Жексенбі, 19 Мамыр 2024
1321 0 пікір 31 Қазан, 2022 сағат 12:54

Елімізде 9 айда 2075 адам жоғалып кеткен

2022 жылғың 9 айында Қазақстанда 2075 адам жоғалған. Хабарсыз кеткен адамдарды іздеу барысы туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Нұрлан Темірбаев мәлімет берді.

«Қазіргі уақытта жоғалған адамдарды іздестіруде заманауи техникалық құралдар тиімді пайдаланылуда. Дегенмен техникалық құралдарды пайдалану туралы ақпарат құпия яғни жариялауға жатпайды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық сатистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметі бойынша биыл 9 айда 2075 адам хабар-ошарсыз кеткен. Оның ішінде 1189 адамның қайда жүргені анықталды, ал қалған 801 адамды іздеу жалғасып жатыр», - деді Нұрлан Темірбаев ҚР ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл елімізде 9 айдың ішінде 186 кәмелет жасына толмаған бала және жасөспірімге іздеу жарияланды.

«Бүгінде 176 хабар-ошарсыз жоғалған кәмелетке толмағандардың мекені анықталды. 6 жасөспірімге іздестіру әлі жүріп жатыр. Оның ішінде Шымкент қаласы – 2, Алматы қаласы - 1, Алматы облысы – 1, Жетісу облысы – 1, Түркістан облысы - 1 жасөспірім», - дейді ол.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2149
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2555
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2377
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661