаңа қақтығысқа мүдделі болуы мүмкін. Сарапшылар, Ресей Грузиямен соғыса отырып НАТО-ның бұрыңғы Кеңестер Одағына құлашын жайғызбай тастады деседі. Бірақ бұл үлкен жетістігінің өзі ғұмырлы болуы екіталай. Ресей Путин армандап жүргендей әлемге өз дегенін жүргізетін айбары мемлекет бола алмайды. Гүржілерге жұдырығын түйіп сөйлейтін Путин де, Медведев те қазірше халықаралық қауымдастықтың пікірін елемейтін түр көрсетеді. Дегенмен, олар тым астамсып кете алмайынын түсінеді. Егер орыстар гүржілерге деген басқыншылық саясатын өзгертпесе күзге қарай халықаралық санкциялар күшіне енеді. Қазірдің өзінде экономикалық қиындықтарға ұрынып отырған Ресейге бұл ауыр соққы болып тиеді.

Бек Датұлы. «Абай информ»

0 пікір